EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 99

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
диссертациялар мен іргелі зерттеу еңбектеріне әлі күнге арқау етіліп келеді.[ 2 ]
" Диуанның " абыройын асырып, Қашқаридің мерейін үстем еткен нәрсе ол- әрине, осыдан мың жыл бұрынғы түркі тайпалары тілінің сөздік қорын жинақтап, мысалдарымен қоса беруі. Осы күнге дейін Қашқари сөздігіне жасалған статистикалық талдаулардың нәтижесінде бірізділік байқалмайды. К. Броккельманның " M? ttelturkischer Wortshats nach Mahmut al-Kashgaris D? van Lugat at-Turk " атты еңбегінде 7993 сөз орын алса, Бесим Аталайдың Индекс сөздігіндегі сөздердің саны 8783. Абдуррахменов пен Муталлибовтың индексінде 9222 сөз берілсе, Вефа Налбанттың түзген сөздігінде 8624 сөз реестерге алынған. Статистикадағы бұл әр түрліліктің себебі кей зерттеушілердің " Диуандағы " реестер сөздермен қоса мысалдар да берілген кей сөздерді де жеке сөз ретінде алғандығымен түсіндіруге болады. [ 3 ]
" Диуанның " негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде еңбектің 23-24 беттерінде орын алған әлемнің картасын атап өтуге болады. Бұл бір түркі азаматының қолымен сызылған әлемнің тұңғыш картасы. Әлбетте осыдан 1000 жыл бұрынғы шарттардағы жағрапия ғылымының мүмкіндігі тұрғысынан баға берер болсақ, өте жоғары деңгейде әзірленген. Картаның бір түріктің қолынан шыққандығының айғағы ретінде мына нәрселерді айтуға болады: Ең әуелі түрік қағандарының мекені болған Баласағұн шаһарын жердің кіндігі етіп алып, қалған шарлар мен елді мекендерді осы қаланың ыңғайына қарай орналастырылған және бағыттар Орхон жазбаларындағыдай ежелгі түркі дәстүрі бойынша анықталған. Түркілер мекендеген аймақтардағы шаһарлар мен елді мекендер, таулар мен өзендер, көлдер мен теңіздер бүге-шүгесіне дейін анық көрсетіледі. Сондай-ақ түркілер мекендеген аймақтарды белгілеуде өте аз қатеге жол берілуі картаның бір түркінің қолынан шыққандығының дәлелі деуге болады. [ 4 ]
" Диуани лұғат ат-түріктің " әдеби және тарихи маңызы зор. Мұнда 200-ден астам өлең, 300-ге тарта мақалмәтелдер, жүздеген қанатты сөздер мен көркем теңеулер, т. б. бар. Бұл " Сөздікте " мысал ретінде келтірілген көптеген мақтау, жоқтау түріндегі өлең үлгілерінің қадым замандарда, алғашқы қауымда, сақтар, ғұндар дәуірінде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Мұндай көне жырларда алғашқы қауымдағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы бейнеленген. Алғашқы қауым адамдары Күнді, Айды, Бұлтты, Жұлдызды адам сияқты " тірі жан " етіп, бірде " ашуланатын ", бірде " көңілденетін " құбылыс ретінде суреттейді. " Сөздікте " табиғат көріністеріне қатысты жыр жолдары көп. Мұнда " бұлттар ойнай бастағанын ", " сай салаға су толғанын ", " түрлі түсті бәйшешек өсіп шыққанын ", " арқар-киік асыр салғанын " бейнелейтін өлеңдер жиі ұшырайды. " Сөздікте "- " Қыс " пен " Жаздың " айтысына құрылған өлеңдер де бар. " Қыс " пен " Жаз " адамдар бейнесіне түсіп, өзара айтыса бастайды. Әрқайсысы өзінің артықшылығын мақтан етеді. Ақыры адамдарға берер ырзығы да, қуанышшаттығы да мол жаз жеңіп шығады. Жаз маусымының бұл " жеңісі "- адамдардың жеңісіне айналады. Мұның өзі түркі халықтары арасында айтыс өнерінің қадым заманда-ақ кең тарағанын аңғартса керек. " Түркі
¹ 5( 12) 2016
