¹ 6( 13) 2016
Òië áiëiìi
Мақалада туыстас түркі тілдерінің өзара термин қабылдау мәселелері қарастырылған. Мақала тіл білімі мамандары мен филология мамандығы бойынша білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
ИСКЕНДИРОВА ЖАНАР СЕРИКОВНА
Еуразия Ұлттық университетінің магистранты
В статье рассматриваются вопросы формирования терминов в родственных тюркских языках. Статья будет представлять интерес для специалистов лингвистов, а также студентов и магистрантов филологических специальностей.
The paper deals with the formation of terms in the related Turkic languages. The article will be of interest to those skilled linguists, as well as students and undergraduates of philological specialties.
Түркі әлемінде болған қоғамдық-саяси, мәдени өзгерістер түркітілдес елдердің терминологиясына да әсерін тигізді. Қазіргі кезде түркі тілдес елдердің терминологиясы талай тарихи кезеңдерді басынан кешіріп отыр. Осы кезеңдердің қайсысы болса да қоғаммен, саясатпен, мәдениетпен тікелей байланысты. Қоғамдағы осындай өзгерістер түркі тілінің терминологиясын терминдер қорымен толықтырды. Осындай өзгерістер нәтижесінде көптеген ғылыми жаңалықтар ашылып, еңбектер жазылды.
1992 жылы жарық көрген " Түркі тілдеріндегі лингвистикалық терминдердің қысқаша салыстырмалы сөздігі " атты еңбекте қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріндегі лингвистикалық терминдер бір-бірімен салыстырыла берілген. Мысалы: фонема- сес бирими- фонем. Осы мысал арқылы үш тіл арасындағы байланыстың ажырамайтындығын көруге болады. Оның себебі " түбі бір- түркі тіл " екендігінде болар. " 1996-1997 жылдары қазақ- түрік лингвист ғалымдарының ұйымдастыруымен Қазақстанның Түркістан қаласында Қазақ-түрік университетінде түркітілдес елдердің терминологиясына арналған мәжіліс өтті. Бұл жиынға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Татарстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан елдерінің тілші ғалымдары қатысты " [ 1,6 ]. Ғалымдар бүкіл түркі тілдес елдерге ортақ сөздік жасауды қолға алды. Осындай ғылыми отырыстар мен жиындар негізінде терминология мәселесі қазіргі кезде әрбір ғылымның өзекті мәселесіне айналып отыр.
Туыстас тілдер бір-бірімен түсінушілікке, үйлесе дамуға назар аударуда. Алдымен туыстас тілдерден термин іздеу қажеттігіміздің себептерін А. Байтұрсынұлы былай түсіндірген болатын: " Олай етуіміздің себебі: 1) туыстас тілдердің көптеген сөздерінің тұлғалары бірдей болмаса да олар ортақ түбірден тараған, сол себепті туыстас тілдердің сөзіне қарағанда оларды түсіну жеңіл және естігенде де, айтқанда да бөтен болып сезілмейді; 2) түркі халықтары қашанда өзара қарым-қатынаста болған және де бола береді, сондықтан да бір тілдің көптеген сөздері ортақ түбірден өрбімесе де өзге тілдің тұтынушыларына таныс болуы мүмкін [ 2,15 ].
Ал Е. Омарұлы " Қазақтың өз тілінен табылмаған пән сөздер, басқа түрік халықтарынан ізделсін; басқа түріктер тіліндегі пән сөздер- жалпы түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса,- ондай сөздер
30
ТУЫСТАС ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ТЕРМИН ҚАБЫЛДАУ МӘСЕЛЕСІ
жатырқамай алынсын " деп жазған. Түбі бір түркі тілдерінің тілдік дыбыстық- құрылымдық, ұлттық танымдық, генетикалық және типологиялық жіктелісі тұрғысынан алып қарасақ, терминқор қалыптастыруда туыстас тілдерге басымдық беру дұрыс. Алайда қазіргі кезде туыстас тілдер арасындағы өзара терминалмасу осы уақытқа дейін іс жүзінде жүзеге асып, қалыптасып дәстүрге айналмағаны ақиқат.
Жалпытүркілік мақсат, ортақ мүдде қазіргі таңда түркі халықтарының рухани-мәдени, экономикалық жақындықта, біртұтастықта болуын талап етуде.
Академик Ә. Қайдаровтың сөзімен айтқанда: " Түркі дүниесінің басын қосып, тұтастығын қалпына келтірудің үлкен бір шарасы- бір әліпбиге негізделген ортақ түркі жазуын қалыптастыру " керектігін айтады [ 3,78 ].
Ғалым Г. Сағидолла: " Түркі халықтарының суперэтностық тұтастыққа ұйыстырудың басты тетігі- тіл десек, бір негізден, яғни жалпытүркілік тектілден өрбіген қазіргі түркі тілдері арасындағы сабақтастықты анықтап, әр тілге тән заңдылықтардың қалыптасу ерекшеліктерін " тіл және этнос ", " тіл мен қоғам ", " тіл мен мәдениет " контексінде зерттеу қазіргі түркологиядағы көкейкесті мәселелер саналады.[ 4,3 ]
Ғалым С. Қ. Әлісжанов " Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасау мәселесіне " атты мақаласында түркі тілдерінің барлығына ортақ терминдердің барын көрсетіп, түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жасауға негіз болатын мына мәселелерді көрсетті: " 1. Түбірдің ортақтығы; 2. Туыстас тілдердің термин жасау үлгілерін игеруді дағдылы іс-әрекетке айналдыру. Бұған дейінгі қазақ пен түрік тілдері арасында осы сөз алмасудың болғаны белгілі( учак // ұшақ, хаваалан // әуежай т. т.)[ 5,17 ]. Түркітілдес елдердің әрбірі әртүрлі жолмен дамыса да, олардың түбі бір, ұқсастықтары мол. Қазір көп айтылып жүрген түркі тіліне ортақ қорды жасаудың маңыздығы ерекше екендігін де айта кеткен жөн. Жалпы түркі халқы бір бағытта, бір ағымда болса, тіліміздің ғұмыры ұзағынан болары хақ. Жоғарыда аталған түркі тілдерінің бірі түрік тіліне келер болсақ, " түрік тілі- дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін, тарихы тереңде жатқан тіл. Түрік тілі араб және парсы тілдерінен енген сөздерді түріктің төл сөздерімен немесе түркі түбірлерінен құралған жаңа сөздермен алмастырып сөздік қорын молайтуда. Түрік тілінің басты ерекшеліктері- үндестік