EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 42

АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ДҰРЫС ОРЫНДАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
¹ 6( 13) 2016
Ïåäàãîãèêà
Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелеріне арналған. Автор тіл дамыту қызметінің теориялық негіздерін баяндаумен қатар, тіл дамыту жаттығуларын тиімді жүзеге асыру жолдарын ұсынады. Мақала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиеленушілеріне, логопед мамандарға арналған.
Статья посвящена вопросам развития речи у детей дошкольного возраста. Автор статьи не только раскрывает теоретическую основу деятельности по развитию речи, но и представляет примеры наиболее эффективного выполнения упражнений на развитие речи. Методическая работа будет интересна методистам и воспитателям дошкольных учреждений образования, специалистам- логопедам.
МЕЙРМАНОВА ШУГЫЛА ЕСИМБАЕВНА
" Қосалқы мектеп-интернат " КММ логопед мұғалімі, Семей қаласы
The article is devoted to activities for the development of speech in children of preschool age. The author not only revealed the theoretical basis for action on the development of speech, also provided examples of the most effective exercises for the development of speech. Methodical work will be interesting to trainers and teachers of preschool educational institutions, specialists- speech therapists.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың сөйлеуіндегі өзіндік ерекшеліктер, олардың жалпы дамуындағы тежелумен тікелей байланысты.
Сөйлеудің импрессивтік жағы, дыбыстарды және сөйлеудегі түрлі реңктерді қабылдаудың сараланбауымен сипатталады. Ал, экспрессивтік жағына, сөздік қордың аздығы, дыбыстаудағы бұзылу, сөйлеудің лексикалық- грамматикалық тұрғыда жеткіліксіз қалыптасуы, аграмматизмдер, артикуляциялық аппараттың ақаулары тән: балалар артикуляциялық күйді ұстап тұруға қиналады, тіл бұлшық еттері қатты сіреседі, бір күйден екінші күйге ауыса алмайды т. с. с.
Психоневрологиялық ауытқуы бар балалардың дыбыстау кемшіліктері арасында, әсіресе ызың дыбыстар( с, з) және үнді дыбыстарды( м, н, л, р) айтудағы қателіктер жиі кездеседі. Ал,( р) дыбысына жылдар бойы тілі келмей өтуі мүмкін. Сөйлеуі бұзылған балаларда фонетико-фонемалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сөйлеу- есту мен сөйлеу- қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Г. Ф. Сергееваның зерттеулері бойынша, сөйлеу- қозғалу анализаторларының қызметінің бұзылуы, әсіресе дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады. А. Воронова жалпы тіл жетілмеуі бар балаларды зерттегенде, бұл балалардың басым көпшілігінде, әріп гнозисінің дамуының төмен деңгейде екенін дәлелдейді.
Ақыл- ойы кем балалардың фонемалық есту қабілетінің кемістігі, оқыту барысында жетілгенімен бірақ сөйлеу қабілетінің бұлайша баяу меңгерілуі жалпы психикалық дамуға кері әсерін тигізеді. Фонемалық есту қабілетінің жеткіліксіздігі, артикуляциялық даму қарқынын( сөз айтуға қажетті қозғалыстар жиынтығы) баяулауымен асқына түседі.
Баланың сөйлеу аппараты, моторикасының дамуы, қозғалыс анализаторы аймағындағы саралаушы шартты-рефлекторлық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты. Қандайда бір дыбысты анық айту үшін, моторлық импульстер анық, нақты болуы шарт. Бұл моторлық импульстер екі түрлі коррекциямен қамтамасыз етілуі керек: есту көмегімен коррекциялау( бала өзінің ересектер сияқты, айта алмайтынын өзі естиді) және бұлшық ет сезімі жағынан коррекциялау
40

АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ДҰРЫС ОРЫНДАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

( қалыпты бала өзінің сөйлеу аппаратының басқаша қозғалатынын өзі сезінеді, яғни дыбысты дұрыс шығара алмайды). Олигофрен балаларда осы екі коррекция түрі жетілмеген.
Қорытынды: Сондықтан балалардың психоневрологиялық ауытқуына қарамастан артикуляциялық жаттығулардың ең жеңіл түрінен бастап, күрделенте отырып күнделікті қайталап отыру қажет.
Артикуляциялық жаттығуларды орындаудағы методикалық ұсыныстар.
Сөздегі дыбыстарды айту- бұл баланың нәресте шағынан бастап қалыптасатын, қиын да күрделі қозғалыс. Ол осы нәресте шағынан бастап тілімен, ернімен, астыңғы жағымен, былдырлап уілдеуімен мимикалық қозғалыстарды яғни артикуляциялық жаттығуларды жасай бастайды. Осы жағдайлар баланың сөйлеу тілінің дамуындағы алғашқы кезеңі болып табылады. Осы қозғалыстар балалда нақтыланып, күшейіп ақырындап дами береді. Арнайы логопедиялық жаттығуларды айтқанда біз көптеген ағзалар мен бет бұлшықеттерін, ауыз қуысын, мойын, иық белдеулерін және кеуде жасушасына арналған жаттығуларды айтамыз. Дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға тәрбиелеуде артикуляциялық жаттығуларды қолдану әдісін зерттеген теоретик және практик логопедтер М. Е. Хватцев, О. В. Правдина, Л. С. Волкова, Г. В. Кузнецова, Г. В. Чиркина сияқты тағы басқа да логопедтер болатын.
Артикуляциялық жаттығу- бұл сөйлеу тілінің аппаратын, бұлшық еттерін шынықтыратын, күш беретін, қозғалысы мен сөйлеуге жауап беретін ағзаларды, сөзге қатысы бар органдарды біріктіріп жаттықтыратын жаттығу Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орындау үшін мыналарды жақсы білген жөн:
- Артикуляциялық аппараттың әртүрлі органдарына қандай қозғалыстар тиімді;
- Әр- бір қойылатын дыбысты түзеу үшін қандай жаттығулар керек екенін;
Артикуляциялық жаттығудың мақсаты: Артикуляциялық жаттығулар- Сөйлеу дыбыстарын( фонем) қалыптастырудың және дыбыстаудағы кезкелген кемістікті түзетудің негізі болып табылады. Сөйлеу органдардың ішіндегі ең қозғалыстысы- тіл. Ол тілдің тамыры және арқасы. Тілдің арқасы артқы,