Ïåäàãîãèêà
¹6 (13) 2016
- Елтаңбаның жоғары бөлігінде не бар?
- Бес бұрышты жұлдыз.
- Ал төменгі бөлігінде?
- Қазақстан деген жазу бар.
- Олар қандай түсті?
- Олардың барлығы алтын түстес.
Екі оқушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы диалогты жатқа айтады.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?
- Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
болып табылады.
- Мемлекеттік Ту туралы айтып берші!
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.
Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Видео көрсетіледі - "Көк тудың желбірегені!"
Ән айтылады - "Туған жер"
Екі оқушы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласына саяхатқа шығады. Экраннан Астана қаласы
көрсетіледі
- Бұл қай қала?
- Бұл-Астана қаласы
- Астана қандай қала?
- Астана әдемі қала. Қалада кең көшелер, биік ғимараттар, қонақ үйлер, спорт кешендері, саябақтар, ескерткіштер
бар.
- Мына ескерткіш кімдерге арналған?
- Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле биге арналған.
Сахналық көрініс: "Үш би"
1. Мен ұлы Жүздің биі-Төле би боламын. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырларымен бірге халық майданын
құрып, азаттық жолында күрес жүргіздік. Есімім бүкіл қазақ тарихына мәлім.
2. Мен Орта Жүздің биі - Қазыбек би боламын. Абылай хан тұсында
мемлекет басқару ісіне қатыстым. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырдым.
3. Мен Кіші Жүздің биі- Әйтеке би боламын. Тәуке хан тұсында үш Жүздің бірлігін, татулығын ойладым. Мені әділ
би, шешен, озық ойлы қайраткер деп таниды.
Оқушылар хоры "Әрқашан күн сөнбесін" әнін орындайды (қолдарына қағаздан жасалған көгершіндер, шарлар
ұстайды).
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1.
2.
3.
4.
Назарбаев Н. "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол", 2014 ж. 3-бет.
Құдайбергенова Г.С. "Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында", Алматы, 2006 ж. 6-бет.
Әбенбаев С.Ш. "Сынып жетекшісі", Алматы, 2001 ж. 65-бет.
Сәтімбеков Р. "Ұлы дала елінің ұланымыз", Тәрбие құралы №1 2016 ж
51