ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСКЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
¹ 5( 12) 2016
Мақала мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне арналған. Мақала авторы бүлдіршіндердің қимыл қозғалыстарын, олардың дүниетанымы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында балаларды оқыту жұмыстарын ұйымдастырудағы өз тәжірибесімен бөліседі. Әдістемелік жұмыс мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлерінің назарына ұсынылады.
МҰЗДЫБАЙ ЛӘЗЗАТ ӘБДЫҒАЛЫМҚЫЗЫ
АРЫСТАНГАЛИНА АСЕМГУЛЬ СЛАНБЕКОВНА
"№ 3 Жалпы орта білім беретін мектеп кешені " КММ тәрбиешілері
Статья посвящена вопросам обучения и воспитания детей дошкольного возраста. Автор статьи делится собственным опытом организации деятельности детей в детском саду для развития их опорно-двигательных функций, кругозора и мышления. Методическая работа будет интересна воспитателям и методистам дошкольных учреждений образования.
The article is devoted to questions of training and education of preschool children. The author shares his own experience in organizing activities for children in kindergarten to develop their locomotor functions, vision and thinking. This methodical work will be of interest to teachers and methodologists of preschool educational institutions.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСКЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында " Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде " деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан мектептегі оқу үрдісін мектепке дейінгі кезеңнен басталу керек. Оқу кезеңі барысында әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде балалардың шығармашылық ойларын дамытып, оқуға көзқарасы мен белсенділігін арттырады. Балаларды дидактикалық ойын технологиялары арқылы дамытып, білім беріледі. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, ойын арқылы білім алып жан-жақты тұлға болып дамиды. Білім беру саласында балалардың әр түрлі пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет. Себебі, жаңа технологияларды қолдану тәрбиешілер мен балалардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Біз балаларды қалыптасқан жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігінде ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс атқарудамыз. Міндетіміз: 1. Баланы есте сақтау қабілеті арқылы жаттықтыра отырып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізу.
2. Баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. 3. Дидактикалық ойын арқылы баланы ойлай білуге, сөздік қорын молайтуға ықпал ету. 4. Дидактикалық ойын арқылы баланың қоршаған дүние туралы түсінігін қалыптастыру. 5. Еске сақтауға арналған ойын түрлерін жинақтау, кітапша жасау. 6. Аудио, видео, электрондық таспаларды жинау, пайдалану жолдарын меңгеру.
Бол жамы мыз: Оқуға д еген бел сенд іліг ін, қызығуш ылығ ын, ойлауы, тұлғ алық қас иеттері қалыптастырады. Ойын арқылы еске сақтауы артады. Сабақ кезінде байқау, бақылау, талдау, жинақтауды
қолданамыз. Зерттеу кезеңінде қарама-қайшылықта бала д енсаулығ ына, жанұясы на, әлеуметтік жағдайына, ішкі психологиясына, ойын түрлерінің жетіспеушілігіне, ақпараттың аздығына байланысты болуы мүмкін.
А. Н. Леоньтиевтің анықтамасы бойынша " Ойын- адам іс- әрекетінің бір түрі ". Ғалымдар С. Л. Рубейштейн; Б. В. Ломова; А. А. Адлер; Қ. Т. Шериязданова т. б. ғалымдардың еңбектерін оқи отырып түйгеніміз: Ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ақыл-ой тәрбиесі болмайды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ деген. Ойын- ұшқыр білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын кезінде үлгерімі төмен балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп, ойлана бастайды. Мектептегі оқутәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі- баланың еске сақтау қабілетін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы бала есінің қалайша дамып отыратындығын психологиялық жағынан жақсы көрсетілген, заңдылықтарымен дәлелденген. Бұл міндеттерді іске асыруда баланы еңбекке, қоғамдық істерге араластыру, шығармашылыққа баулу қажет. Әрине өз жас ерекшелігіне сай әрекет жасалу қажет. Заман талабына сай әр тәрбиеші сабағын жаңаша ұйымдастырып, ізденісте болу керек. " Білім беру субъектісі ретінде баланы қалай дамытамыз? Не арқылы дамытамыз?" деген сұрақтар туындайды. Іздену арқылы жаңа технологияларымен таныстық. Өзімізге ұнаған технологиялардың бірі- ойын технологиясын пайдаланып жүрміз. Ойын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынып, сол сабақты қаншалықты есте сақтағандарын тексеруге болады. Дидактикалық ойынды жаңа сабақ, қайталау, білімдерін тиянақтау кезінде яғни, сабақтың кез-келген сәтінде қолданамыз. Балалар сабақта ойнап қана қоймай, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі. Мектепке дейінгі топтың балалары ойынды аса қажет етеді. Г. А. Ляпина ойындарды бірнеше түрге жіктейді:
87