Òàðèõ
пен оның руластарына өздері қоныстанып отырған Вертевский аралын қалдырады . 1838 жылдың тамызында : " Его Сиятельству Господину Генералгубернатору Западной Сибири6 августа 1838 г . ... отмежевание островов Директорского , Плац-майорского и Лекарского казакам , линейному батальону , гарнизону и жителям Семипалатинской крепости , а из острова Вертевского Старшине Джандарбекову с киргизами , первому 30 , а последним по 15 десятин на душу , возложила чрез посредство исправляющего должность Областного землемера , землемеру Исакову - распорядясь об этом надлежащим порядком . Управляющий " [ 4 ] бұл істі бір жақты қылғандай болады . Бірақ , қазақтардан шұрайлы жерлерді алуды мақсат еткен отаршыл үкімет мұнымен тоқтамайды . Патшалы Ресейдің әртүрлі ведомстволарының ұстаным-мүдделері кейде бір-бірімен үйлесе бермейтін , сондықтан олардың шешімдері де қарама-қайшы келіп жататын . Жоғарыдағы Жоламанға Вертевский аралын беру туралы губернатордың Заңға сүйене отырып 1838 жылы шығарған шешімі , 1843 жылы заңсыз болып шыға келді . Барған сайын өсіп келе жатқан қала халқы ( орыстар ) мен казактардың мүддесі үшін отаршылдар Жоламан басқаратын Терістаңбалы руын бұл аралдан да кетуге мәжбүр етеді . Оқиға былай өрбіген болатын . 1843 жылы рұқсатпен салынған үйі-жайы өртеніп кеткен соң , Жоламан Батыс Сібір Генерал-губернаторына қайтадан сол бұрынғы орнына ағаш үй салып алуды сұрап арызданған : " Терстамгалинской волости , Кокбектинского округа , Старшина Джуламан Джандарбеков в феврале месяце подал мне прошение , что принадлежащий ему деревянный дом , находящийся на левом берегу р . Иртыша в триверстном расстоянии от Семипалатинска , построенный в 1829 году с разрешения Господина Управляющего Омской области 16 января сего года от несчастного случая сгорел со всеми принадлежащими к нему службами : почему просил много ходатайства о дозволении ему построить на том же самом месте новый дом , по тому уважению , что к означенному дому в 1838 году , с разрешения Господина министра Государственного имущества , отведен ему для сенокосов и пастьбы скота Вертовский остров " [ 4 ].
Құжаттан көрініп тұрғандай , алғашқы кезде өзінің атақонысы төрт аралды да заңдастырып иеленбекші болған Ж . Жандарбеков ( шындығында ол осы жерлердің нақты иесі ғой ) алдымен тек соның біреуіне ғана ие болып қалса , соңынан бұл жерлерден мүлде ығыстырылып шығарылған . Күшіне енген патша отаршылары қазақтарға ендігі жерде өз жерінде ағаш үй салуға да рұқсат бермеген .
Батыс Сібір Бас басқармасының ІІІ-ші бөліміне 16 тамыз 1843 жылы әскери канцелярияның жолдаған
¹ 6 ( 13 ) 2016
қатынасында казак станицалары арасындағы 10-верстік жерлер Сібір линиялық казак әскеріне тиесілі екендігін көрсете келіп , Вертовский аралы Сібір корпусының командирінің қарамағына берілгендігін хабарлайды . Бұл туралы Мұрағат құжатының толық мәтіні мынадай : " В IIIотделение Главному Управляющему Западной Сибири 16 августа 1843 г . По слушании в войсковой канцелярии отношения оного отделения от 7 августа за № 142 ...
... что тот остров ( Вертовский ) по распоряжению Господина командира Отдельного Сибирского корпуса , отведен в число 10-ти верстного пространства во владения казаков , по размежеванию корпуса топографом подпоручиком Кокоулиным в 1839-м году , - то в домогательстве ему Джандарбекову отказано ;
А между тем Его Сиятельство соглашаясь с представлениями от 15 ноября 1841 года № 7572 и 2-го марта 1843 года № 1071 изволил предложить , чтобы киргизцам как верноподданным так и залинейным недозволять строить деревянные дома , на землях казакам принадлежащих , не воспрещая однако выстраивать землянки на одну только зиму , с тем , чтобы земли занятые упомянутыми землянками не считались собственностью киргизов , на случае надобности , они по востребованию казаков непременно должны тот час же очистить занимаемые ими места , так как земли между станицами лежащие , предназначены все без изъятия во владение казаков Сибирского линейного казачьего войска . Полковник Пикитов " [ 4 ]
Осыдан кейін алғашында Семейден үш верст қашықтықта үй тұрғызған Жоламан руластарымен әрірек жылжып , қазіргі Жоламан поселкесіне орналасқан сияқты . Өйткені , қазіргі Жоламан поселкесі үш верстен әлдеқайда қашықтау .
Кәсіпкер-саудагер , бір рудың басшысы Жоламан Жандарбеков әрі батыр , намыскөй адам болған . Ол үй тұрғызып жатқан кезде қала бастығы Дергалов деген оны заңсыз әрекетке барды деп жарты сөткеге қамауға алған екен . Жоламан қайтадан үй салуға жазған өтінішінде , бұл мәселені де тексеруді сұраған . "... причем Джандарбеков присовокупил , что Городничий Дергалов , когда он начал на означенном месте постройку , воспринял ему это , посадил его в острог , где продержал полсутки , посему Джоламан просил произвести исследования за обиду " [ 4 ].
Қазақ даласының шығысында жаңа қоғамдық формация - капиталистік қатынастарға бейімделе отырып , сауда мен кәсіпкерлікті ең алғашқылардың қатарында игерген , нарықтық экономиканың қазақтан шыққан пионерлері Жоламан Жандарбеков пен Тінібай Кәукеновтың есімдері қала тарихымен тығыз байланысты және олардың бірінің атымен қала шеңберіндегі поселок ( Жоламан ), екіншісінің атымен өзі салдырған мешіті ( Тінібай мешіті ) аталады .
ӘДЕБИЕТТЕР .
1 . Земляницын И . // " Семипалатинская областная ведомость " -1871 . 2 . Кашляк В . От меневого двора ... до Жана-Семей . // Голос народа . 1998 , 4 маусым - 27 тамыз 3 . Кашляк В . Семипалатинские купцы и промышленники - конец ХVІІІ - начало ХХ вв . // Шежірелі өлке тарихы : тың деректер , жаңа ұғымдар және соны ізденістер . Аймақтық ғылыми конференция материалдары . - Семей . - 2011 . 383 б . 4 . ООМТМ . қор 3 , тізім 1 , іс 1755 .
21