Ïåäàãîãèêà
¹6 (13) 2016
8 сынып оқушыларының базалық химиялық білімі және пәндік қабілетін бағалаудың негізгі компонентіне
жататындар:
Негізгі химиялық білім:
1. Ұғымдар: зат, химиялық элемент, атом, валенттілік (тотығу дәрежесі), химиялық формула, химиялық реакция,
қатты заттардың мөлшері, бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары, химиялық байланыс түрлері,
кристалдық тор, кристалдық тор түрлері, химиялық реакциялардың жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік, электролит,
электролиттік диссоциация, тотығу - тотықсыздану реакциялары, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш,
органикалық заттар, органикалық қосылыстардың негізгі кластары, функционалдық топ, гомология, изомерлер.
2. Теориялар және заңдар: атом - молекулалық ілім, массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, периодтық
заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылымының теориясы, электролиттік диссоциация
теориясы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, органикалық қосылыстардың химиялық құрылымының
теориясы.
3. Нақты материал: заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, алу әдістері, заттардың қолданылуы, күкірт
айналымы, азота көміртегі, табиғаттағы оттегі.
4. Химия тілі: химиялық элементтердің белгілері, химиялық терминдер, бейорганикалық және органикалық
заттардың номенклатурасы.
5. Химия ғылымының әдістері: ғылыми функциялары (сипаттамасы, бақылау, модельдеу, болжау, талдау, синтез)
және химиялық (химиялық эксперимент).
6. Ғалымдардың қосқан үлесі: С. Аррениус, И. Берцелиус, А.М. Бутлеров, Д. Дальтон, М.В. Ломоносов, Д.И.
Менделеев.
Зияткерлік біліктілігі:
түсіндіру қабілеті
- химиялық реакция сипаты;
- заттың құрамы мен оның химиялық қасиеттері арасындағы байланыс;
- заттың құрылысы мен оның химиялық қасиеттері арасындағы байланыс;
құрастыру қабілеті
- валенттілігі немесе тотығу дәрежесі бойынша бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі класстарының
формулаларын;
- бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттерін және олардың алынуының химиялық реакция теңдеулерін;
- І-ІІІ периодтағы химиялық элементтердің атомдарының электрондық құрылысының схемасын.
Методологиялық біліктілікті бағалау:
меңгерілген әдіс тұрғысынан бағалау қабілеті
- адамның заттарды ұтымсыз пайдалануының арқасындағы қоршаған ортаның химиялық ластануы;
- табиғаттағы және адам өміріндегі химиялық процестер.
Химиялық - эксперименттік біліктілігі:
- химиялық ыдыстармен және қарапайым зертханалық құрал - жабдықтармен қолдана алу;
- қыздыруды, фильтрлеуді және кептіруді жүргізу;
- заттармен және олардың ерітінделірімен қауіпсіздік техникасын ескере отырып жұмыс жасау;
- ауаны ығыстыру арқылы және сутегіні, оттегіні, көміртегі (ІV) оксидін ығыстыру әдісімен алу және жинау;
- сутегіні, оттегіні, көміртегі (ІV) оксидін анықтау.
Коммуникативтік біліктілігі:
- заттарды молекулярлық формуласымен атау;
- химиялық реакция теңдеулерін оқу;
"- химия тілінде қарым-қатынас.
Есептеп шығару біліктілігі:
- заттардың формуласы бойынша химиялық элементтің массалық үлесін;
- еріген заттың массалық үлесін.
Символды - графикалық біліктілігі:
- заттардың формуласын және химиялық реакциялар схемасын бейнелеу;
- құрал - жабдықтарды бейнелеу.
Функционалдық сауаттылық коэфициенті КФ.С. мына формуламен есептелінеді [5]:
К Ф.С. = S/M
мұнда, S - оқушылардың меңгерген білім элементтері және дағдылар компонентінің саны,
M - тапсырмаларға еңгізілген (бақылау жұмыстарына) білім элементтерінің саны және дағды компоненттерінің
саны.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық (ОФС) деңгейін бағалау және баға қою жалпы жиналған балл негізінде
жүзеге асады:
Ықтимал жалпы ұпай
пайызы
(дұрыс жауаптар
пайызы)
100-90
89-65
64-50
49-0
К Ф.С. Баға ОФС деңгейі
1-0,90
0,89-0,65
0,64-0,50
0,49-0 5
4
3
2 жоғары
толыққанды
жеткілікті
жеткіліксіз
Жиналған балл саны рейтинг қағазына жазылады.
9 - сыныпта жүргізілген функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған тапсырмаларды бағалаудың критерийі
2 - кестеде көрсетілген.
Кесте 2. Функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған тапсырмаларды бағалаудың критерийлері.
47