EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 48

¹ 6( 13) 2016 Ïåäàãîãèêà
ОНТАГАРОВА ДИНАР РАХИМОВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің химия және география кафедрасының доценті, п. ғ. к.
46
ШЕРИЗАТОВА БИБИ АНАРБЕКҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты
Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылықтың өлшемдері және бағалау тәсілдері туралы айтылған. Мақала авторлары функционалды сауаттылық ұғымын, сонымен қатар жалпы ғылыми сауаттылық бағыттарын қарастырады. Мақалада оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудағы заманауи химия сабағының мүмкіндіктері қарастырылады.
В статье описаны критерии и методы оценки функциональной грамотности учащихся. Авторы статьи раскрывают понятие функциональной грамотности, а также описывает области естественнонаучной грамотности. В статье представлены возможности современного урока химии для формирования функциональной грамотности школьников.
The article describes criterion and methods of assessment of functional literacy of students. Authors of the article reveals the concept of functional literacy, as well as describes the field of natural science literacy. The article presents the possibilities of modern chemistry lesson for the formation of functional literacy.

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Функционалдық сауаттылық- адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым- қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады [ 1 ]. В. Г. Онушкин мен Е. И. Огарёвтің көзқарасын есепке ала отырып, іс- әрекеттінің табыстығын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылық келесі 4 компоненттен тұрады: 1) жалпы теориялық, арнаулы және қолданбалы қасиеттері бар білімдер; 2) іс-әрекет процесіне тартылған немесе сонымен түйіскен іс пен нақтылықтың нәрселік мәнісін түсіну; 3) қойылған мақсатқа сәйкес құралдарды таңдай білу және мақсаттың мазмұнына сәйкес іс жасай білу; 4) шеберлі іс- қимыл жасау және ой-пікірлерін айту дағдылары [ 2 ]. Функционалды сауатты оқушы- бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға [ 3 ]. Кесте 1. Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны [ 4 ]:
Функционалдық сауаттылық түрлері:
Оқу және жазу сауаттылығы
Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық
Компьютерлік сауаттылық
Математикалық сауаттылық
Құзыреттіліктері:
Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көргенбілгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу. Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық – саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады. Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту. Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудігі басты құралы ретінде көрінеді.
Денсаулық сауаттылық
Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық
Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң
күшіне сену т. б.