EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 10

Á IËIÌ ¹6 (6) 2015 ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI Мақала қазіргі таңдағы білім беру үрдісінің өзекті бағыты - шет тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін үйрету мәселесіне арналған. Авторы шет тілдерін жоғарғы оқу орындарының жанынан ұйымдастырылатын жазғы курстар мен арнайы лагерлер аясында оқытуды ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды. Солтүстік Кипрдегі Шығыс Жерорта теңізі университетінің шет тілдерін үйретуге бағытталған Халықаралық жазғы лагерін тілдік курстарды ұйымдастырудың үздік халықаралық тәжірибесі ретінде үлгіге ұсынады. МАМЫРБЕКОВ АРАФАТ МАЖИТҰЛЫ т.ғ.к., "Erudit" білім беру- ғылыми орталығының директоры к.и.н, директор Образовательно-научного центра "Erudit" Статья посвящена актуальному направлению современного образования - обучению иностранным языкам, в том числе английскому языку. Автор рассматривает вопросы организации обучения языкам в рамках специализированных курсов и летних лагерей, организовываемых при высших учебных заведениях. В качестве наиболее успешного примера международного опыта по организации обучения языкам автор приводит Международный летний лагерь Восточно-Средиземноморского университета Северного Кипра. An article is devoted to actual direction of modern education - teaching foreign language including the English language. An author considers questions of orga- nization of teaching languages within special courses and summer camps, which are organizing under institutes of higher education. The author gives an Interna- tional summer camp of Eastern Mediterranean University of the Northern Cyprus as the most successful experience in organization of teaching languages. ARAFAT MAMYRBEKOV Candidate in historical sciences, Director of Educational and research center "Erudit" МҮЛТІКСІЗ МЕНЕДЖМЕНТ: ШЫҒЫС-ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ - ТІЛ ОҚЫТУ КУРСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҮЗДІК ҮЛГІСІ Қазіргі таңда көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілдерді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл, ең алдымен, халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқарады. Шет тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени дамуының қайнар көзі. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілі тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етудің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы, әлеуметтік- экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әрбір қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керектігін, 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар санын арттыру қажеттілігін үнемі айтуда. Сәйкесінше, елімізде орта білім беру мектептерінде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытылатын болды. Тіпті балабақшалардың өзінде ағылшын тілінде сөйлеуді, оқуды үйретеді. Кейінгі жылдары еліміздің экономик амыздың нығаюына орай, ата-аналар арасында мектеп жасындағы балаларын шетел университеттеріне ағылшын тілін үйрену үшін жазғы мектептерге жіберу тенденцияға айналды. Қалтасы көтеретіндері Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия сияқты елдердегі ағылшын тілді мемлекеттерге жіберуде. Ал орта тап өкілдері үшін бұл мемлекеттерге балаларын жіберу қол жетімсіз. Қазіргі таңда, бұл елдермен қатар, бұрынғы 8 АҚШ немесе Британия отары болған мемлекеттерде тіл оқыту тиімді болып отыр. Себебі, ол мемлекеттер ұйымдастырған жазғы ағылшын тілі курстарының құны аталған мемлекеттердің әлдеқайда төмен. Олардың арасынан аталған