EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 19

Ôèëîñîôèÿ
елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған ғалым . Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп алу шарт . Бірінші баланың ішкі ынта-ықыласы , құмарлығы , екінші ұстаздың шеберлігі , ар тазалығы , үшінші сабақ процесінің алатын орны . Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына , оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді . Әбу Насыр өзінің " Риторика ", " Поэзия өнері туралы ", " Бақытқа жол сілтеу " туралы трактаттарында этикалық , эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп , көркемдік , сұлулық , бақыт , мейірбандық , білім категорияларының бетін ашып , солардың негізін дәлелдеп берді . Этиканы ол , ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады . Сондықтан оның этика жөніндегі көзқарастарында жақсылық , мейірбандық категориясы басты орын алады . Оның этикалық ойларынан терең гуманистік көзқарастарды байқауға болады . Өйткені адам баласын жаратылыстың , бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы , сондықтанда оны құрметтеу керек деп түсінді . Фараби жасаған қорытындының басты түйінібілім , мейірбандық , сұлулық үшеуінің бірлігінде . Көркемдік - тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды . Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады . Ол ақыл ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді .
Әл Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние , қағида , теория мен әдіс . Солардың бірі " Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат " болып табылады . Бұл еңбегінде адам әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі - бақытқа жету деп айта келе , сол бақытқа тек білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді . Әл Фараби тәрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады . Ол ғылымды тарихи үрдіс деп түсініп , ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген . Фараби сонымен бірге оқу-ағарту мен тәрбие туралы , еңбек мәдениеті туралы ілім жасады . Еңбектің өзі өнер . Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды , әрбір адамды еңбекке баулиды , еңбек шеберлігін үйретеді , еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын . Оның адам еңбегі туралы бұл тұжырымдамалары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі .
Еңбек теориясын жасау барысында ол антик заманының ойшылдары Плотон мен Аристотелдің тұжырымдамаларын басшылыққа алды . Демек , ол қандайда болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның , идеяның , белгілі бір саланың мәнді байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы басшылыққа алған Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын " өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды " деп тұжырымдайды . Фараби " Еңбек ету , саналы болу , адамгершілік , ізгілік , ақылдылық табиғаттан туындауы қажет " деген ғылыми тұжырым жасады . Ол адамды жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген , еңбек құралдарын жасап , оларды өз қажетіне жарата білген , түсінікті сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді . Адам туралы материалистік көзқарасты ұстанған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады .
Әл Фарабидің пікірінше оқу , тәрбие , білім алу , еңбек ету , ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты . Ол ең алғаш еңбекті , таза еңбекті , адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды . " Тәрбиені неден бастау керек ", " Философияны үйрену үшін алдын-ала не білу керек " еңбектерінде ғылымды , оқу-ағартуды меңгеру , білім , тәрбие алу , еңбекке үйрену , философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда
¹ 6 ( 13 ) 2016
дәлелдейді . Осы негізде ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке- жеке анықтайды . " Ғылымдар тізбесі ", " Ғылымдардың шығуы " еңбектерінде ғылымдарды үйрену ретін көрсетеді және тәрбиенің , оның ішінде еңбек тірбиесінің тарихи тағылымын , үлгісін болашақ ұрпаққа өнеге , тәлім етіп қалдырады . Әл-Фараби жас ұрпаққа тәлім- тәрбие беріп , еңбекке үйретіп , еңбек тәрбиесін беретін адамды , яғни ұстазды өте жоғары бағалаған . Оның ойынша тәрбиеші адам , яғни қазіргі мұғалім " мәңгі нұрдың қызметшісі ". Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты , еңбекті , тәрбиені , оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі , бақыты үшін қолдануды армандады . Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын сол кездің өзінде экономиканың , саясаттың , мемлекеттің , отбасы тәрбиесінің , еңбек тәрбиесінің мәселелеріне байланыстыра отырып , аса қажет мызғымас берік негізге сүйенеді . Сондай ақ ол қоғамды ақылмен дұрыс басқарудың шарттары жөнінде батыл пікір айтқан ғұлама ойшыл . Өйткені адам бақытты болуға лайық және сол бақытын табуға тиіс . " Адам өз заманында жақсы да , дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады " дейді данышпан . Сөйтіп , Фараби адамның іс-әрекетіне үлкен мән бере отырып , еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп , оқшау көрсететінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді . Адамзат қоғамының өмір сүруіне ең керектісі оның материалдық тұтыну қажеттіліктері дегенді бірінші орынға қойып , осынау маңызды мәселе төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді- кесілді жоққа шығарады .
Еңбек және еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдануда ХII ғасырда жазылған " Фарабидің энциклопедиясы " атты еңбектің маңызы өте зор . Әсіресе мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше . Бұл трактат " Ғылымдар энциклопедиясы ", " Ғылымдар реті ", " Ғылымдар классификациясы " сияқты аттарымен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеденақ мәлім болған . Бұдан көп ғұлама данышпандар тәлім алған . Трактаттарында қоғамдағы барлық құбылыстар мен өзгерістер таза адал еңбектің жемісі деп тұжырымдады . Сөйтіп " Адамды адам еткен-еңбек " қағидасының негізін салып берген . Ұлы ойшыл тарихи шындықты , еңбекті , тәрбиені , оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі , бақыты үшін қолдануды армандады . Бір жолы Әбу Насыр әл-Фарабиден , философия саласында кім мықты , сіз бе әлде Аристотель ме ? -деп сұрапты сонда әл-Фараби- егер мен сол кісінің өзінен білім алу бақытына ие болғанымда , онда мен оның ең мықты шәкірттерінің бірі болар едім - деп жауап беріпті . Ғұлама ойшыл : " Кімде-кім хикмат ( философия , даналық ) білімін оқып үйренуге кіріспек болса , ол ең алдымен жас болуы , ниеті дұрыс , әдепті , қайырымды адам болуы керек . Ондай кісі адамдарға мейірімді , таза , адал болуы , азғын қылықтардан : күнә , қиянат , зұлымдықтан таза болуы тиіс . Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет . Хиқмет білімін оқып үйренуге кіріспек болған адам білімді де , ғалымдарды да құрмет тұтатын кісі болуы керек . Білімді кәсіп , өнер етіп алмауы керек әрі оны малдүние табу құралы етіп жібермеуі қажет . Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса , онда ол көзбояушы саналады . Жалған ақша таза ақша есептелмейтіні сияқты , жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды . Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес , теріс мінезді кісі болса , ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды . Ағаштың өсіпжетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайды ғой . Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты . Кімде-кім өзін өз дәрежесін жоғары көтермек болса , ондай адамнын , өсу жолына тосқауыл койылады " дейді . Ортағасырлық ғұлама данышпан жалпы теориялық ой-пікірдің жетістіктерін жаңғыртып , жетілдіре түсті . Халық даналығы туғызған данышпандық пікірлерге ден қойды . Нәтижесінде өзінің философиялық төл
17