Ïåäàãîãèêà
¹6 (13) 2016
КУЛЬЖАНОВА АЙЖАН
ОРАЛХАНОВНА
САНИЯЗОВА АЙНАШ
МАМЫРХАНОВНА
ЖУМАХАНОВА НАЗЫМ
НУРГАЗИНОВНА
Семей қаласының №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Мақалада "рефлексия" ұғымы педагогика және психология тұрғысынан талданады. Оқыту процесінде
рефлексиялық әрекетті жүзеге асырудың түрлі әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Мақала орта мектеп
ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен
магистранттардың назарына ұсынылады.
В статье рассматривается понятие "рефлексия" с точки зрения педагогики и психологии. Описываются
различные методы организации рефлексивной деятельности в учебном процессе. Статья будет интересна
учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
The article explains a notion "reflection" from the viewpoint of pedagogics and psychology. The article describes meth-
ods of reflective activity organization at educational process. The article might be useful to the secondary school teachers,
methodologists and students in the master's programs of pedagogics.
РЕФЛЕКСИЯ - НӘТИЖЕЛІ
БІЛІМ АЛУДЫҢ БАСТАУЫ
Білім - бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив
?рекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген
педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық
д?режеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы
педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып
көрінгенімен, "білім" түсінігі көп м?нділігімен
ерекшеленеді. ?детте, бұл термин мазмұны жағынан
келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім -
жалпыадамзаттық құбылыс; білім - ?леуметтік м?дени
мұра; білім - жүйе; білім - педагогикалық процесс; білім
- н?тиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік
ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің
сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр.
Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін
жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны
қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу -
ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз
үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің
дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті
емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Қазіргі қоғамымызда
белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің
сапалы да жүйелі болғаны д ұрыс. Сондықтан білім
беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс
пен шығармашлықта жұмыстану талап етіледі.
Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын
оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп
отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына
байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын
орнының мәні артып отыр. Өзін-өзі дамытумен қатар
индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын
жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда
болды (Р. Декарт, Д. Локк). Жаңа дәуір философиялық
идеялары "өзіндік" және "Мен" ұғымдарына
бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "Мен"
құндылығы пайда болды. Рефлексия - адамды, білімді
дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі
кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер
қатарына жатады. Рефлексияның мәні - адамның өзінің
білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын
анықтау. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау
кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара
ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді
саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия
нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі
дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.
Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей
байланысты. Шығармашылық рефлексия - мақсатқа
жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен
жаңа мақсаттарға бастама бола алады. Сонымен,
шығармашылық рефлексия - жекетұлғалық құндылық
сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын
айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға
бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі
ресурстары арқылы ой қорытуы. Рефлексиялық
танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару
қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық,
білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың
өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның
мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі
43