EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 33

Òië áiëiìi
заңы. " Қазақ және түрік тілдері терминологиясының даму жолдарын зерттеген М. Кахраман түрік тіліндегі сөздердің терминдену үдерістерін оның ерекшеліктеріне, қалыптасу себептеріне байланысты беске бөледі:
1. 1100-1839 жж. кезең: классикалық кезең. Селжұқ және Осман кезеңіндегі терминология;
2. 1839-1876 жж. кезең: Танзимат кезеңі. Араб тілінен қабылданған жаңа терминдердің пайда болуы; 3. 1878-1908 жж. кезең: І Конституциялық басқару кезеңі. Араб тілінен терминдерді қабылдаумен қатар түрік тілінде де терминдер жасауға ден қойған кезең;
4. 1908-1927 жж. кезең: ІІ Конституциялық басқару кезеңі- өтпелі кезең. Араб тілінен термин жасауға шектеу салынып, түрік тілді түбірлерден, егер ол болмаса шетелдік түбірлерге түрік тіліндегі қосымшалар арқылы термин жсау кезеңі;
5. 1923-2000 жж. кезең: Ұлттық терминология кезеңі. Бұл кезеңде барлық терминдер түрік тілді түбір және қосымшалар арқылы жасалатын кезең. Бұл кезең өз ішінен 3-ке бөлінеді:- 1923-1945 ж.- 1945-1980 ж.- 1980-2000 ж." [ 6,]. Демек, тарихтың әрбір кезеңінің, я болмаса оқиғасының тілді жойып жіберуге де, дамытып жіберуге де ықпалы зор. Жоғарыда көргеніміздей, түрік терминологиясы сонау Осман империясы кезеңінен бастау алып, араб тілінің әсері негізінен толығып отырды. Араб-парсы тілінен енген сөздер түрік тілінде көбіне өзгеріссіз енген. Мысалы: arzu( арзу), belki( бәлкім), hata( қате), asker( әскер), baba( баба), iman( иман), hoca( қожа). Осы келтірілген мысалдардан түрік тілдердегі көп сөздер араб тілінен еш өзгеріссіз қабылданғанын көруге болады:
Сонымен қатар араб тіліндегі " ә " дыбысы " а " дыбысымен алмасып қолданған. Мысалы: ғәқыл- akil, хәйуан- hayvan, фәқир- fakir, хәқиқат- hakikat, және т. б. Бұл мысалдан түрік тілінің сөздері көбіне жуан айтылатынын көруге болады. Түрік тілінің терминдік қорына араб ж? не парсы тілдерінен ауысып келген сөздер не терминдер түрік тілінің фонетикалық заңдылықтарына с? йкес тиісті өзгерістерге ұшыраған. " Араб-парсы сөздерінің дыбыстық бейнесін өзгертпей қаз-қалпында қабылдау мүмкін емес. Себебі кірме сөздерде түрік тілінің фонетикалық талаптарына сай келмейтін дыбыстар бар екені белгілі. Түрік тіліне енген араб-парсы сөздеріндегі белгілі бір дыбыстың бір дыбысқа алмасуы, кейбір жағдайда түрік тіліне жат дыбыстардың түсіп қалуы, сөз арасына дыбыстардың енуі, сан қилы дыбыстардың өзара үндесіп жатуы, сөз бейнесін өзгертіп жіберуі түрік тілінің ішкі заңдылықтарына байланысты екенін байқауға болады " [ 7,111 ]. Түрік тіліне енген сөздер сол тілдің тілдік нормаларына бейімделе отырып жасалған.
Соңғы жылдары түрік тілі жаңа ұғымдарды және жаңа технологияларды білдіретін жаңа сөздерді тілге енгізумен айналысып келеді. Олардың көбісі- ақпарат технологиясына қатысты ұғымдар. Мысалы: fіrka сөзінің
..
орнына bоlem сөзін пайдаланып келеді. Бұның бәрі заман, уақыт талабына сай бір сөз ығыстырылып жатса, екіншісі қосылып жатады. Тілі ортақ, тегі бір елдердің бірі татар ұлтының тілі саяси жағдайларға байланысты өзекті әрі бірізділікті қажет ететін мәселелердің бірі болып тұр.
