EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 82

¹5 (12) 2016 Ішектер. Ерте уақытта домбырашылар аспаптарына қойдын немесе ешкінің ішегін иіріп тағып ойнаған. Ал қазіргі кезде домбыра ішектері арнайы кәсіпорындарда әртүрлі жуандықта жасалып шығарылады. Домбыра - тенор үшін ең қолайлығы 0,7 мм 0,75 мм ішек болып табылады. Домбыраның ішектері шанақ түбіндегі ілгекке оралып, бас бөлімге орналасқан екі құлаққа бекітіледі. Бұл қос ішектің астынғысы 1 - ші (яғни соль ішегі), үстінгісі 2 - ші ішек (ре) деп аталады. Күй тәңірдік күбірі Күй өнері - қазақ музыка мәдениетінің ең жетекші жанры. Қазақ халқының шытырман, тайғақ кешулі тарихи тағдырының ең басты куәгері, ұлттың ары мен намысын бойына сіңірген кемел өнер. Тамаша музыкалық сымбат арқылы өткен тарихтан мол мағлүмат беретін қасиетті хат. Қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрының бірі - күйлер. Компазиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан қарағанда да, күйлер халық музык асының жетіскен ірі тарауы екендігінде дау болмауы керек. Ендігі жерде "күй" сөзі "психологиялық, эмоционалдық күй, хал ахуал" дегенді білдіретін болды. Қазақ күйлеріндегі психологизм осы сөзіміздің анық айғағы. Бұл айтылғандардың барлығы қазақ күй өнеріндегі белгілі терминдердің грамматикалық талдауы ғана. Зерттеушілердің бүдан кейінгі үлкен сатысы - өнер түрлерінің салалану тарихын, ол салалардың жанрлардың генезисін, яғни даму мен нығаюын зерттеу болып тадылады. Кез келген ұлт өнерінің алтын бесігі - эпос. Бұрыннан бар, қарапайым ғана әуеннің көп қайталануынан тұратын әдет - салттың күйлерді кейінгі заманның дарынды домбырашылары шикізат материалы ретінде пайдаланып теңдесі жоқ күйлер тудырады. Қазақтың аспаптық музыкасы өзінің қазіргі өрісіне талай белдерден асып, талай шырғалаңнан өтіп, барып көтерілді. Тарихшыларымыздың жорамалдауынша кейіннен қазақ ордасын құраған рулардың ұлттық белгілері мың жыл бұрын, түркі қағанаттарының құрамында отырған кезде - ақ біліне бастаған. Яғни, қазақ күй өнерінің мың жылдық тарихы бар деп айта аламыз. Міне қысқаша алғанда қазақ күйлерінің генезисі және табиғаты осындай. Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы - тілегей теңіз ғажайып рухани мұра. Ол ата бабамыз жасаған көшпелі мәдениетінің қүндағында "аттың жалында, атанның қамында" дүниеге келІп, енді біздің өмірімізбен біте қайнасып XX - ғасырда да ілесіп жүрді. Ол бір ғасырға жуық біздің урбанизацияланған мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін қайталанбас аша түсті. Заманымызға Боғда мен Ұзақ Дәулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап пен Тәттімбет, Абыл мен Адай, Байсерке мен Мәмен, Түркеш пен Сентек, Дина мен Сүгір сынды кеменгер күйшілер арқылы жеткен ұлттық домбырашылык классикамыз бұл - бүкіләлемдік қазына. Бізге ата бабамыздан мирасқа қалған тарту етілген ұлы силығын ерекше құрметтеп, асқан жауапкершілікпен дамытудың міндеті жүктелген. Қазақ мәдениеті XX ~ ғасырда үлкен бетбұрыс кезеңді бастан өткерді. Мәдени өмірімізде жаңа музыкалық бағыттар - еуропа ланған - оркестрлік, эстрадалық, қазіргі кезде поп - музыка тұрмысымызға дендеп еніп келеді. Осындай сан - салалық музыкалық дүрмекше, тыңдаушысы мен әуезі де сан қүбылған стиль арасынан, мәдени таңдаулы әрқалай заман тыңдарманы жүрегіне жол тапқан, ғасырлар бойы сұрапталып, сүрленген классикалық күй өнері қас пен көздің арасындағы жалған дүниедегі бір сәттік жылтырысқа алданбаудың рухани тірегі, мұратына айналады. Күй - өнері - шексіз өнер. Оны түсіну, игеру адамзат мәдениеті қанша жасаса, сонша кезеңде жалғасып отырады. Күй өнерін XX - ғасырда қазақ және орыс ғалымдары зерттеп, өздерінің симфорниялық және опералық шығармаларында кеңінен