EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 52

¹ 6( 13) 2016 Ïåäàãîãèêà
Семей қаласының № 12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері
50
РАХИМОВА ГУЛЬНАР СОВЕТОВНА ЖАНБАГЫСОВА НУРИЯ КОНЫСБАЕВНА
Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту. Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл- күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені мектептің барлық топтарына тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем безендірілген. Шақырылған қонақтар мен сынып оқушылары орындарына жайғасады.
1-оқушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
2-оқушы: Қазақстанның байлығы көп. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік асқар тау, мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туыпөскен. Қазақстанның жері кең-байтақ. Біз өз Отанымызды сүйеміз. 1-оқушы:... Алтын жағып шауып өткен тұяққа, Жаным сенен жаратылған өлкемсің, Қандай жақсы қазақ болып туғаным! О, Туған жер! Тамашасың, Көркемсің. 2-оқушы: Еліміз тәуелсіздік алған соң Қазақстан Республикасы өз рәміздерін қабылдады. " Ұлы ән "( Әжесі мен немересінің диалогы)-Апа, айтшы маған, Елім менің қашан Туын желбіретіп, Орындатты ұран?-Тәуелсіздік алған, Егемендік заман Көк байрақ пен Елтаңбам Елде туды Ұлы ән. Әннің сөзін жазған, Жұмекен мен Нұрсұлтан, Әніменен Шәмшінің Орындайды әр ұлан. Азат болды далаң, Жарқырады Заман. Қазақ елі- Отаның, Есте сақта, балам! 3-оқушы: Тарихы терең халықпыз кемел тағлымы, Аласапыран басынан өткен тағдыры. Тарихын біліп, құрметтей алса әр қазақ
Ұсынылып отырған тәрбие сағаты оқушыларға патриоттық беруге және олардың қоғамдық-саяси дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Сабақ жоспары орта мектеп мұғалімдеріне, арнайы орта оқу орындарының оқытушыларына арналады.
Данная методическая работа представляет собой разработку классного часа, направленного на патриотическое воспитание учащихся и развитие их общественно-политического кругозора. Разработка урока будет интересна учителям средних школ и преподавателям средне-специальных учебных заведений.
This methodological work is an example of the lesson aimed at patriotic education of students and the development of their social and political outlook. The design of lesson will be interesting to the teachers of the secondary school and teachers of specialized educational institutions.

МЕРЕКЕЛІК ШАРА: ТУҒАН ЕЛІМ- ҚАЗАҚСТАН

Еліне ізет, жеріне деген тағзымы. 4-оқушы: Көк туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолыма Менің Қазақстаным! Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған, Тәуелсіздік таңдары Бақ береді баршаға. 5-оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі. 6-оқушы: Көгінде күн нұрын төккен Жерінде гүл жұпар сепкен Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем. 7-оқушы: Алтын дәнді даласы бар Ақ күмістей қаласы бар Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем. 8-оқушы: Еңбегі ел шалқып, тасқан Ел еркіндеп бақыт тапқан Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Мерекеге жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұстарына апарып, әнұранды бірге шырқайды. Екі оқушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы диалогты жатқа айтады.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасында нелер бейнеленген?- Дөңгелек көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.- Шаңырақтың айналасында не бар?- Күн сәулесіндей жан-жағынан уықтар шаншылған.- Шаңырақтың оң және сол жағында нелер бейнеленген?- Аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.