EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 44

¹ 6( 6) 2015 Ïåäàãîãèêà
ЧУШЕКОВА АЙМАН АХМЕТОВНА
Семей қаласының № 34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
ИКЛАСПАЕВА ЖАНАР СЕЛЬСОВЕТОВНА
Семей қаласының № 34 орта мектебінің математика мұғалімі
Мақалада мектеп оқушыларына білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған. Авторлар білім берудегі инновациялардың түрлері мен тәсілдеріне шолу жасайды.
Статья освещает тему использования инновационных технологий в обучении учащихся средней школы. Авторы описывают виды и методы инновационных образовательных технологий.
In this article referred the importance and benefits of using of innovative technologies in the education of school children. Authors made overview to different types of innovation in education.
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әр сабақ- мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бірсарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі.
" Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз " деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технология мақсаты- оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Пәнді оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттарына тоқталсақ.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту- мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі- осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:- ассоциация;- бірлестік қызмет;- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі. Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С. Н. Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады: алдын ала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту. Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей( базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту- оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста( оқулықтар, компьютер, т. б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі( ОҰӘ). ОҰӘ- оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі; Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология- оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады,
42