EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 96

¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте әдебиеттік оқу сабақтарын жүргізуге арналған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
ОМАРОВА ДИНАРА ТУРАРОВНА
САРСЕМБИНОВА МУНИРА КАДЕСБЕКОВНА
бастауыш сынып мұғалімдері
Данная методическая работа освещает вопросы преподавания литературного чтения в средней школе начальной школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work covers issues of teaching literary reading in secondary school. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Бастауыш мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда " Ана тілі " пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі- оқушының сөздік қорын дамыту. Және сөздік қормен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру- осы пәннің міндеттерінің бастысы. Осы орайда белгілі ғалым Н. Уәлиев: " Тіл мәдениеті дегеніміз- сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық ",- дейді. Жалпы, ана тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты қаланады.
Сабақ үстінде жаңа сөз үйретілумен қатар сол сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігі туралы мұғалім тарапынан ескертіліп, ана тілінің ұлылығы, байлығы туралы мәселе кешенді қарастырылғанда ғана оң шешімін таппақ.
Тіл байлығы- сөз байлығы. Лингвист- ғалым М. Балақаевтың: " Ана тілін жақсы білу- әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт ",- деген пікірімен келіспеске болмайды.
Бастауыш мектепте ана тілі сабағында сөздік қорды дамыту жұмыстары түрлі әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асады: сұрақ- жауап; әңгімелесу; әңгімелеу; түсіндіру; зерттеу; түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы. Сабақ сайын өтілген тақырып ауқымына қарай кем дегенде екі- үш сөзден болсын оқушының лексикалық минимумы артып отырады. Және барлық үйренген сөзі күнделікті өмірде белсенді қолданыла бермеуі мүмкін. Көнерген сөздер( зат, киім- кешек, салт- дәстүр, музыкалық аспаптар, ай, жыл, қару- жарақ атаулары), кәсіби сөздер т. б. қажеттілік болмаса, үнемі белсенді қолданысқа түсе бермейді. Осыдан келіп сөздік қордағы сөздерді белсенді және белсенді емес сөздер деп қарастыру қажеттігі туындайды. Тіл байлығын арттырып, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруде мәтіндермен жұмыс жүргізу аса маңызды. Көркем мәтінге тақырыптық талдау жасап, негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс- әрекетіне баға беру, сол
арқылы оқушы танымын кеңейтіп, тәрбиелік жағына көңіл бөлу- бастауыш сынып бағдарламасында ескерілетін жайт. Алайда, көркем мәтінді оқыған соң, талдаған тұста сөздік жұмысын жүргізу одан әрі оқушының барынша дұрыс түсініп, барлық талдауларға еркін қатысуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстары жүйелі жүріп, оны дұрыс меңгеруі үшін әр оқушыда жеке сөздік дәптер болуы керек. Мұғалім оқушылардың дәптеріне төмендегідей кесте сызып беріп, оның тұрақты толтырылуы талап етілсе құба- құп. Жаңа сөз Мағынасы Синонимі Антонимі Тек дәптерге жазғызып қою жеткіліксіз. Енді танысқан сөзді санада тұрақтандыру үшін жаңа сөзбен түрлі жұмыстар жүргізіледі:- мүмкіндік болса, заттың өзін көрсету;- суретін көрсету;- синониммен түсіндіру;- антонимдері арқылы түсіндіру;- мұғалімнің жалпы түсініктеме беруі т. б. Мақал- мәтелдер мен тұрақты тіркестерді үйрету барысында да оқушының тіл байлығы артады. Оқулықта берілген және басқа да мақал- мәтелдерді, тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру- мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмауы үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады. Мақал- мәтелдерді қаншалықты білетінін анықтау үшін әрі мейлінше көп меңгерулері үшін осы бағытта сайыс сабақтар ұйымдастырылады. " Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ " тәрізді сайыстар оқушының тіл байлығының артуына ғана емес, ой- өрісінің, танымының артуына ықпал етпек.
Оқушының тілін байыту жұмыстары тіл мәдениетімен тығыз байланысты екені белгілі. Тіл мәдениеті бойынша бастауыш сынып оқушыларына мына талаптар қойылады:
- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;- шамасы жеткенше ертегі, әңгіме жаза білу т. б. Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі- шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсыр- малар- тіл мәдениеті талаптарын жүзеге асыруда аса тиімді. Оның түрлері:
- шығарма, әңгіме жазу;
94