¹ 6( 13) 2016
дүниетанымның алғашқы қадамы, яғни дүниеге сырттай қарау. б) Дүниені түсіну, дүниені бағалау, дүниемен қатынасдүниеге көзқарасты бекітіп, сенімге жетелейді [ 9, 385 ].
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарастарының қалыптасу процесі дүниетанымдық идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінезқұлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады. Білім алудағы, өмір сүрудегі мақсат-дүниені тану. Дүниені тану арқылы адам күн көреді, өмір сүреді, ісәрекетіне өзгерістер енгізеді, қоғамды дамытады, өмірде өз орнын табады.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас күрделі мәселе. Дұрыс түсіну үшін оны біртұтастықта қарау керек. Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз. Дүниеге көзқарас- бізді қоршаған табиғи және қоғамдық болмыс, адам, оның өмірде алатын орны туралы түсінік, ұғымдардың жиынтығы. Адамның дүниеге қарым-қатынасы сан қилы. Соған сәйкес көзқарастың түрлері де көп. Бірақ кез келген көзқарастың негізін философия құрайды. Ол жеке ғылымдардың қолы жеткен табыстарын жинақтап қорытады да, өмір, болмыс туралы біртұтас көзқарасты қалыптастырады. Философияның негізгі мәселесі- дүниеге көзқарас. Оны шешуге байланысты көзқарастың басты екі түрін- материалистік және идеалистік түрлерін айырамыз. Көзқарас- адамдардың әлеуметтік болмысының бейнесі. Ол белгілі бір тарихи кезеңдегі адамдардың біліміне және қоғамдық құрылысқа байланысты. Кейінгі кезде ғылыми дүниетанымның төрт түрлі құрамын( компоненттерін) көрсетіп жүр: а) ғылыми білім жүйесі; ә) дүниетану; б) сенім; в) адам мұраты. Сонымен біз осылардың әрқайсына тоқталып көрейік: а) Білім- объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім- қалыптасудың және дүниетанымның дамуының ғылыми үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде ғылыми білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады. ә) Дүниетаным- жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адам баласының пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным( материалистік) тұрғысынан дәлелдесе, идеалистер идеалистік тұрғысынан дәлелдейді, яғни бірінші кезекте идея ма, жоқ материя ма деген сұрақтарға жауап іздейді. Жалпы дүниетанымға сенім керек. б) Сенім- терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымның беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі- шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімде эмоционалдық толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткейлік, қайсарлық, теоретикалық ой үлкен орын алады. Сенімге мұрат керек. в) Адам мұраты- жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары өмірге ұмтылушылығы. Мұрат- жеке адамды немесе қоғамдық талаптардың мінез-құлқымен арман тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы. Танымның, дүниетанымның қалыптасып, дамуына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Әсіресе, бұл тұрғыдан мектепте қазақ тілі пәнінің алатын орны зор. Себебі таным тілмен тығыз байланысты. Танымды жетілдіру бір күннің ісі емес. Ол мәңгілік мәселе. Тілді танымдық тұрғыдан оқыту студентті ойлай
Ïåäàãîãèêà
білуге, өздігінен ізденіп, келелі мәселенің шешімін табудың жолын белгілеуге жетелеп, оның нәтижелі болуына мол мүмкіндік береді.
Таным мәселесін философтар, психологтар, педагогтар әр салада үнемі айтып, жазып, үздіксіз талдап, талқылап келеді. Адам баласының танымдық үрдістері қазақ халқының даналық сөздерінде, ертегі, жыр, мақал-мәтелдерінде де көрініс тапқан. Сонымен бірге педагогика классиктерінің шығармашылық еңбектерінде, ғылыми зерттеулерінде, педагогикалық трактаттарында үнемі қарастырылып келген, келеді де [ 10, 24 ].
Шынымен таным өте күрделі, көп қырлы құбылыс болғандықтан, ғылыми еңбектерде оған берілген анықтамалар да түрліше болып келеді: Таным-ең алдымен қоғамдық-тарихи тәжірибемен шартталған білім алу және дамыту үдерісі, оны үнемі тереңдету, кеңейту және жетілдіру. Бұл объект пен субъекттің сондай өзара әрекеті, оның нәтижесінде дүние туралы жаңа білім болады [ 11, 61 ]. Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады. Танымның мәні қоғам деңгейіне байланысты. Сондықтан, ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Таным с езімдік және раци онал дық болы п екіге бөлінеді. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие- түйсік, қабыл дау, елестеу. Ал, танымның рационалдық деңгейіне ұ ғыну, пайымд ау, ой қорытындылау жатады.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы-сөзді-логикалы ой( вербальнологическое мышление). Тек қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды( коды) қолданумен күрделі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қалыптастырып, қорытынды жасаумен күрделі мәселелерді шешеді. Адамның ойлау қызметі қандай да формада орындалмасын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ойлау процесі жануарларға да тән, бірақ олардың ой жүйесі көрнекілікке құрылып, белгілі мезетте көз алдында тұрған нақты заттармен ғана байланысты. Ал адам өз ойы арқылы танылуы тиіс нысаннан тікелей байланысын үзіп, оның қасиеттері мен сипаттарын тілдік белгілермен өрнектеп, тыңдаушыға жеткізе алады [ 12,184 ]. Таным теориясының тілді оқыту әдістемесіне негіз болуында екіжақты қажеттілік бар. Оның бірі- таным теориясы теориялық ойлаудың ерекшеліктерін танытар болса, екіншісі-таным теориясының заңдылықтарын қазақ тілін оқыту үдерісімен байланыстырып, тіл үйренушіге жаңа әдістерді дағдыландыру үшін керек. Таным теориясы болса тіл бірлігін оқып-меңгеру барысында теориялық ойлаудың дамуындағы эмпирикалық және теориялық білімнің орны мен маңызы, интеллектінің табиғаты мен қалыптасуы т. б. күрделі мәселелердің күрмеуін шешуге басшылық етеді [ 2, 22 ].
Танымның қолданыстағы әдістері мен мұғалімнің мамандығын жетілдіруде М. М. Жанпейісова, А. П. Сейтешев, А. А. Саипов, Ж. Т. Дәулетбекова т. б. зерттеулерінде келтірілген айғақтар мен теориялық ұстанымдар әр саладан көрсетілген. Сондай-ақ, Ж. А. Қараев, Р. С. Омарова т. б. ғылыми еңбектерінде классикалық педагогиканың көрнекті өкілдерінің таным жөніндегі идеяларын уақытқа үйлесімді пайымдай білу жолдары сипатталған. Тұлғаның жеке басын, дербестігін құрметтей отырып, танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты тәжірибелер негізінде түрлі тұжырымдар жинақталған. Ұлы ғалымдар мен психологтар еңбектерінде әл-Фараби, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, Л. С. Выготскийді оқыту арқылы оқушылардың ой-түсінігін арттыруға, олардың өз бетімен білім алуға дағдылануына көңіл бөлген.
34