EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 46

¹ 6 ( 13 ) 2016
өз көзқарасын қалыптастыру : өзіндік тұжырым жасай алу , өзін-өзі бағалау , өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным , өзіндік қажеттіліктерді айқындау , өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады . Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты : педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп , олардың мәнін , алынған нәтиженің " дұрыс " не " бұрыс " болғанын дәлелдей алу , қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру , орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу . Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып , алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады . Көрнекті ғалымдар Ш . А . Амонашвили , В . И . Загвязинский т . б . педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады . В . А . Кан-Калик , А . В . Мурдик , т . б . маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық , шығармашылық , авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады . " Рефлексия - адамның өз істерінің мәнін түсіну , олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені , қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы ". Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады . Бұл - өзіндік сана , өзі-өзі ұйымдастыру , өзін-өзі талдау , өзін-өзі іске қосу , өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады .
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды , дарытуды әсте есінен шығармайды . Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан , олсабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс . Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді . Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау . Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз . " Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе , күнінде бір мәртебе , болмаса жұмасында бір , ең болмаса айында бір , өзіңнен өзің есеп ал ! " деген , біз өзімізге есеп бере отырып , іштей кемшілігімізді мойындаймыз , ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз . Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек : бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру , суреттер салу түрінде , ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер , диаграммалар , сауалнамалар толтыру , эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады . Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді . Мұғалімнің басты міндеті :
- оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы , ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау . Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы , ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді .
Сонымен рефлексия - көп қырлы , кіріккен әрекет . Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз . Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ , оқушы үшін - Рефлексия - оқушыны өз - өзіне есеп беруге баулиды ; - Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз ; - Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады ; - Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады ;
- Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады ;
- Өз - өзіне баға бере алады ;
Ïåäàãîãèêà
- Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды ; Мұғалім үшін : - Ақпаратпен күнделікті жұмыс ; - Шығармашылыққа деген ынта-жігері ; - Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру ; - Пәндік білім сапасының артуы ; - Өзіндік сынның қалыптасуы ; - Сыни ойлауға жетелеу ; Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу , зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады . Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың , диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады . Мысалдар келтіре кетсек : бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру , суреттер салу түрінде , кестелер , диаграммалар , сауалнамалар толтыру , эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады . Онда оқушылар алған білімдеріне , тапсырмаларына қорытынды жасап , пікір айтуға дағдыланады , ойын ортаға салды . Нәтижесінде оқушылар өз -өздерін реттейді . Жүйелі сөйлеуге , ойын ашық жеткізе білуге , талдау жасауға үйренеді . Сабақтың жақсы не жаман , мағыналы не мағынасыз , көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды . Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына , өзіне баға беруіне болады . Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады , сабақтың соңында әр тақырыптың соңында , сабақ этаптарының арасында , тарау соңында . Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек . Рефлексияның төмендегідей түрлері бар : - оқу материалының мазмұнының рефлексиясы - көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы - іс-әрекет рефлексиясы Рефлексияның бұл түрлерін жеке , топтық , жұптық түрде өткізуге болады . Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді . Мұғалімнің басты міндеті - оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы , ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау . Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы , ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді . Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек , ал ашып айтатын болсам , оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін , формаларын , принциптерін , нені ашу керектігін , қандай әдіс арқылы , қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу . Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті . Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат , нәтиже болады . Яғни , қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында " мен " болуы . Оқушының адами әлеуетінің өсуі . Өзін - өзі немесе " Менін " көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады . " Мен " тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді . Нәтижесінде " Мен " тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез- құлықтарымызды бағыттайтын , өзін -өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған . Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады . Ғұлама ғалым Әл-Фараби " Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты " деп ой түйген екен . Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады . Шынымен де , мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді . Сонымен рефлексия - көп қырлы , кіріккен әрекет . Бұл әрекет психологиялық
44