EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 86

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí ¹5 (12) 2016 Берілген әдістемелік жұмыс балалар саз мектебінде өткізілетін тәрбие сағатының үлгісі. Сабақ жоспары музыкалық мектеп ұстаздарының, әдіскерлер мен педагогикалық мамандық студенттерінің назарына ұсынылады. Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока в детской музыкальной школе. Разработка урока будет интересна преподавателям музыкальных школ, методистам и студентам педагогических специальностей. КУРУМБАЕВА КЕНЖЕГҮЛ СЕМБАЙҚЫЗЫ This methodological work is an example of a lesson in the children's music school. The article will be interesting for music schools' teachers, methodists and students of pedagogical specialties. Семей қаласы "№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешен" КММ құрамындағы Балалар музыка мектебінің домбыра мұғалімі "ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫ - ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ" Сабақтың жоспары: 1. Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқының музыкалық аспабы" 2. Сабақтың мақсаты: "Музык а мектептерінде қолданылатын негізгі аспаптар" 3. Тәрбиелік мақсаты: "Күй өнері және алатын орны" 4. Қортынды. Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, ұрпақ тәрбиесі жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Қоғамның жаңаруы ғылым мен білімге тәуелді. Сонымен қатар халықтын болашағы білімділігімен ғана емес, өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетімізді бойына сіңіре білулгімен де, тәрбиелілігімен де анықталады. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде этнопедагогикаға сүйену, қазақ халқының ұлы ата-бабасының музыкалық мұрасын қолдану өте маңызды. Түркі тектес халықтарының ішінде ерекше басқаларынан озық тұрған қазақ халқының ерекше екі өнері бар. Оның бірі - айтыс өнері, екіншісі - күйшілік өнері. Халқымыздың күйлері, ұлттық жігер - қайратын, арман - тілегін, рухын, абстракциялық ойлау жүйесін, музыкалық ойлау жүйесін паш ететін ерекше құбылыс. Бұл әлемдік үлкен симфонияларымен иықтасып жатқан рухани қазына екенін өркениет бүгін мойындай бастады. Күйдің атасы халық болса, анасы домбыра мен қобыз. Сан ғасыр домбыра мен қобыз халықпен бірге тарихтың сан көшінен өтіп, өңделіп өзгеріп, жетіліп халықпен бірге бүгінгі күнге жетті. Ақын Қ.Мырзағалиев айтпақшы, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Ал қобыз болса, тарихи жағдайларға байланысты біраз кенжелеп қалғаны анық. Үш жүз жыл билеген орыс отаршылдығы кезінде репрессияға ұшыраған музыкалық аспап-қобыз болды. Бүгінде қобыз аспабы біршама жетілдіре зерттеу үстінде болу керек. Әсіресе, егемендік алғаннан бері бұрын бақсының аспабы деп қаралып келген қыл қобызға ұлттық ықыласы қайта оянғандай. Соның бір ерекше көрінісі Б.Тілеуханов, біздің заманымыздың қарға бойлы қазтуғаны Бекболат ғасырлар қайнауында тынып жатқан қобыз үнің бері шығарып жаңғыртып, жаңартып, өзінің көкірегінде сомдап қайта соғып біздің 84 заманымыздың биігінен халқына шашу етіп шашқаны, феномендік құбылыс. М.Жұбановтың "Батыр Баян" поемасының кіріспе бөлімін қобызға қосып орындауы ұлттық үнге, ондағы ұлттық кемпір қосақ бояуға аңсарының шө лін басқандай. Домбыра өзінің ішегін леска-жилкаға айырбастағаннан бері ұлттық қоңыр үнінен, дыбыстық қоңыр бояуынан айырылды десе де болады. Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа қазына ретінде беріп келе жатқан, сол халықтың мұңы мен шерін көкейкесті арманын жеткізіп келе жатқан ұлттық лирика аспаптары- қобыз бен домбыра бүгінде зерттеу жетілдіру үстінде. Домбыра - ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардын бірі. Соңғы жылдары домбыра үйрету бағдарламалары қазіргі уақыт талабына сай жақсартылып, толықтырылуда. Домбыра репертуары әр ел аспаптық орындаушылық мүмкіндігі де арта түсті. Домбыра аспабында дәстүрлі ән-күй орындау өнерімен қатар, әр түрлі көлемінде үлкенді- кішілі шығармаларды фортепияноның сүймелдеуімен орындау шеберлігі кең таралды. Дегенмен, күй шертудегі дәртүрлік ерекшеліктерді, ұлттық бедер нақышты өз қалпында сақтауға барынша көңіл бөлінуде. Домбыра-қазақ музыка мәдениет тарихында ел ішінде ең көп тараған аспап. Әсіресе бармағынан бал тамған халық күйшісінің қолына тигенде домбыраның үні құлақ құрышын қандырады. Бұл кезде қос ішек күңірене сөйлейді. Ұлы жазушы М. Әуезов "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген екен. Ұлттық музыканы ұрпақ көкірегінде дарыту бесік жырынан, домбыра үнінен, қобыз сарынынан басталады. Бұл барлық ұлттық тәрбиенің, онын ішінде музыкалық тәрбиенің де бастауы. Өнермен сусындаған, өңермен тәрбиеленген ұрпақ кәмелеттік жасқа толып, атжалын тартып азамат болған шағында қатігездікпен қианат - шыңдыққа жол бермейтін ұлтын жаныңдай сүйетін ұлан болар анық. Балаларды өнерге қызықтыру алдымен ата- аналардың міңдеті. Халқымыздың өнерпаздық дәстүрі бойынша, күй тартылмас бұрын білікті домбырашы сол күйдің