¹ 5( 12) 2016 Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
КЫДЫРМАНОВА КУЛПАН СЕЙТКАЗИНОВНА
НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ АЙГЕРІМ
"№ 3 Жалпы орта білім беретін мектеп кешені " КММ тәрбиешілері
Мақала балалардың сөйлеу қабілетін және қарымқатынасқа түсу дағдыларын дамыту мәселелеріне арналған. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
Данная статья посвящена вопросам коррекции речи и развития речевой и коммуникативной деятельности у детей. Статья будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This article is devoted to questions of speech ' s correction and development of speech and communicative activities of children. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Балабақшадағы тәрбиелеу- оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарымқатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды қоршаған заттармен таныстырып, атын атай білуге, сапасын, түрі, түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарымқатынас жасай білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:- Балалардың сөздік қорларын дамыту;- Жаңа сөздерін меңгерту;- Үйренген сөздерін тиянақтап, аңықтау. Аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен жол ашады. Ойын балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп, бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын сабақтарын барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Бала өз жетістігіне қуанады. Соңдықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшілігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды заттармен, үстел үсті және сөздік ойын түрі өткізуге болады. Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде " қуырмаш " тәрізді жас сәбилерге арналған ойында бар. Балалар осындай саусақ ойының ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың жазу сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, атқұма, көкпар, көрші, орын тап, санамақ, сұрақ жауап, тасымалдау, тең көтеру, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім қай ағаштың жапырағы, салыстыр да атын ата, қайсысы көп қайсысы аз, бірдей ойыншықтарды тап.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да рольдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Рольдік ойындар мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Мысалы " Дүкен " ойының ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне електейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады ".
Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. " Бала мен балабақша " 2011, № 1, 5 2. Дукенбаева Г. Данашев А. " Балабақшада оқу-тәрбие ұйымдастыру ", Алматы 1991 3. " Бүлдіршіндерге арналған тілашар "( Методикалық нұсқау), 2001
86