EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 97

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
- сурет бойынша әңгіме жазу;- икемі бар балаларға өлең шумақтарын жазғызу;- ертегі жазу;- көркем шығарма оқу;- сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру;- әркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру;- сөзжұмбақтар құрастыру;- газет- журнал шығарту;- балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу;- жұмбақтар құрастырту;- хат жаздыру;- белгілі бір шығармаға қысқаша пікір жаздыру т. б. Оқушының сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін байытуда сыныптан тыс оқуға да үлкен талап қойылады. Сыныптан тыс оқу мектеп бағдарламасында арнайы ескеріледі, міндетті шығармалар тізімі беріледі, сағат саны көрсетіледі. Әйтсе де, тек көрсетілген тізіммен шектеліп қалмай, сабақ үстінде үйде оқып келуге оқушыларға қызықты әңгімелер мен ертегілер ұсынылса, бұл біріншіден, нақты мақсатқа жетуге, екіншіден, оқушылардың одан әрі де көркем шығарманы өз бетімен қызығушылық танытып оқуына септігін тигізеді. Оқылған шығарманы тексеріп, сараптаудың жолдары көп;- түсінгенін әңгімелету;- сұрақтарға жауап бергізу;- кейбір үзінділерді жатқа айтқызу;- оқыған кітабы бойынша таныс емес сөздерін сөздік дәптеріне жазып отыруға дағдыландыру;- кейіпкерлер іс- әрекетіне баға бергізу;- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру;- ең соңында сол шығармаға ұқсатып әңгіме жаздыртып көру т. б.
Мұғалім осындай жұмыстарды атқарту арқылы оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді. Көркем шығармамен жұмыс- оқушының тілін байытудың ең тиімді жолы. Көркем шығарманы көп оқу арқылы
¹ 5( 12) 2016
оқушының танымы артып қана қоймайды, ойын жүйелі жеткізуді, байланыстырып сөйлеуді, тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын дұрыс меңгеруді үйренеді. Алайда, көркем шығармамен жұмыс істеу барысында есте ұстайтын жайт: шығарманың оқушының жас ерекшелігіне сай болуы, мазмұнының қызықты болуы, тәрбиелік мәнінің зор болуы, оқушыны жалықтыратындай тым көлемді болмауы. Сонымен бірге ана тілі сабағында өтілген материалды бекіту үшін оқушының ауызша сөйлеу мүмкіндігін арттыруға назар аударған дұрыс. Мұның төте жолы- түрлі рөлдік ойындар. Ондай ойындар оқушының тілін, еске сақтау қабілеттерін арттырады, зейінін шоғырландыруға көмек көрсетеді. Ойын барысында өзіне бекітіліп берілген рөлді ойнау үшін оқушы ізденеді, талаптанады, жинақталады, айтатын сөзін салмақтайды. Белгілі бір жағдаятқа өзі кіріп, өз басынан өткереді. Нәтижесінде сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына осы ойынның жәрдемі тиетінін түсінеді.
Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай- ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Мұндай жұмыстар оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды, жеке дара шығармашылық қабілетінің ашылуына түрткі болады. Сабақ үдерісінде мұғалімнің басшылығымен мұндай жұмыстар жүзеге асырылып, жүйелі орындалып отырса:- оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді;- ауызша және жазбаша тіл мәдениеті талаптарын меңгереді;- сауатты жазуға үйретеді;- оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.
Қорыта келгенде, мақала көлемінде ана тілі сабақтарында оқушының тіл байлығын арттыруға жәрдемі тиетін әдіс- тәсілдер мен іс- әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні даусыз.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми- әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты.- Алматы: 1994 2. Уәлиханұлы Н., Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті.- Алматы: 2002 3. Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық.- Алматы: Зият Пресс, 2004.- 140 б
95