EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 83

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí ауысқанда соңғылардың үлкен айырмасын көрсетті. "Сипай кағыс" - саусақтың ұшымен жинап өтетін қағыс "Текпе дәстүрі" - оң қолмен тұтас құлаштап, тарту. Батыс Қазақстан дәстүрі. "Сұқпа КҮЙ" - ортаңғы және сұқ саусақтарымен қатар шерту әдісі. "Ілме күй" - ішекті сұқ саусақпен жоғары қарай іліп шерту қағысы. "Жап та қымта күй" - бұл күй тек сол қолмен орындалады - ашық ішектердің үні шығарылған соң перне басылады. "Саулама қағыс" - мұнда ішектер төрт саусақпен төмен қағылады да бес саусақпен жоғары қағылады. "Шәлдеріш қағыс" - төрт саусақпен екі рет темен, бас бармақпен және саусақпен жоғары қағу. "Иілме қағыс" - бүкіл қолды домбыраның шанағы мен мойны үстінен үйіре қағу. "Тырнама қағыс" - төрт саусақпен домбыраның бетінен (тырнағындай) күштеп қағу "Шашырама қағыс" - төрт саусақты ішектерге тиер тимес етіп жеңіл қағу. "Шалу кағыс" - бүкіл қолмен жоғары қағу. "Діңес қағыс" "Ұрлық қағыс" "Науша қағыс" "Сілкіп қағу" "Жалап қағу" "Түндек қағыс" "Теріс қағыс" - ішектерді қағып оң қолды баса қою. "Біркелкі қағыс" - ішектердің бір тұсынан қағу "Орама қағыс" - бір рет төмен бірнеше қағу жоғары "Алма кезек қағыс" - жоғары төмен кезекпен қағу "Шалқып қағыс" "Толқындама қағыс " - бас бармақпен бірнеше рет жоғары қағу. Өзінің аса қарапайымдылығына және сол себепті домбырашылардың тез қабылдауына байланыста. Халық арасына ең көп таралған қағыс - "Қара қағыс" - біздің аспаптық орындушылық мәдениетімізде қара қағыстың түрлері көптеп саналады. Мысалы: ПППП - ылғы төмен қағыс UUUU - ылғы жоғары қағыс. Бұл екі мысалдағы қағыстар бір бағыттағы қағылатын ( бір - төмен, екіншісі - жоғары) "қара қағыстардың оңай да тиімді түрі. Әрі қарай осы екі қағыстың өзара орын алмасуынан "қара қағыстың" келесі бір түрі - алма - кезек қағыс шығады. Мысалы: ПUПU - алма - кезек қағыс. "Қара қағыстың бұл түрлері қолына алғашқы рет домбыра ұстаған оқушының міндетті түрде үйренетін аспаптық" әліппесінен бастапқы әріптері және осы өнерді түбегейлі меңгерудегі кездесетін болашақ күрделі қағыстардың ең қарапайым да негізгілері болып есептелінеді. Бұдан кейінгі қағыстар бертіндеп күрделене түседі. Тіпті "орама қағыс" - деп аталатын қара қағыстың келесі бір түрін домбырада тез үйреніп кетудің өзі алғашқыларға қарағанда қиындықтар туғызады. Мысалы: ПUU - "Орама қағыс". Халық музыкасында "Қара қағыстардың өзар