Ïåäàãîãèêà ¹ 6( 13) 2016
СЫЗДЫҚОВА АЙСҰЛУ БЕРҚАЙЫРҚЫЗЫ
Еуразия Ұлттық университеті, Филология факультетінің 2 курс магистранты
ОҚУ ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі таңда мемлекетіміздің дамып-өркендеуі сапалы білім мен саналы тәрбиеге тікелей байланысты болып отыр. Жаһандық білім кеңістігіне еркін ене отырып, жас ұрпақтың білім, ғылыммен қарулануына барлық жағдайды жасау-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының " Білім туралы " Заңында: " Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу ",- деп орынды көрсетілген. [ 1,24 ]. Адам танымының көкжиегі кеңейіп, талаптар деңгейі биіктеп, ойлау дәрежесіне сай шеберліктер қажет болуыоқу мен білім дамуының нәтижесі және оқу мен білімнің одан әрі қарай дамуының жолын қалауы деп түсініледі. Әр заман ұрпағының алдында мынадай міндеттер тұрады.
- біріншіден, адам баласы өзіне дейінгі игерілген білім мен мәдениет жетістіктерін игеруі тиіс;
- екіншіден, әрбір ұрпақ өзі өмір сүріп отырған кезде сол білім мен мәдениет жетістіктерін қолдана білуі тиіс;
- үшіншіден, игерілген білім мен мәдениет жетістіктерін дамытуы және соған үлес қосуы тиіс;
- төртіншіден, жаңа заманына лайықты жетістіктерді саралап қоса білуі тиіс;
- бесіншіден, өзінің бұрынғы игергені мен қосқан жетістігін келесі ұрпаққа қалдыру керек. Осындай келелі міндеттердің шешілуінің басында міндетті түрде оқу үдерісі тұрады [ 2, 94 ].
Ғылым мен техниканың қарыштап дамып отырған заманында осы кезеңнің жас буыны соңғы жаңалықтардан кенде қалмай, білімді, дүниетанымы кең, жан-жақты болып өсуіне әрине, алдымен, оқу үдерісінің маңызы зор. Оқу мен дүниетаным қазіргі таңда ажырамас ұғымдар. Тіпті күнделікті оқу үдерісінде " таным ", " дүниетаным " түсініктері маңызды рөл атқарады. Себебі мектепте берілетін білім " адам-қоғамтабиғат ", " адам-таным-қоғам " үштіктеріне негізделеді.
Дүниетаным түсінігі өз бастауын неміс тілінен( Weltanschauung) алады. Дүниетаным терминін алғаш рет өз еңбектерінде И. Кант пайдаланған. И. Кант дүниетанымды адамдардың табиғатты түсінуі, әлемді қабылдауы деп сипаттаған [ 3, 125 ]. И. Канттан кейін дүниетаным терминін өз еңбектерінде Ф. Шеллинг пайдаланған.
Мақала оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру мәселелеріне арналған. Автор оқыту процессі кезіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетке деген қызығушылығын оятудың амалтәсілдері туралы сөз қозғайды. Мақала мектеп ұстаздары мен әдіскерлерге, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттердің назарына ұсынылады.
Статья посвящена вопросам мотивирования учащихся к познавательной деятельности. Автор рассуждает о методах стимулирования учащихся к познавательной деятельности в процессе обучения. Статья будет интересна учителям и методистам школ и колледжей, а также студентам педагогических специальностей.
An article is devoted to questions of pupils ' motivation to cognitive activity. An author say about methods of promoting pupils to cognitive activity on the educational process. The article will be interesting for teachers and methodologists of schools and colleges, and for students of pedagogical specialties as well.
Философ ғалым М. Орынбеков: " Дүниетаным- тұлға және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдары ның жиынтығы, дү ниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады ",-деп тұжырымдайды [ 4, 65 ]. Ғалым Қ. Аймағамбетова өзінің " Бастауыш с ыныптард а дү ниетануд ы оқытуд ың ғылыми-әдістемелік негіздері " атты зерттеу еңбегінде қоғамдық сананың өсуіне байланысты адамның ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, "... қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету " көзделетінін атап айтады. Сонымен қатар, ғал ым бұның бәр і дү ниетану деңгейінің адамзаттың даму эвол юциясына бай ланы сты күрделене түсетінін де ескертіп, білімді меңгеру мү мкіндігіне қарай өзгеріп оты раты нын да пайымдайды [ 5, 6 ]. Дүниені танып, білу туралы ғалым К. Оразбекова: " Біз дүниені танып-білу үдерісі бақылау және ойлау сатыларынан тұрады дегенмен, оның ең негізгі, жоғары сатысы тәжірибе, яғни кең мағынада айтқанда, практика болып есептелінеді ",-деп өз ойын білдіреді. [ 6, 45 ].
Дүниетаным дегеніміз- нақты дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет ұстанымдары, құндылық бағдарлары [ 7, 13 ].
Дүниетаным бөлшек-бөлшектен тұратын жинақтаушы көзқарас емес, ол біртұтас жүйелілік көзқарас болғандықтан, оның негізі адам мәселесі. Адам мәселесі рухани дүниеге тығыз байланысты болғандықтан дүниетанымның ішкі құрылымы( структурасы) өте күрделі. Ондай құрылымға( категориялық ұғымдарға) кіретіндер: болмыстық түсінік, материя, табиғат, қоғам, идеялар, ақиқат, рух, әлем рухы, бостандық, мәңгілік өмір, құдай, өмір, қуат және т. с. дүниеге көзқарастық ұғымдар.
Дүниетаным адамзаттың тікелей өмір сүру жолындағы рухани-практикалық түрде өмірді меңгеру десек, онда біз дүниетанымдық рольдері арқылы қарастырамыз. Дүниетаным тек өмірді, әлемді тану мен түсіну емес, ол арқылы дүниені өзгерту дейміз. Адамның санасы дүниені тек бейнелеп қоймайды, оны өзгертеді [ 8, 2 ]. Дүниетаным, дүниеге көзқарас психикалық тұрғыдан мына жағдайда қаралады: а) Дүниені қабылдау, дүниені сезу, дүниені елестету-
33