EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 11

ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
әлемнің 35 елінен, халықаралық тәжірибесі бар, жоғары деңгейдегі дайындықтан өткен 1100 оқытушы кіреді.
Университетке оқуға түсетін әрбір студент бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуын бастамас бұрын Университеттің шет тілдері және ағылшын тілі дайындық курстарының жоғарғы мектебінде өз ағылшын тілін жетілдіре алады. Жоғарғы мектепте оқу ұзақтығы жарты жылдан бір жылға дейін. Жоғарғы мектепті тәмамдаған студент Edexcel халықаралық үлгісіндегі сертификат алады. Шығыс-Жерорта теңізі университетінде білім алуды қалайтын жастар үшін мемлекеттік қолдау негізінде жүзеге асырылатын шәкіртақылық бағдарламалар жұмыс істейді. Шәкіртақылық бағдарлама студенттің оқу ақысын тиімді түрде төлеуіне жағдай жасайды әрі оқу ақысын төлеуге 50 %-ға дейін жеңілдіктер ұсынады.
2011 жылдан бастап магистратура студенттері жоғары білім туралы 2 диплом алып шығу мүмкіндігіне ие. Оның бірі- Уоруик Университеті( Warwick University) ұсынатын диплом. Шығыс-Жерорта теңізі университетінде " инженерлік бизнесті басқару " және " логистикалық жүйе " магистрлік бағдарламалары бойынша Уоруик Университетінің халықаралық ресми орталығы орналасқан. Шығыс-Жерорта теңізі университетінің дипломымен қатар Британия дипломын алып шыққысы келетін кез келген студент алғашқы оқу семестрінен кейін өтініш білдіріп, Уоруик Университетінің магистратурасына түсе алады. Уоруик Университеті Ұлыбритания университеттері рейтингінің алғашқы ондығына кіреді.
Шығыс Жерорта теңізі университетінде оқу қазақстандықтар үшін жылына шамамен 2500 доллар, Бұл елдің басты артықшылығы- виза алу қиын емес әрі білім сапасы жоғары, сонымен қатар оқу бағасы да қолжетімді.
Шығыс Жерорта теңізі университетінде шетелдік білім алушыларды құрылыс пен инженерлік іс, сондай-ақ бизнес, құқық, гуманитарлық мамандықтар( мәселен, " Визуалды өнер және дизайн ", " Радио және фильм " сияқты заманауи мамандықтарды да) оқытады. Бұл университеттің кейбір факультеттері- өз аймағы бойынша үздік саналады. Білім нысандарының сапасы, ресурстары мен оқытушылар құрамының сапасын бүкіл әлем мойындайды. Жалпы өзге елдерден келетін студенттерді қуана қарсы алады. Мұны статистика да дәлелдей түседі: елдегі жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің жартысынан астамы- шетелдіктер. Университеттің 90 % оқу бағдарламалары ағылшын тілінде. Бұл да өз кезегінде шетелдік студенттер үшін тартымды болып отыр. Ал тіл үйрететін курстарға түсу оңай- 17 жасқа толсаңыз және толық орта білім мектебін бітірсеңіз болды, басқа талап қойылмайды.
Бұл елдің ең бір артықшылығы, Солтүстік Кипрда түрік тілін үйренуге де жағдай жасалған, диплом алған кезіңізде ана тіліңізбен қатар, ағылшын, түрік тілін жетік меңгеруге толыққанды мүмкіндігіңіз бар. Университет кампусы жайлы да толыққанды өмірге қажеттінің бәрін ұсынады: оқуға қолайлы оқу корпустары,
¹ 6( 6) 2015
спорттық ғимараттар мен алаңдар, ресторандар, кафе мен клубтар, бос уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі және т. б. қарастырылған.
Шығыс Жерорта теңізі университеті техникалық және әкімшілік базаларын жабдықтау үшін, зерттеулер жүргізіп, шетелден мамандар шақыру үшін үкіметтен қомақты қаражат алады. " Интернационалдық көрсеткішін " арттыру үшін әрі халықаралық рейтингтердегі беделін көтеру үшін мемлекет қаражат аянып қалмады. Бұл, қазіргі таңда өз жемісін беріп отыр. Бұл елде білім берудің халықаралық стандартын Түркия Республикасының білім министрлігі мұқият бақылайды. Университет және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік бағдарламаларының арқасында студенттер ең үздік әлемдік оқу орындарының дипломдарын ала алады. Сіздерге осы Шығыс жерорта теңізі университетінде ұйымдастырылатын халықаралық тіл мектебі жайында сөз қозғамақпыз.
Жыл сайын шілде айынан қыркүйек айының ортасына дейін Шығыс-Жерорта теңізі университеті студенттерінің саны мен курстарының көлемі бойынша бірегей Халықаралық жазғы мектеп ұйымдастырады. Жазғы мектеп Университет кампусында әрі теңіз жағасындағы демалыс кешенінде өткізіледі. Халықаралық жазғы мектепте ағылшын тілінен түрлі
жас ерекшеліктері мен түрлі тілдік деңгейлерге арналған мамандандырылған әрі жалпы тіл оқыту курстары жүргізіледі. Жазғы мектепте ағылшын тілімен қатар түрік, грек, неміс және француз тілдерінің курстары да ұйымдастырылады. Мамандар, студенттер мен оқушылар жазғы демалыс айларында " бизнес негіздерінен " бастап, " су асты әлемі мен теңізді мекендеушілер тіршілігіне " дейінгі басқа да түрлі оқыту курстарынан өту мүмкіндігіне ие болады. Шығыс- Жерорта теңізі университеті қысқы, көктемгі және жазғы семестрлер уақытында әлемнің түкпір-түкпірінен ғылыми тағылымдамадан өткісі келген магистранттар және докторанттарды қабылдайды.
Кампус аумағы толығымен автономды, тамаша инфрақұрылыммен жабдықталған. Жайлы жатақханалардағы бөлмелер екі, үш және төрт адамның тұруына есептелген. ШЖУ жатақханасы көптеген мемлекеттерден келген студенттермен кездесіп, тілдесуге, араласуға мүмкіндік беретін тамаша орын. Жатақханадағы әрбір бөлме сымсыз интернет желісімен және тұрмыстық құралдарымен жабдықталған. Университет кампусындағы жатақхана 2 санатқа бөлінеді: стандартты және жеке.
Жеке жатақханалардағы бөлмелер 3 адамға дейін тұруға есептелген. Жатақханалар ыңғайлы жиһаздармен және қолайлы инфрақұрылыммен жабдықталған көпфункциялы кешен қызметін атқарады. Кешеннің аумағы көгалдандырылған, айналасында жабын-
9