EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 42

¹ 6 ( 6 ) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақалада мектеп оқушыларына білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған . Автор білім берудегі инновациялардың түрлері мен тәсілдеріне шолу жасайды . Тиімді инновациялардың бірі ретінде деңгейлеп оқыту технологиясын ұсынады . Сонымен қатар сабақ барысында мультимедиялық құралдарды қолданудың маңызы туралы баяндайды .
Статья освещает тему использования инновационных технологий в обучении школьников . Автор описывает виды и методы инновационного обучения . Подробно рассказывает о технологии разноуровневого обучения , как об одном из эффективных методов инноваций , применяемых на сегодняшний день в средней школе . Также описывает пути применения мультимедийных инструментов во время урока .
МАМЫРХАНОВА ШЫНАР САНАТБЕКҚЫЗЫ
Аягөз қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің физика және информатика пәндерінің мұғалімі
In this article referred the importance and benefits of using of innovative technologies in the education of school children Author made overview to different types of innovation in educating and prefers the spilt-level training as one of the most effective innovations . At the same time , says about the importance of using multimedia tools in training .
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІ МЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
" Адам ұрпағымен мың жасайды " - дейді халқымыз . Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді . Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу . " Надан жұрттың күні - қараң , келешегі тұман ", - деп М . Дулатов айтқандай , егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ . Сусыз , құрғақ , таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты , жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді , өнбейді . Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндеті - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру .
" Қазақстан - 2050 " атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі - жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу , олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу . Сондықтан , мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді . Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады . Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне назар аударған жөн . Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - деңгейлік саралау , сондай - ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын . Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты : әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді .
- Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып , білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді .
- Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға , олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
- Деңгейлеп - саралап оқыту құралымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі деңгей ( базалық ), бағдарламалық , күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін : а ) жеке тұлға ерекшеліктеріне , б ) психологиялық даму ерекшеліктеріне , в ) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын . Осы деңгейлеп оқыту технологиясын өз тәжірибемде қолданып , қазіргі білім кеңістігінде қолданып отырған тест жүйесін алып , " Информатика сабағында тест әдісі
мен түрлерін қолдану " тақырыбында білім беріп келемін . Себебі тес түрінінің тиімділігі оқушы өз шамасының келгеніне дейін жауап беріп , сонымен қатар өткен тақырыптарды да қайталай отырып нәтиже оңай шешіледі . Осы тиімді нәтижелерді ескере отырып , оқушы білімін мына әдіспен бағалауға болады . Ал оқыту нәтижелерін , оқушылардың алған білімін , іскерлігі мен дағдыларын әр бір оқушыға жекелеген тапсырмалар арқылы тексеру мен бағалау пәнді оқыту процесінде ең маңызды орын алады Осыған байланысты оқушының білімін тексерудің бірнеше түрлерін атауға болады : - Тақырыптық бақылау . - Тараулар бойынша жиі - жиі бақылау . - Қорытынды бақылау . Осы бақылаулар арқылы білімдерін тексеру кезінде мынандай : - Сөзжұмбақ . - Таратпа материал . - Оқушының өзін - өзі бағалау . - Перфокарта . - Тест түрлерін қолданамын . Мысалы 5 - 6 сыныптарда 30 бала отырғандықтан , мен сабақты бәрінен сұрап үлгермеймін , сол себепті әр тақырып бойынша оқушының білімін тексеруге - қауіпсіздік ережесінен бастап барлық тақырыптарға таратпа материалдар қолданамын . Оның көмегімен 15 - 18 бала материалмен жұмыс жасағанда , басқалары ауызша немесе компьютермен жұмыс жасайды . Әр материалмен жұмыс жасағанда оқушы білім деңгейін үнемі назарда ұстаймын . Қабілеті нашар оқушыларға жеңіл тапсырмалар қолданамын .
Тараулар бойынша жиі - жиі бақылау және қорытынды бақылау кезінде тест және деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеріп отырам .
Тест пен тапсырмалардың сапалығы оны құру жүйесін және оған енетін тапсырмалардың күрделігі мен қиындығына байланысты . Дәлірек айтқанда , тестік тәсілді қолданғанда оқушылардың білім дәрежесі мен сапасын анықтаудың дәлдігі тестке енетін тапсырмалардың , оның жауаптарының саны мен орындауға берілетін уақыттың қолдану мақсатына байланысты . Әрбір тесттегі жауаптардың тек біреуі ғана дұрыс ,
40