EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 90

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí ¹5 (12) 2016 1. Дидактикалық ойындар 2. Ойын жаттығулары 3. Сюжетті ойындар 4. Қозғалмалы ойындар 5. Сахналық - рольді ойындар Дидактик алық ойындар - балалардың ой-өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге көмектеседі. Тіл дамыту сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың маңызы зор. Балалардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамытуға әсер етеді. Қарапайым математикалық түсініктерді таныстыруда көптеген тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. Еске сақтау қабілеті көптеген ойындар қажет етеді. "Құрастыру балапан, мысық, тиін, кірпі, зымыран т.б." сияқты ойындарды қолдандық. Балалардың оқу материалын ұмытпай есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасаймыз. Сауат ашу сабағында әріп, буын, сөз, сөйлем арқылы ойын түрлерін қолданамыз. "Айырмашылығын тап", "Мына суреттің ерекшелігін тап", "Артығын табу", "Әрі қарай жалғастыр" т.б. Сонымен қатар оқу іс-әрекетінде ойыншық заттар арқылы сөйлету, басқы әрпін табу, дыбыстау, дауысты- дауыссызға бөле білу, ойын жаттығуларын пайдалану баланың есте сақтау қабілетін ойынды әр түрлі етіп, қолдана отырып дамытуға болады. Дидактикалық ойындарды сабақ кезінде қолданғанда біршама қиындықтар бой көрсетті. Әсіресе алынған ойынға байланысты қиындықтар болды. Сабаққа да кері әсерін тигізеді; шулау, бірін - бірі тыңдамау, дұрыс қолдана білмеу. Ойынды қолданған кезде ұйымдастырушылық қабілет аса қажет. Баланың қызығушылығын туғызып, оқып үйренуге бағыттай бі лсе қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкінділігіне сенімі артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Осы жұмыстарды ары қарай жалғастыра отырып, әріптестерімен тәжірибе алмастыруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Ұлы Абайдың : "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" деген сөзінен бала өміріндегі ойынның соншалықты маңыздылығына аңғару қиын емес. Жас баланың өмірді тануы, еңбек әрекеттері, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этногрофтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынның психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерін көркем бейнелер арқылы зерттегені де мәлім. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған ортамен құбылыстарды ақиқат сырымен ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлім өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Әр баланы жақсы көре отырып, тәрбиеші өзінің бойындағы жақсы қасиетін сіңіре білуі керек. Бала кішкентай болғанымен оның ісі мен әрекеті көп. Сондықтан әр тәрбиеші олардың сезімін бағалап, әрекеті мен ісін елеулі түрде қабылдап, өз ойларын еркін жеткізе білуге жетелеуіміз аса маңызды. Көрнекті педагог В.Сухомлинский "Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады" - дейді. Қорыта келе, ойын тәрбие құралы, жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. 2. 3. 4. 5. Крутецкий В.А.. Психология Издание 2 Темірбеков А.С.; Балабаев А.Қ. Психология Алматы Оразбеков А.А. "Отбасы психологиясы" Алматы, Білім 1998 "Білім туралы Заң", "Болашақ форум" 2009 "Мектепке дейінгі тәрбие" № 10. 2007 88