EURASIAN EDUCATION №6 2016 | Page 18

¹ 6 ( 13 ) 2016 Ôèëîñîôèÿ
МАМЫРБЕКОВ АРАФАТ МАЖИТОВИЧ
т . ғ . к ., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Философия және саясаттану кафедрасының доценті
Дүниені дұрыс танып-білу , өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді , тәрбиені , адамгершілікті , ізгілікті дамыту үшін біз әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенеміз . Бұл идеяны орта ғасырларда өмір сүрген Шығыстың ғұлама ойшылдары- Ибн Рушд , Ибн- Сина , әл- Бируни , қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымфилософ әл-Фараби және т . б . айтқан еді .
Тарихымыздың ұлы тұлғаларының бірі , аты әлемге жайылған ғұлама философ , Аристотелден кейінгі " Екінші ұстаз " атанған , батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби ежелгі Отырар ( арабша Фараб ) қаласында қаңлы- қыпшақ тайпасының әскери отбасында дүниеге келген . Әл - Фараби жас кезінен талапты , білімге жетік болып өсті . Әкесінің , ұстаздарының назарына ілініп , тәрбие мектебін абыроймен аяқтап , өз бетімен ізденген . Отырар қаласында сол кезде бай кітапхана болды . Осындай мүмкіншілікті жақсы пайдаланған әл-Фараби көптеген ғылым саласынан хабардар болды және грек , араб тілдерін жетік біліп , сол замандағы білімді деген ұстаздардан тәлім алады . Өзінің айтуынша ғылым жетістіктерін тез танып , өз бойына сіңіруіне 70 жұрттың тілін білуі көп көмегін тигізген . Әл- Фараби сонау ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып , ақыл-парасаттың жетілуін , оқу-ағартудың қажеттілігін айтып , білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын . Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді , оған көп үміт артты . Ол философияны қоғамды оятатын зерде , парасат шамшырағы , халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт , ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал , әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін , уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді . Ойшыл адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді . Бұл мәселені логикалық , этикалық , педагогикалық , тілдік тұрғыдан кеңінен саралап , бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады . Жоғарғы руханилықты адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан - жан-дүние үндестігінен , әдеміліктен , қайырымдылықтан , бақыттан іздестіреді . " Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы ", " Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері "
16
КАМИЕВА КҮНСАЯ РЫМТАЕВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы
Мақалада Әбу Насыр Әл Фарабидің философиялық жүйесіндегі " білім " және " тәрбие " ұғымдарының берілуі қарастырылған . Мақала авторлары орта ғасырлық ойшылдың ағартушылық идеяларына талдау жасайды .
В статье рассмотрены значения и трактовки категорий " знание " и " воспитание " в философской системе Абу Насыра Аль-Фараби . Авторы статьи анализируют просветительские идеи средневекового мыслителя и ученого .
The article describes the meaning and interpretation of the categories of " knowledge " and " education " in the philosophical system of Abu Nasir al-Farabi . The authors analyze the educational ideas of the medieval thinker and scholar .

ӘЛ-ФАРАБИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

және т . б трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталады . Қайырымдылық дегенде ақыл-ой , әділдік , бақыт және теңдік туралы айтқан ежелгі ойшылдардың идеяларына сүйенді . Тек бақыт туралы нақты білімі бар , оған жету жолдарын анық білетін , соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті . Әл-Фараби сезім мен ойлау , тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған . Білімсіз адамгершілік молаймайды , білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды . Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ . Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ . Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді . Әбу-Насыр әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына , аристотельдік , жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді , оларға жаңа сипат береді .
Әл- Фараби аристотелдің логика ғылымын , еңбектерін жоғары бағалайды . Оның айтуынша адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн . Бір сөзбен айтқанда , адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады . Адам рухани жағынын үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс , адам тек ақиқатты , айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды және адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді . Өйткені жақсы істер істеп , мұның төлеуін күтсе адам бұл істерін жамандыққа айналдырады дейді . " Адам өз өмірінің қожасы , сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек . Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап , жиған-тергенін орынсыз шашпай , кез келген адамға сырын ашпай , өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек . Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады " деген . Әбу Насыр әл- Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан әсіресе математика , физика , астрономия , жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды . " Ғылымдар тізбегі " деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен бес салаға бөледі : Тіл білімі , Логика , Математика , Физика , метафизика , Азаматтық ғылым және оның тараулары , заң ғылымы және дін ғылымы . Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап , қысқаша мазмұнына тоқталады . Ол шығыс