Òàðèõ
¹6 (13) 2016
Мақала ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында
қазақтар арасынан шыққан алғашқы кәсіпкер,
терістаңбалы болысының старшыны Жоламан
Жандарбеков туралы. Қазақ кәсіпкерлерінің, жалпы
қазақтардың отаршылық жағдайындағы кәсіп игеруі,
қалаға келуіне, орналасуына өкімет тарапынан
келтірілген қиындықтар жайында айтылады.
КӘРІМОВ МҰХТАРБЕК
ҚАРПЫҚҰЛЫ МҰХАМЕТБЕК
АСЫЛБЕКОВ
т.ғ.к., профессор, Семей
қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университетінің
М.Қозыбаев атындағы
тарихи зерттеулер
ғылыми орталығының
директоры Семей қаласының
Шәкәрім атындағы
мемлекеттік
университетінің
М.Қозыбаев атындағы
тарихи зерттеулер
ғылыми орталығының
жетекші маманы
Статья о жизни и деятельности одного из первых
казахов - предпринимателей 19 века Жоламана
Жандарбекова. Через призму жизни и деятельности
Жандарбекова авторы статьи описывают историю
становления предпринимательской деятельности
в казахской степи в условиях колониального гнета.
Article about the life and work of one of the first Kazakh
- entrepreneurs of the 19th century Zholaman
Zhandarbekov. Through the life and work of the
Zhandarbekov the authors describe the history of the for-
mation of entrepreneurial activity in the Kazakh steppe
under colonial oppression.
ЖОЛАМАН ЖАНДАРБЕКОВ -
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ КӘСІПКЕРІ
Семей қаласы тарихында өшпес із қалдырған, елі мен
жеріне қызмет еткен адамдар аз емес. Дегенмен,
осындай адамдардың ішінде қаланың салынуының
бастауында тұрған қайракерлердің есімін ерекше атауға
тиіспіз. Ертістің сол жағалауына қазақтардың алғаш
қоныстануына себепші болған қазіргі Жаңасемей
аталатын қаланың үлкен бөлігінің іргетасын
қалаушылардың бірі - кәсіпкер Жоламан Жандарбеков.
Омбы, Алматы мұрағаттарында сақталған азғантай
деректер осы бір атағы атырапқа, аты бүкіл Семейге
мәлім, өмірі мен қайраткерлігі көмескі тартқан, жұмбақ
тұлғаның кейбір қырларын ашады.
Орыс империясының отарлауы кезінде халқының
болашағы үшін күресте елдің бетке ұстар азаматтары
әр түрлі жолды таңдады. Батыр сұлтандар Кенесары
Қасымов, Құдайменді Ғазин, Сыбанқұл Ханқожиндар
отаршылдыққа ашық қарсылық көрсетіп, халықты қарулы
көтеріліске бастады. Енді бір топ орыс отыршылдығына
қарсы тұру тиімсіз, сондықтан халықтың өзіндік келбетін
ж оғалтпауы үшін мұсылмандық жолды берік ұстау керек
деп білді. Олар елге қожалар мен мұсылманша оқыған
татарларды алдырып өздерінше әрекет етіп жатты.
Шаруаға икемді, кәсіпкерлік қабілеттері бар кейбір
азаматтар осындай алмағайып заманда қатардан
қалмау үшін қазақ өзінің ежелгі кәсібі - мал
шаруашылығымен шектелмей, басқа кәсіп түрлерін де,
әсіресе сауданы игеруі керек деп есептеді. Бұлар да
ұлттың өз қазақи қалпын сақтауы үшін мұсылман дінін
берік ұстанып, мешіт-медреселер ашты.
Осы кәсіпкер топтың таңдаған жолы ең тиімді жол
екендігін отарлық қамытын қазақтан екі ғасыр бұрын кисе
де, ұлттық қасиетін сақтап келе жатқан татар халқынан
көруге болады. Бес ғасыр орыстың ортасында отар
болған татарлар тілін де, ділін де, дінін де жоғалтпады.
Кәсіп ашып, сауда жасауда, оқу-білім алуда орыстың
алдына түсіп кетті. ХХ ғасырдың басында бүкіл Ресей
бойынша халықтың 21% сауатты болса, татарлардың
35% сауатты болды. Татар саудагерлері мен өнеркәсіп
саласындағы кәсіпкерлерінің де үлес салмағы жоғары
болды. Міне, нағыз бәсекеге қабілеттілік деп осыны
айтуға болады.
Кең жайлымда мыңғыртып мал өсіріп, көшпелі тірлік
кешкен қазақ баласы, шындығы керек, заман ауанын тез
аңғара қоймады. Өндіріс орындарын ашып кен қазуды
былай қойғанда, азиялықтарға бұрыннан таныс кәсіп -
саудаға да енжар қарады. Даму жағынан өндірісті
елдерден мүлде артта қалып қойған, көшпелі феодалдық
қоғамда өмір сүріп жатқан қазақтарда бұндай адамдар
тым аз болды. Бірақ, өмірдің барлық саласына дендей
еніп келе жатқан капиталистік қатынастардың жаңа
талаптарын түсінген еті тірі, сергек азаматтар
қазақтардың арасынан ХІХ ғасырдың алғашқы
жартысында шыға бастады. Солардың ішінде Семей
өңіріндегі алғашқы кәсіпкерлер - Тінібай Кәукенов пен
Жоламан Жандарбековтың есімі ерекше аталады.
ІІ-гильдия атағын алған семейлік саудагер Тінібай
Кәукеновпен қатарлас ХІХ ғасырдың басынан саудаға
араласқан мықты қазақтардың бірі - терістаңбалы
болысының старшыны, бай Жоламан Жандарбеков.
Терістаңбалы руының да ата қонысы Ертістің сол
жағалауынан оңтүстікке қарай орналасқан болатын.
Семей қаласына барынша жақын болғандықтан бұлар
да орыстармен, сауда жасаған көпестермен
алғашқылардың бірі болып тікелей қарым-қатынас
жасауына тура келді.
Уақ руынан шыққан Тінібай Кәукеновтың ауылы
сияқты, терістаңбалы рулары топтаса келіп қонатын
Ертіс өзенінің жағасы осы елдің рубасы, беделді
азаматының атымен Жоламан слободк асы атала
бастайды. Бұл слободка айырбас сауда алаңы (меневой
двор) орналасқан тұстан сәл жоғарырақ Ертістің сол
жағалауындағы
қабақтың
үстіне орналасты.
Өлкетанушылардың зерттеулеріне қарағанда, Жоламан
1829 жылы мөлшері Тінібаймен бір мезгілде, Ертіс
өзенінің қазақтарға тиесілі сол жағалауында ағаш үй
тұрғызған. Бұл оқиға И.Земляницынның зерттеуінде :
"с разрешения Омского Областного Правления, в 1829
году, начала застраиваться слободка Джоломанова, на
левом берегу Иртыша, выше купеческих лавок.
Названная по имени старшины Джоломана, который в
этом году построил первый деревянный дом" деп
көрсетілген [1].
19