EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 22

¹ 6 ( 13 ) 2016
Жоламан слабодкасы аталған жерде қазақтар үйді өз еріктерімен , ретсіз сала бастаған болуы керек . Өйткені , 1 мамыр 1841 жылдан бастап жергілікті өкімет орындары сол жағалауда өз еркімен құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиым салды . Ол үшін арнайы жарлық та шығарады : " Возведённые на левом берегу Иртыша строения , оставить в настоящем их положении , впредь до обветшалости , в последствии уже , всем жителям , коих дома будут приходить в негодное состояние , отводить места для постройки - если они о том будут просить - в черте города . Наблюдать , чтоб никакого недвижимого имущества вновь не возводилось и даже капитальных починок " [ 2 ]. Алайда , бұл жарлықтың орындалуы мүмкін еместігіне жергілікті бақару орындары көп ұзамай көз жеткізеді . Арнайы тексеру жүргізгенде сол жағалауда бұрыннан 109 жекеменшік үй , 171 лавка , бір мешіт үйінің салынып қойғандығын , құрылыс жұмыстарының әлі де қарқынды жүргізіліп жатқандығын анықтайды .
Қала Ратушасының жарлығына қарамастан құрылыс жұмыстарын тоқтатпаған адамдарды тексеріп анықтағанда , солардың бірі Жоламан Жандарбеков екендігі белгілі болады . Тексерушілердің қорытындысы : " Тергеталинской ( Терістаңбалы . Авт .) волости в ведении Салтана Клыча Досанова Киргизский Старшина Джоламан Джандарбеков показал , что нынешнею весною , после вскрытия льду , он начал строить мечеть , но не окончил её совершенно ( не покрыл крышею ), по случаю запрещения городничьим , который приезжал летом за реку и взял с него подписку , чтоб более не производил построек , почему мечеть и осталась недостроенной , прежде он этого Джоламан ни от кого запрещения не слыхал и не мог слышать потому , что занимаясь постоянно торговлей , он мало бывает дома ..." [ 2 ].
Осы қысқаша жазбадан Жоламанның үйіне сирек келетін , үнемі саудамен түзде жүретін мал-дүние табудың жаңаша жолын іздеген пысық , іскер адам екендігі байқалады . Жоламанның жас шамасы Тінібай Кәукеновпен қарайлас болуы керек . Оның 1929 жылдың өзінде сол жағалаудан ағаш үй салып алуға мүмкіндігі болған , яғни саудамен ерте айналыса бастаған . Бір жерде тұрақты үй салып орнығу , көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын адамға қолайлы емес . Ал , Жоламанның үйі ("... дом , при нём отдельная кухня ; амбар , баня , конюшня , крытый скотский двор , особый флигель из одной комнаты для обитания вовсе неспособный ") [ 2 ] қыр қазағынан гөрі , қала саудагеріне көбірек ұқсайды .
Жоламан саудамен айналысып , үй тұрғызып , іскерлік танытқанымен , Тінібай сияқты көпестер қауымына кірмеген . 1868 жылғы Семей кеден құжаттарында тек Т . Кәукенов қана көпес ретінде тіркеліп жүрген , ал Жоламан Жандарбеков және т . б . қазақ саудагерлері кеденнен " заграничный киргиз " немесе " верноподданный киргиз " деген атаумен өтіп жүрген . Кеден құжаттарында ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында мұндай санаттағы 2- 3 қазақ саудагерінің аты-жөні кезігетін болса , бұл көрсеткіш 1867 жылы 62 адамға жеткен . Бірақ , қазақтардың саудасының көлемі шағындау еді , ең іскер деген қазақ саудагерінің айналымы 10 000 рубльден аспады . Ал , көпестер қатарындағы Тінібай Кәукеновтың жылдық товар айналымы сауда жақсы жүрген жылдары 50-60 мың рубльге жететін [ 3 ]. Бір рудың биі , беделді басшы Жоламан Жандарбеков саудамен айналысатын ауқатты адам болуымен қатар патша билігімен заң тұрғысынан тірескен , ел мүддесін ойлай білген тұлға . Ол өзінің руластарымен Ертістің сол жағалауындағы шабындық жерлерді орыстарға бермеуге талаптанғандығы туралы мұрағат деректері сақталған . Семей бекінісі маңайындағы төрт шабындықтың барлығы тек сол жағалауда орналасқан . Шабындықтар орналасқан аралдардың аттарымен аталатын , олар :
Òàðèõ
Вертевский , Лекарский , Директорский және плацмайорской Забайки деп аталды . Осының бірі Вертевский аралында Жоламанның өзі тұратын : " На острове Вертовском , с дозволения Омского областного начальства , старшина Джандырбеков , выстроил себе дом и обзавелся хозяйством , находясь в последствии воспользоваться и остальными тремя островами , так как они не входят в Городской план . Между тем острова сии , находились уже издавна в владении Комендантского управления Семипалатинской крепости , для заготовления подъемным лошадям сена , и потому старшина Джандарбеков предъявил о сем свою претензию " [ 4 ].
