EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 98

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí ¹5 (12) 2016 Мақала орта ғасырлық түркі ғалымы Махмұт Қашғаридің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды, сондай-ақ тарихи тұлғаның өмір тәжірибесін тарих сабақтарында оқыту мәселелерін қозғайды. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады. Статья посвящена жизни и творчеству средневекового тюрксого ученого Махмуда Кашгари, а также вопросам преподавания ее жизненного опыта на уроках истории в средней школе. Статья будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей. ОРАЗБЕКОВА МӨЛДІР ДУЛАТҚЫЗЫ тарих пәні мұғалімі The article is devoted to the life and works of Turkish scholar Mahmud Kashgari, as well as the teaching of her life experiences in history lessons in high school. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties. МАХМҰТ ҚАШҚАРИДЫҢ ТАРИХИ-ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ Махмұт Қашқаридың тарихи-ғылыми мұрасы барша түрік әулетіндегі халықтардың қатарында қазақ елінің де мәдениетіне, тіліне, өнеріне тікелей қатысты ұлы ескерткіштердің ішінде Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғат - ат-түрік" еңбегінің де орны ерекше. Махмұт Қашқаридың "Түрік сөздігі" осыдан он ғасыр бұрын жазылған ұлы ескерткіш. Бүкіл түрік қауымының тіліне де құрмет белгісі, еліміздің, ғылымымыздың мәртебесін арттыратын, білім жолында жаңа бетбұрыс қадамдарға жол ашатын энциклопедия. Махмұт Қашқари сынды білімі дария, өресі ен жайлау, өз заманындағы ілім-білімді жете игеріп, ілгері апарған ұлы тұлға- адамзат өркениетінің жұлдызы. Оның қоғамдық-әлеуметтік ойлары, ғылыми зерттеулері мен тұжырымдары түрік тектес елдерді танудың таусылмайтын тұнық көздеріне бастайтын күретамыр арналар. Махмұт Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, бағалап, болашақ ұрпаққа жеткізу. Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Махмұд Қашқари, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнар көз болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне "Диуан Лұғат ат-Түрік", яғни түркі тілі сөздігінің жинағы деп ат қояды. Бұл жөнінде "Диуанында": "Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнар көз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған "Диуан Лұғат ат-Түрік" - түркі тілдері сөздігінің жинағы" деп ат қойдым", - деп жазады. "Диуан Лұғат ат-Түрік" кітабының бізге жалғыз қолжазбасы жеткен. Ол Түркияның Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған, жәдігердің осы күнге келіп жеткен жалғыз ғана нұсқасының табылу тарихының өз і бір аңыз. Атақты Мысырлық тарихшы Бәдреддин Махмұд ибн Ахмет ибн Мұса өзінің "Замана ақыл-ойының ақық-інжулері" атты еңбегінде түркілердің тілі, тұрмыс- тіршілігі, рулық таңбалық белгілері, тілі мен тұрмысы туралы тұжырымды, мағлұматтарды Махмұт Қашқаридың кітабынан оқығанын жазған. Оны 1914 жылы түрік ғалымы Әли Әмір мұқтаждықпен саудалап тұрған адамнан кітап жаймасынан сатып алады. Содан кейін Рифат білге баспаға әзірлейді, жариялатады. [1] "Диуанның" ең алғашқы аудармасы Муалим Рыфаттың қолымен 22 дәптерде түрік тілінде жасалған болатын. Алайда I дүниежүзілік соғыс, артынша елде орын алған 96 саяси тұрақсыздықтар мен азамат соғысы салдарынан аударма жарияланбай қалады. Бұдан бөлек Абдуллаһ Атыф Түзүнер және Абдуллаһ Сабри Картер де түрік тіліне аударып шыққан-ды. Алайда бұлардың ешбірі жарияланбайды. Барлығы да қолжазба күйінде әлі күнге Түркияның кітапханаларында сақтаулы. Ататүріктің басшылығымен 1932 жылдың 26 қыркүйегінде Долмабахче сарайында ұйымдастырылған I Түрік тілі құрылтайында еңбекті аудару ісі қайтадан Муалим Рыфатқа жүктеледі. Екінші рет қайта аударып шыққан Рыфат, баспадан шығару үшін Түрік тілі қоғамының бас хатшысы Нежми Дилмен және Бесим Аталаймен Долмабахче сарайында кездеседі. Алайда келіссөз сәтсіз аяқталып, тағы да жарияланбай қалады. 1937 жылдың аяғында Нежми Дилменнің қолқалауымен аударма ісін Бесим Аталай өз мойнына алады және 1940-41 жылдары ең алғаш түрік тіліндегі аудармасы жарық көреді. Бұл аударма ұзақ жылдар бойы көптеген еңбектердің жарық көруіне арқау болып қана қоймай басқа тілдердегі аудармаларына да негіз болады. Өзбекстан ғылым академиясы баспасынан 1960-63 жылдары "Түрки сөзләр Дивани" деген атпен 3 томдығы жарық көреді. Аударып баспаға дайындаған Салих Муталлибов. Ескерткіштің индекс сөздігін әзірлеген Гани Абдуррахманов пен Салих Муталлибов 1967 жылы 4-ші том ретінде жариялайды. 1955 жылы ағайынды Мұхаммед Пейзи мен Әхмет Зияи, 1963-66 жылдары Сайрани еңбекті қазіргі ұйғыр тіліне аударып шықса да, Шығыс Түркістандағы саяси тұрақсыздық салдарынан жарияланбайды. Ақыры 1978 жылы ұйғыр және қытай тілдеріне аударылуы жөнінде мәселе ресми күн тәртібіне қойылады. Шыңжаң ұйғыр автономиялық облысы Ғылым академиясы жанынан құрылған кеңес мүшелері тарапынан аударылып, 1981-84 жылдар аралығында баспадан жарық көреді. 2002 жылы осы еңбектің негізінде қытай тіліндегі аудармасы жасалады. 1982-85 жылдары арасында ағылшын тіліне аударылып, Гарвард университетінде "Mahmud al-Kashgari Compendium of Turkic Dialects (Diwan Lugat at-Turk)" деген атпен жарық көреді. Жәдігерді тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, баспаға дайындаған Асқар Егеубаев болды. 1997 жылы 1-2 томдарын, 1998 жылы 3-томын "Түрік Сөздігі" деген атпен жариялаған болатын. Сондай-ақ 2004 жылы профессор Хүсейін Дүзгүн 1 томдық етіп парсы тіліне, Рамиз Ескер 2006 жылы әзірбайжан тіліне аударып бастырды. Көріп отырғанымыздай түрік, қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, қытай, ағылшын және парсы тілдеріне аударылып жарияланған "Диуан Лұғат-ит-түріктің" аудармалары мыңдаған кандидаттық және докторлық