пайдаланған. Күйдің өз тыңдаушысы оны жанымен ұғып 80 Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí бағалайтын өнерсүйер қауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазақ күйі қазір өз отаны - Қазақ елі шеңберінен шығып , Еуропа, Американың шырайлы Шығыс елдерінің салтанатты сахналарынан да естілуде. Десекте, қазір біз домбырашылық дәстүр дамуының аса күрмеулі әрі батпандай жүк артатын жауапкершілік кезеңіне келдік. Дәстүрлі музыкамыздың классикалық даму кезеңі (классикалық дәуірі) ХХ ғасырдағы социалистік қайта - құру, бетбұрыс кезеңіне байланысты үзіліп кетті. Күн өнері түрлі тұрпайы әлеуметшілдік қолдан жасалған еуроцентршілдік сияқты ағымдар ықпалымен өзінің көне заманнан қалыптасқан жолынан бұрмалана бастады. XX - ғасырдағы домбырашылық классиканы пайдаланып әртүрлі, қисынсыз эксперимент пен тәжірибеге бару - ансамблдік орындау, оркестрге арнап өңдеу мектептегі оқытуға арналған жеңілдетілген нұсқасын жасау, поп музыка стиліндегі баламалар - бәрі де дәстүрлі күн өнерінің қайталанбас құндылығын, оның тек жеке адамның ғана орындауына арналғандығын дәлелдей түсті. Қазіргі замандағы музыкалық өмір күйлердің әр - түрлі нұсқадағы үндері мен толған. Олардың кейбірі әдемі, белгілі бағыт бағдар мен қолдан жасалған болса, кейбірі өмір ағымымен өзінен - өзі туындаған. Күйдің жеке домбырашы ғана жеткізе алатын өзіндік ерекше қырларын оркестрде мүмкін болғандықтан, оның оңтайланған мектепте оқытуға арналған жеңіл көшірмесі пайда болды. Күй қазір поп музыка ағымымен құр дыбыс жеңіл даңғаза дүрмен буын бастан кешіруде. Бүгінгі замаңдағы кәсіби домбырашыларды оқытып үйрету, бұрынғыдай құлақпен естіп , көкірекпен қабылдау емес нота бойынша жүргізілетіні белгілі. Ал ылғида күйдің ең үздік нұсқасы нотаға түседі деуге тағы негіз жоқ. Нотаға түскен көптеген шығармалар музыканың шынайы дыбыстық астарын бере алмайды. Ал ол дегенің күн мәдениетінің оңайланған бұрмаланған нұсқасына түсудің тағы бір жолы. Өкінішке орай күйлердің өзгерілген осы түрлері қоғамдық талғамға ақау түсіріп, тыңдаушылар мен жеке орындаушылар үшін ең бір таңдаулы эталонға айналып бара жатыр. Егер классикалық күн өнерін бұлай бұрмалау, бұзып орындау, алдағы уақытта да осы жылдамдықпен жалғаса берсе, онда біз таяу арада замандастарымыздың, орындауындағы шынайы мөлдір әрі ғажайып күйлерді тыңдай алмайтын да боламыз. Болашақ ұрпақ алдындағы бізге жүктелген міндет, оларға ұлы күйші компазиторлардың өздеріне ғана тән стильдегі үздік күй нұсқаларын сақтап жеткізу. Ол дегенің - Қазақстанда XX - ғасырдың бірінші жартысында классикалық дәстүрде тәрбиеленіп өсіп шыққан музыканттар орындауындағы өзінің мөлдірлігін сақтаған күйлер. Өкінішке орай, олардың орындауындағы аудио жазылымдар тек түрл і мағлұматтар мен қорлар ғана сақталған. Күйлердің осы нұсқалары зерттеушілер үшін, қолы жететін, ашық болумен қатар, жас домбырашыларды оқытып үйретуді басты негізге айналып, қазіргі заманғы тыңдаушыны тәрбиелеуге де қызмет етуі керек. Негізгі қара қағыс Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал қысқаша айтқанда домбыраның қағысы - күйдің тілі. Сондықтан да оң қолдың қағысының неше бір түрлерін көрсететін, әрбіреуінің белгілі бір өзіне тән аты бар, көптеген әр түрлі терминдер мен атаулар бар - ақ. Бұл терминдер әлі түгелдей - дерлік жиналып болған жоқ, ал жиналғандары әлі ретке келтіріңкілемей жатыр. Сондықтанда ең негізгілері мен көбірек белгілерін атап өтейік. "Тентек кағыс" - Құрманғазы дәстүріндегі кейін шәкірті Дина дамытқан кең шеберлі қағыс. "Төре кағыс" - Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс. "Сүйретпе қағыс" - Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады, Әсіресе ол шартты бәлуден жұпты бөлінген дыбыстарға