EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 45

Ïåäàãîãèêà
мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы- мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды( бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын сабақта пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы- мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.
Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен білім ала алады.
Кезеңдеп оқыту технологиясы. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы- бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру- технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады. Жеке пәндік педагогикалық технология. 1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген. 2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;- қабілетті балаларды дамыту; Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы " гуманистік педагогика " мен " еркін тәрбие " идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
Өзіндік дамыту технологиясы( М. Монтессори). Мақсаттық бағыты:
¹ 6( 6) 2015
- жан-жақты дамыту;- жекелікті тәрбиелеу;- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты- оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л. В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі. 2. Д. Элькони- В. Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони- Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отыра құрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады. Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады. Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру- қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы. Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
- Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;- Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;- Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;- Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. Еліміздің болашағы, көркеюі, өркениетті елдер қатарына қосылуы, білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақтың қолында және осындай ұрпақ тәрбиелейтін жаңа технологиялармен қаруланған білімді, өрісі кең ұстаздардың алақанында.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологий.- М., 1989 2. Елубаев С. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Жалпы бөлім.- А., 2006 3. Матрос Д. Ш., Полев Д. М., Мельникова Н. Н. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий.- М., 2001
43