Отарлаудың бастапқы кезеңінде патша үкіметі Ертістің сол жағалауындағы далалық аймақты қазақтарға тиесілі деп есептеді . " Омская казенная экспедиция и Областной Омский начальник признавали оные принадлежащими к бесспорным землям Киргизским " [ 4 ]. Бұл Омбы қазыналық экспедициясының ұсынысымен Омбы облыстық бастығының 1833 жылы шығарған қорытындысы . Бекіністің іргесі бекіп , орыстар Семейге мықтап орнығып алған соң , заңға сүйеніп жергілікті халықты шұрайлы жерлерден ығыстырудың түрлі амалдарын қолдана бастады . Алғашқыда Ертістің сол жағалауы даусыз қазақтарға тиесілі деген үкімет енді сол жағалаудағы аралдардың тек біреуі ғана Жоламанға тиесілі дегенді шығарады . " Господин генерал -адъютант граф Бенкендорф , в апреле месяце 1833 года , перепроводил к Министру Внутренних Дел просьбу старшины киргизской найманской волости Юламана Джандарбекова , об отдаче ему , на основании Высочайше утвержденного 1822 г . Устава и согласно определению Омской казенной экспедиции , четырех сенокосов , находящимся на левом берегу реки Иртыша близ Семипалатинской крепости , из коих по распоряжению Генерал-губернатора назначена Джандарбекову , с приближенными его только четвертая часть " [ 4 ]. Казактар мен орыс тұрғындардың саны қалада көбейген сайын шабындықтардан әртүрлі тәсілдермен қазақтарды ығыстыру ісі жалғаса берді . Батыс Сібір Генерал-Губернаторының Ішкі істер министрлігіне жіберген мәліметінде шабындықтарды бөлуді былай шешкен : " Бүкіл Ертіс линиясы бойында шабындықтар тек қана сол жағалауда ; казактар линияға қоныстанғаннан бері оң жағалауда ыңғайлы шабындықтар мүлде болмағандықтан сол шабындықтарды пайдаланып келген ; егер бұл шабындықтар Жоламанға берілетін болса , Семей гарнизонының аттарына шөп болмай қалады , ондай жағдайда мініс аттары үшін көп шығын жұмсауға тура келеді ; осы жағдайларды саралай келе Генералгубернатор Вельяминов келешекте жүргізілетін жер бөлінісіне дейін Директорский аралын - казактарға , плацмайорскийді - линия батальонына , Лекарскийді - қала тұрғындарына , ал Вертевскийді қазақ старшыны Жандарбековке беруді ұйғарады " [ 4 ].
Жоламанға заң бойынша 70 десятина жер тиесілі болғандықтан , шабындықтардың бұлай бөлінуі әділетті деп есептелінді . Қазақтардың малдары жыл бойына жайылымда бағылады . Ал , малдары мен мініс аттарын қызмет бабына қарай қолда ұстайтын әскерилер мен қала тұрғындары , казактар қыстамаға пішен дайындамай тұра алмайды . Батыс Сібір генералгубернаторының осы шешімін Ішкі істер министрлігі қуаттап , Жоламанның төрт шабындықты да сұраған өтінішін қанағаттандырмайды . Осы жерде "... что Свод Законов том 11 учрежденный об управлении инородцами Сибири ст . 3424 и 3430 постановлено , каждому киргизу , который пожелает производить хлебопашество или другие какие-либо хозяйственные заведения отводить по 15 десятин на душу , а страшинам двойную порцию " [ 4 ] деген Заңдар жинағына сілтеме жасап , Жандарбеков
20