EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 37

Ïåäàãîãèêà
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтар Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Ю. К. Бабанский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Н. Ф. Талызина, М. И. Махмутов және т. б. еңбектерінде жүйелі түрде зерттеліп, талданған.
Қазақ тілін оқыту мәселесі ең алдымен психология ғылымы жетістіктеріне сүйенеді. Бұл ойымызға педагогиканы жан сырының заңдылықтарын зерттейтін психологиясымен астарлата байланыстырған ғалым М. Жұмабаев пікірі дәлел. Ол өзінің " Педагогика " кітабында педагогика психологиясыз, яғни шәкірттердің жан-жүйесі( зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу т. б.) ерекшеліктерін ескермейінше, оқытып тәрбиелеуде дәрменсіз екенін ескерткен болатын. Ғалымның адамды оқытып тәрбиелеу үшін оны жан-жақты терең зерттеу қажеттігі жайындағы бұл ойы бүгінгі әдістеме ілімі талабымен үйлесіп жатыр.
Таным-адамдардың шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи үдерісі. Сол үдеріс барысында адамдарда ілім қалыптасады. Ал білім болса, адамда іс-әрекеттердің мақсаты мен уәжін қалыптастырады. Таным теориясы танымды осылай анықтайды. Негізінде, танымның қасиетін танудың бірден-бір жолы-адамның тұтас іс-әрекетінің танымдық процесс ретінде қарастырылуы. Әдістемеде негіз ретінде алынатын бір тұжырым-адамның барлық танымдық іс-әрекетінің өзара байланысты екендігі және оқу-танымдық қызметті осы бағытта ұйымдастыру [ 2, 25 ]. Таным дегеніміз-өмір шындығын жай селқос аңғарып
¹ 6( 13) 2016
қана қою емес, оны қызу түрде, мақсатқа сай бейнелеу болып табылады. Диалектикалық материализм адам танымының, оның ойлау қабілеттерінің қоғамдық дамуының жемісі, қоғамдық даму адамның айналадағы дүниені пәрменді түрде өзгертуінің нәтижесі деп біледі.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Оқу процесі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың таным процесіне( жады, зейін, ойлау, қабылдау, т. б. процестерге) негізделіп жүргізілсе нәтижелі болады. " Оқыту-таным процесі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады.( Т. Сабиров)
Мектепте жүргізілетін оқыту үрдісінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылыми түсініктерді ұғынып, ұғынып, оқулық көлеміндегі мағлұматтарды ғана меңгереді. Оның деңгейі әр оқушының даму ерекшеліктеріне, танымдық қабілетіне байланысты болады. Бірақ сол түсініктерді меңгерту арқылы оқушының ойы, таным түсінігі қалыптасады және дүниеге көзқарасы, сана-сезімі дамиды [ 13,4 ].
Таным, дүниетаным-көп қырлы құбылыс. Оқушының білімді, талапшыл, белсенді болуы оның дүниетанымының белгілі бір деңгейге көтерілгенін байқатады, сондықтан оқу үдерісін ұйымдастыруда танымдық белсенділіктерін арттыру өте маңызды. Сондықтан оқушыны жеке тұлға деп қабылдай отырып, оның дамуына әсер ету-әрбір ұстаздың келелі міндеті.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Қазақстан Республикасының " Білім туралы Заңы ".- Алматы, 2010 2. Құрман Н. Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері: монография.-Астана: Тіл Комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2008.-160 б. 3. Кант И. Основы метафизики нравственности. Собр. соч. в 6-ти т. Т. 4. Ч. 1 / И. Кант.-М.: Мысль, 1965.- С. 219- 310. 4. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы.-Алматы: Ғылым, 1996.- 240 б. 5. Аймағамбетова Қ. А. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері: пед. ғыл. докт. автореф.- Алматы, 1998.-41 б. 6. Оразбекова К. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. пед. ғыл. докт. автореф.- Алматы, 2001.- 45 б. 7. Қоянбаев Ж. Б. Педагогика.-Алматы: Рауан, 1992,-239 б. 8. 6. http:// repository. enu. kz / handle / 123456789 / 480 9. Мұсаева С. А., Бегалиев Т. Б. Жас ерекшелік педагогикасы: оқулық.-Астана: Фолиант, 2006.-472 б. 10. Рахметова Р. С. Қазақ тілі синтаксисі: коммуникативтік-танымдық аспект: ғылыми монография.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, " Ұлағат " баспасы, 2014.-264 б. 11. 3. Зағыпаров Қ. Ф. Философия, ІІ бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия: оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2009.-144 б. 12. Бап-Баба С. Б. Жантану негіздері( жалпы психология): жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы.-Алматы: Дәнекер, 2001.- 315 б. 13. Есмағанбетова Ш. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру: оқу-әдістемелік құрал.-Алматы: Ғылым, 2002.-92 б.
35