EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 38

¹ 6( 6) 2015
оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек- жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді болуын қажет етеді.
Оқушыларға жүйелі білім беруде әртүрлі технологиялардың әдістерін тиімді пайдалануға тырысамын. Кез-келген сабақта жаңа технологиялардың элементтерін пайдалану әр оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін, танымдық қабілетін, білім деңгейін дамытады.
Оқушылардың мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде оларды біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімдеймін. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Ойынды ұйымдастыру екі мақсатты көздейді:- Танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту.- Тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрбыларымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау, қабілетін, іздемпаздығын, сөздік қорларын молайтады. Дидактикалық ойындарды өткен материалдарды пысықтау кезінде, қайталау кезінде қолданған ұтымды. Мысалы: Дүниетану пәнінен " Табиғат " тарауын қайталауда топырақтың құрамын кестеге толтыр( су, ауа, саз, құм, шірінді), ана тілінен бөлімді қайталай кезінде, мақал-мәтел жаттаған кезде " Кім шапшаң?"- белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жарысын, " Сиқырлы қоржын "- мақал-мәтелдің жалғасын таптыру ойындарын өткізіп тұрамын. Бұл ойындар да балалардың мақал-мәтел жаттауға қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады.
" Зат есім " тақырыбын өту кезінде " Тізбек " ойынын ойнаған тиімді. Ойын шарты бойынша 1-оқушы бастап айтқан зат есімнің соңғы дыбысынан басталатын жаңа зат есім тауып айту тапсырылады. Сан есімді өткенде ішінде сан есімі бар өтірік өлеңдер құрастырып келуді
Ïåäàãîãèêà тапсырамын. Сонымен қоса, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуіне тоқталып өтсем,
INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында " V "- білемін; "- "- білмеймін; "+"- мен үшін жаңа ақпарат; "?"- мені таңқалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. Бұл әдісті дүниетану, ана тілі сабақтарын пайдаланған тиімді. INSERT- оқығанын түсінуге, өз ойынан басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
РАФТ стратегиясын қолдануда тиімті. Мысалы, " Қарға мен бұлбұл " деген диктант жазған кезде, мысалдың соңғы сөйлемі " Бірақ олар сауық кешіне бұлбұлды шақырмады " деп аяқталады. Оқушылардан неге? деп сұрауға болады, сол сияқты көп әңгіменің ортасынан тоқтатып, әрі қарай оқиғаны жалғастыруын талап ету. Міне, осындай жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлелдер айта білуге жетелейді.
Математика пәнінен көбейту кестесін жаттағанда, немесе логикалық тапсырмаларды орындағанда, бірлесе ақылдаса отырып шығарғанда, талдауға берілген мәтіндерді қолданғанда, берілген мәтінді оқып, сұрақ қою, тақырыбын табу мақсатында ұжымдық оқыту технологиясының элементтерін де қолданамын.
Қорытындылай келгенде, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабында: " Әркімнің шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі " делінген. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп, қуанышқа бөленеді. Берілген тапсырманың мақсаты мен міндеттерін түсініп, мақсатқа жетуге қажетті іс-әрекетті таңдай біледі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде: " Қазақстанның болашағы- білімді ұрпағында " деген. Еліміздің ертеңі жарқын да нұрлы болуы үшін шығармашыл, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру- баршамыздың алға қойған басты міндетіміз. Оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақты мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы / / Қ. М,- № 1, 2011. 2. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологий.- М.: " Педагогика ", 1989. 3. Кларин М. В. Технология обучения: идеал и реальность. Рига, Эксперимент, 1999. 4. Кузмина Н. В. Методы исследования педагогической деятельности.-Л,: ЛГУ, 1970. 5. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ", Астана, 2007. 6. Инновационное обучение: стратегия и практика. / Под. ред. В. Я. Ляудис.- М.: Изд-во МГУ, 1994. 7. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под ред. Н. В. Горбуновой. М.: Новая школа, 1995.
36