тілдерінің сөздігінде " ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең-жырлар көп. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. " Сөздікте " ерлік тақырыбын жырлаған көлемді дастандардан келтірілген үзінділер жиі ұшырайды. Солардың бірі- " Мыңлақ елін алғанбыз " деген жыр үзіндісі. Бұл жырдан үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының құдіретті дабылы естіліп тұрғандай сезіледі. " Диуани лұғат ат-түрікте " мақтау, жоқтау түріндегі өлең үлгілері де жиі ұшырайды. Мыс., " Алып Ер Тоңғаны жоқтау " деп аталатын жыр Махмұт Қашқари сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау Тұран елінің әміршісі, даңқты қолбасшысы Алып Ер Тоңғаның( қ. Афрасиаб) қазасына байланысты айтылған. Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда бүкіл ел қайғырғанын, ең қатыгез батырлардың өзі еңіреп жылағанын, адамдардың нұрлы жүздері сарғайып кеткенін, батырлар өз жағаларын жыртып, айғай сап жылағанын ақын эмоциялық тұрғыда әсерлеп жеткізген. Мұнда " тау қойнауы жыртылар ", " атса оны көздеп ", " атын болдыртты ", " қайғы тоздыртты ", " жүз сарғайды ", " запыран жаққандай " деген сияқты тұрақты сөз тіркестері жиі ұшырайды. Жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталған. " Диуани лұғат аттүрікте " аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлеңжырлар көп. Мұндай өлеңдерде тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал баққаны жырланады. " Диуани лұғат ат-түрікте ", " ежелгі түркілердің наным-сенімінен туған тұрмыс-салт жырлары, әсіресе, төрт түлік мал туралы өлеңдер, бата, тілек, бесік жыры, жар-жар, сыңсу, естірту, т. б. жиі ұшырайды. Сондай-ақ, " Сөздікте " қадым замандарда халық арасына кең тараған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер көп. Солардың бірқатары қазіргі қазақ тілінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде айтылып жүр. [ 5 ]
Қорытындылай келе түркі тілінің тарихи дәуірлерінің қай-қайсысын болмасын зерттеу нысанына алып, белгілі бір дәуірдің тілі жайында пікір айтқысы келген кез келген зерттеушінің Қашқариға соқпай айналып өтуі мүмкін емес. Әрбір пікірін " Диуан Лұғат " арқылы дәйектеп қуаттауға тырысады. Сондықтан да тіл тарихына қатысты жасалған әрбір зерттеуде міндетті түрде Қашқаридың есімін кездестіреміз. Себебі Қашқари түркітану ғылымының негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы филологы. Араб тілінің мысы басып, дәурені жүріп тұрған шақта түркі тілі, мәдениеті, тыныс-тіршілігі, рухани құндылықтары жөнінде сол араб тілінде еңбек жазып қана қоймай, араб мәдениетінің ошағы Бағдат қаласына барып, халифқа тарту етуі Қашқаридің түркілікті насихаттаушы ұлы миссионер екендігін көрсетеді. Ол түрік тілін тек арабтарға ғана емес, бүкіл өзге ұлт өкілдеріне үйретуді, танытуды, тіпті сүйгізуді көксейді. Түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем түспейтінін, түркілердің де жер бетіндегі халықтардың ең бір тектісі, тәңір сүйер жақсы қасиеттерге толы ұлы халық екендігін дәлелдеуге тырысады. Қашқари- бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал " Диуан "- түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының сарқылмас қайнар көзі.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. Алматы, 1993. 2. А. Егеубай. Түрік сөздігі.- Алматы, 1998. 3. Н. Келімбетов. Диуани лұғат ат-түрк. Алматы, 2001. 4. Шәкәрім журналы. 3( 03) 2006 5. " Қазақстан " ұлттық энциклопедиясы, Алматы, " Қазақ энциклопедиясы ", 1998 ж. 3-т
97