Ïåäàãîãèêà
ортаңғы және алдыңғы болып бөлінеді. Ең белсенді
тілдің ортаңғы және алдыңғы бөліктерінің ұшы мен
шеттері. Дыбыстардың таза шығуы тілдің осы
бөліктерінің жұмыстарына байланысты.
Дауыссыз дыбыстарды шығаруда тілдің қай бөлігі
белсенді болса дыбыстарды да солай бөледі.
Тілалды дыбыстар: [ т, д, н, х, р, ш, ж, ч, щ, с, з, ц]
Тілортасы дыбыстар: [й]
Тіларты дыбыстар: [к, қ, г, ғ, х]
Тілдің алдыңғы бөлігі және ұшының қимыл- қозғалысы
белсенді болып келеді.Тілдің ұшы [ с, з, ц] дыбыстарын
айтқанда тістің артына тіреліп,[ т, д,н] дыбыстарын
айтқанда үстіңгі тістің артына көтеріліп, [ л] дыбысы
кезінде үстіңгі таңдайға жабысып, [ р] дыбысында тілдің
ұшы таңдайға тіреліп шығарылған ауа арқылы діріл
пайда болады.
[ с,з,ц] дыбыстарын айтқанда тілдің ұшының
қатысынсыз- ақ тілдің арқасының алдыңғы бөлігін
таңдайға көтеру арқылы қуыс жасап та шығаруға
болады. [ ш,ж,щ] дыбыстарында тілді ұшымен бірге
таңдайға көтеріп қуыс жасап дыбыстауға болады.
Тілдің арқасының жеке қозғалысы шектеулі. Алдыңғы
және артқы бөліктердің қимылын қоспағанда ол тек қатты
таңдайға көтеріліп [й] дыбысын және жұмсақ дауыссыз
дыбыстарды ғана шығара алады.
[ к, г] дыбыстарында тілдің артқы бөлігі таңдайға
көтеріліп, жабысады немесе қуыс жасай отырып [ х]
дыбысын шығарады.
[c, з, ц, ш, ж, ч, щ, р] дыбыстарында тілдің шеткі бөлігі
азу тістердің үстіңгі бөлігіне жабысып үрленген дыбысты
шетке жібермейді, ал [л] дыбысында босатылып
үрленген ауаны жібереді.
Еріннің қозғалысты болуыда дыбыс шығаруда,
дыбыстың сапалы айтылуында атқаратын маңызы зор.
Ерін түтікше сияқты алдыға созылып [ у,ұ,ү] дыбысын,
дөңгеленіп [ о, ө] дыбыстарын [ c,з,ц, л және басқа
дыбыстарында] алдыңғы және астыңғы тістердің
ашылуына [ш,ж] дыбыстарында алдыға сәл қозғалуына
көмектеседі.
Астыңғы ерін белсенді қозғалысқа ие. Ол үстіңгі
ерінмен жабысып [п,б, м] дыбыстарын шығарса, үстіңгі
алдыңғы тістерге жақындап қуыс жасай отырып [ ф, в]
дыбыстарын шығарады.
Астыңғы жақ көтеріліп, түсу арқылы ауыз қимылын
өзгертіп, дауысты дыбыстар шығаруда маңызды.
Жұмсақ таңдай төмен түсіп тұрғанда үрленген ауа
мұрын арқылы шығып, мұрындық [м, н] дыбыстары
айтылады. Егер жұмсақ таңдай көтерілсе ,
жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, мұрынға
жол жауып, сапалы таңдай- жұтқыншақ тығынын
қалыптастырып, үрленген дыбыс тек ауыз арқылы
шығып [м,н] дыбыстарынан басқа барлық дыбыстар
құрылады.
Сондықтан, әртүрлі дыбыстарды шығару барысында
тілдік, ауыз қуысы органдары өздеріне белгілі
қалыптарын қатаң сақтайды. Бірақ сөйлегенде дыбыстар
жеке шықпай, бір-бірімен жалғаса отырып бірге
дыбысталатындықтан сөйлеу органдары бір қалыптан
екінші қалыпқа тез ауысады.
Таза дыбыстау, сөйлеу, сөйлемдер құрастыру үшін
сөйлеу аппараты жеткілікті қозғалыста болуы шарт.
Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орыдаудың
шарттары.
Жаттығу қойылған мақсатқа жеткізетіндей нақты болу
керек: оның мөлшері емес, таңдалуы мен сапалы
орындалуы шарт.
Кемістікті анықтай отырып, артикуляциясы дұрыс
дыбысқа сүйене отырып таңдаған дұрыс. Әрбір балаға
өз шамасына қарай комплексті жеке шұғылдану керек.
Жаттығуларды дұрыс таңдап қана қоймай, оларды
дұрыс орындату маңызды. Жаттығуды орындату
барысында оның қозғалысының нақтылығын, тазалығын,
күшін, қарқынын, жылдымдығын, жұмсақтығын, бір
¹6 (13) 2016
қозғалыстан екіншісіне өте білун, тұрақтылығын, дәлдігін
қалыптастыра білу керек.