EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 43

Ïåäàãîãèêà
қалғандары жалған болғандықтан жорамалдап табу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды, Кейде мұндай тестілер оқушының шығармашылық қабілетін арттырмайды. Сонымен қатар ұқыпсыздықтың нәтижесінде немесе елеусіз қате жіберу нәтижесінде дұрыс жауабын көрсете алмаған оқушы мен түк білмей, көріпкелдікке салынған оқушы арасын аша алмайды. Тест әдістемелік жағынан сауатты құрылған болса, оқушылар білімін көтеруге ықпалын тигізеді, оқушылар жинақтылыққа, еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелейді. Осындай бақылау жұмысы оқу процесінде үздіксіз жүргізіліп отырса, оқыту нәтижелерінің сапалы болуы сөзсіз.
Сапалы сабақ өткізу үшін сабақтың түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін: 1) Сабақтың мазмұны. 2) Сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау. 3) Сабақтың нәтижелігі. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім- оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі- оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда нақты тапсырмаларды көрсетіп, содан кейін әр оқушыға жеке тапсырма берілсе, сабақтың тиімділігі арта түседі. Мысалы: Paint редакторында жұмыс жасаса, мынадай тапсырмалар бойынша жұмыс жасауға болады: 1- тапсырма. Сызық( линия) құралын пайдаланып, өрмекші торын салыңыз. Жұмыс істеп ұзақ, Өрмекші құрды тұзақ, Болмады бірақ күткені, Оған ешкім түспеді 2- тапсырма. Әр түрлі эллипс құралдарын пайдалана отырып, бұлттардың суретін салып боя. Бұлт-ау, Көктен төнесің, Қайдан көшіп келесін?- Мұхит жақтан келемін, Жел үрлесе, желемін. 3-тапсырма. Қисық сызық қолдану арқылы салыңыз. Қисық сызық қолданып, Салып көшір ойланып,
¹ 6( 6) 2015
Дөңгеленіп жіп жатыр, Шиыршықталып, шырмалып. 4- тапсырма. Эллипсті пайдаланып, жұмбақтың шешуін табыңыз. Тоғайда оны көргенде, Таң қаламын түріне, Жапырақтай жап- жасыл, Созылады жүргенде. Құстар әуес өзіне, Таба қойшы бұным не? Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауды жете біліңкіремейді. Сондықтан оларға өз бетінше жұмыс жасауға мәжбүр болатын жағдайда тудырған абзал:
- Оқушы қызығушылығын арттыратын тиімді әдісті пайдалану;- Өз ойын жеткізуге мүмкіндік жасау;- Оқушының қабілетіне сай деңгейлік тапсырмалар беру... Осындай жұмыстарда жұмыстың орындалуы мұғалім тарапынан қатаң түрде қадағалау тиіс.
Жаңа мыңжылдық- бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау- бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыр. Қазақстан Республикасында ғылыми- техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енеді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі, осы мәселені шешудегі басты рөлі мектепте жүктеледі. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұның түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне елеулі бүкіл оқу- әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыру.
Мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндетті- ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестеріне меңгеру, оқу барысында кеңінен қызмет ету сапасында да өзін- өзі көрсете, дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің ақпараттық бейнесін жасауға көп жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
41