Ïåäàãîãèêà
¹6 (6) 2015
Мақала бастауыш мектеп оқушыларын жаңа педагогикалық
технологияларды қолдана отырып оқыту мәселелеріне арналған.
Мақала бастауыш мектеп ұстаздары мен әдіскерлерінің назарына
ұсынылады.
Статья посвящена вопросам обучения учащихся начальной школы
инновационными педагогическими технологиями. Статья будет
интересна учителям и методистам начальной школы.
МАМАЖАРОВА
ЭЛЬМИРА КАНАТОВНА
An article is devoted to questions of educating elementary school's pupils
by innovative pedagogical technologies. The article will be interested to el-
ementary school teachers and methodologists.
Семей қаласының №31 жалпы
орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП,
ОҚУШЫ ЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында:
"Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практик а
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" - деп білім
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл
міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-
әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер
жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер
кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен
қатар мектептегі оқу - тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы
арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды
ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп
отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі.
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір
жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты
енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу
маңыздылығы Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В.
Лоренсов, М.М. Поташник, П.И. Пидкасистый, Л.И.
Романова, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова,
О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде
қарастырылған.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі
- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім
парадигмасына
сүйене
отырып,
біз
оқыту
технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз
қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды
белсенділікпен енгізіуіміз керек.
Еліміздің болашағы керкейіп өркениетті елдің қатарына
қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім
беру саласындағы мәселе - әлеуметтік-педагогикалық
және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны
өмірде пайдалану.
Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам
мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени
дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін
қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен
оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.
"Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың
болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап
алатын уақыт жетті" деп көрсетілген
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылына арналған стратегиялық
бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды
кемелдендіру ел болашағы - жас ұрпақты жаңа
инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім
негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
Соңғы кезде білім беру саласында жаңа үдеріс -
педагогикалық инновация орын алды. "Инновация"
ұғымы
ең
алғаш
рет
ХIХ
ғасырда
мәдениеттанушылардың зерттеулерінде қолданылды.
Инновация (латын тілінен "жаңа, жаңалық, жаңарту")
бұрын болған нәрсенің ішінде жаңа нәрсенің пайда
болуын, дамуын білдіреді. С.Ожеговтың сөздігінде
инновация ұғымына мынадай анықтама беріледі:
"Инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада
пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алға ш
ашылған, бұрыннан таныс емес, енгізілген жаңалық".
Э.Роджерстің пікірінше: "Инновация - нақтылы бір
адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация
- арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан міндеттеріміздің жүйелі
түрде жүзеге асырылуын күтеміз" дейді.
Сонымен, инновация мәселелерімен айналысып
жүрген бірқатар ғалымдардың осы ұғымға берген
анықтамаларын талдай келе, біз инновация -бұл белгілі
бір уақыт аралығында жаңашыл идеяны қайта қарау,
жаңалау деп анықтама бергенді жөн көрдік. Осыны
негізге ала отырып, инновацияны - "жаңалық", "жаңа
әдіс", "өзгеріс", ал инновациялық үдерісті - "жаңа
әдістеме енгізу құралы" деп анықтауды дұрыс деп
ойлаймыз.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының
дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан
бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың
алғашқы баспалдағы.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқытуды
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді
міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа
инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге
деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың
білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа
талаптар қойылуды. Сол себепті оқытудың әр түрті
технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне
енгізілуде. Педагогик алық технология бойынша
35