" Қазіргі татар тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Еділ бойы татарларының тілі түрлі түрік компоненттері нығаюының нәтижесінде қалыптасты және ежелгі түркі тілінің мұрагері. Сонымен бірге оған угрофиндік, славян, араб және парсы тілдерінің тигізген әсерін де ескеру керек. " Түркі " әдеби тілі негізінде 15 ғ. қазандықтар,
¹ 6( 13) 2016
астрахандықтар, приокск қыпшақтары( мишарлар), башқұрттар, сібір татарлар, қазақтар мен қырғыздар қарым-қатынас құралы болған ежелгі татарлардың әдеби тілі қалыптасты. ХІХ ғ. халықтық сөйлеу тілі мен ежелгі татар әдеби тілінің байлығын игерген қазіргі татар тілінің қалыптасуы жүрді.
Ислам дінін жаппай қабылдағаннан бастап араб графикасына өтіп, ХХ ғ. ол латын, кейін кириллицаға ауыстырылды " [ 8 ]. Демек, татар тілінің татар терминологиясының тарихы тереңде. Татар тілінің терминдерінің қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері мынадай: 1. Ерте кезең( Казан хандығының құрылуына дейін); 2. ХІХ ғ. бірінші жартысына дейінгі Казан хандығының құрылуынан бастап;
3. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап, Октябрь революциясына дейін; 4. Октябрь революциясынан кейінгі кезең; 5. Қайта құрылу кезеңі; 6. Қайта құрылу кезеңінен қазіргі кезге дейін. К. Насыре өзінің " Буш вакыт " атты еңбегінде терминология мәселесіне тоқталған. Ғалым татар тілінің әдеби тілінің қалыптасуы мен дамуын мақсат етті. К. Насыри жаңа терминдер жинастыруды қолға алған ғалым. Мысалы: вагон- тимер юл басы, паровоз- ут көймәсе, және т. б. Сонымен қатар 1992 жылы Анкарада жарық көрген " Салыстырмалы түркі тілдері сөздігінде " түрік, әзербайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр және орыс тілдеріндегі сөздерді көрсеткен [ 9,55 ] Ш. Рамазанов сынды ғалым татар тілінің терминдер қатарын төл сөз құрайды деп есептейді. [ 10,12 ]
Татар тілінің терминдері түркі тілдес халықтар тіліндегі терминдерге дыбыстық әрі құрылымдық жағынан ұқсас болып келеді. Мысалы: тышқан- тычкан, бала-шаға- бала-чага, үтік- үтүк, тарақ- тарак, және т. б. Дыбыстық жағынан аздаған өзгерістер болғанымен, құрылымы мен семантикасы ортақ болып тұр. Татар тіліндегі терминдер лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай алты топқа бөлінеді:
1. жалпы ұғымды білдіретін терминдер: нур- нұр, агым- ағым, сан- сан, төш- ядро, және т. б. 2. үдерісті білдіретін терминдер: таркалу- тарқалу, йөреш- жүру, және т. б. 3. зат немесе қимылдың сапасы білдіретін терминдер: каты- қатты, сыек- сұйық, тиз- тез, және т. б. 4. табиғат құбылыстарын білдіретін терминдер: жил- жел, дым- дымқыл, чык- шық, су- су, және т. б. 5. әр түрлі заттар мен құралдарды білдіретін терминдер: теш- тіс, ук- жебе және т. б.
6. пайдалы қазбаларды білдіретін терминдер: бакыр- мыс, тимер- темір, алтын- алтын, кургаш- қорғасын, көмеш- күміс, және т. б.
Аталған сөздердің біразы дерлік қазақ тілінің терминдерімен мағынасы әрі құрамы жағынан бірдей. Демек, бұл сөздер жалпы түркітілдес тілдерге ортақ терминдер. Мысалы: әйе- иә, юк- жоқ, исәнме( сез)/ саумы( сез)- сәлеметсіз бе( есенбісіз / есенсізбе, саумысыз), сәлам- сәлем, сау бул( ыгыз)/ хуш( ыгыз)- сау болыңыз, мин- мен, син- сен, ул- ол, без- біз, сез- сендер, алар- олар, милләт- ұлт, инглиз( чә)- ағылшын( ша), сикер- секір, ил- ел. Татар тіліндегі терминдерге түркі тілдер халықтардың тілі әсер етуімен қатар түркі емес тілдер де әсерін тигізген. Мысалы: утюг- үтүк, файл- файл, компьютер- компьютер және т. б. Түркі тілдер қатарына жатпайтын тілдерден татар тілінің сөз қабылдау себебі заманның жаңаруымен, тілдің, елдің дамуымен тікелей байланысты. Бұндай терминдерді ғылымда неонимдер деп атайды. Басқа тілден мағынасына қарай тікелей аудару арқылы жасалған татар тіліндегі терминдерге мысал келтірер болсақ: бака-бақа, тычкан- тышқан, актив өстлек- жұмыс үстелі, бастыру- бастыру, және т. б.
31