EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 81

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí ¹ 5( 12) 2016
КУНАФИНА НАЗГУЛ МАРАТҚЫЗЫ
"№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп кешен " КММ құрамындағы Балалар музыка мектебінің домбыра мұғалімі
Мақала балалар саз мектебінде домбыра сабақтарын жүргізу мәселелеріне арналған. Мақала музыкалық мектеп ұстаздарының, әдіскерлер мен педагогикалық мамандық студенттерінің назарына ұсынылады.
Статья посвящена вопросам преподавания уроков домбры в детской музыкальной школе. Статья будет интересна преподавателям музыкальных школ, методистам и студентам педагогических специальностей.
Article is devoted to teaching dombra lessons in the children ' s music school. The article will be interesting for music schools ' teachers, Methodists and students of pedagogical specialties.

ДОМБЫРА- ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ

Әрбір халықтың артық тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұра бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің _ нөкірін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қара қобызы мен қоңыр домбырасы, сырлы сыбызғысы арқылы пайда болған күйлерді, осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Ғасырдан- ғасырларға іріктеліп, сұрапталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып қастерлей білгеніміз жөн. Бұл өнердің еш ұмытылмай халықтың өзімен бірге жасап келе жатуында үлкен мән бар. Өйткені ұлт рухы осы тектес өнер тұғырынан нәр алып биіктейді. Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы- тілегей- теңіз ғажайып рухани мұра. Ол ата бабаларымыздың жасаған көшпелі мәдениеттің құндылығында " аттың жалында, атанның қамында дүниеге келіп, енді біздің өмірімізбен біте қайнасып, XX- ғасырда да ілесіп жүрді. Ол бір ғасырға жуық біздің мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін қайталанбас құндылығын аша түсті. Заманымызға Боғда мен Ұзақ, Дәулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап пен Тәттімбет, Абал мен Адай, Байсерке мен Мәмен, Түркеш пен Сеитек, Дина мен Сүгір сынды кемшігер күншілер арқылы жеткен ұлттық домбырашылық классикамыз бұл- бүкіләлемдік қазына. Бізге ата бабамыздан мирасқа қалған, тарту етілген ұлы силығын ерекше құрметтеп, асқан жауапкершілікпен дамытуымыздың міндеті жүктелген. Бүгінгі таңда домбырашыларды оқытып үйрету, бұрынғыдай құлақпен естіп, көкірекпен қабылдау емес, нота бойынша жүргізілетіні белгілі. Қазақ халқының мекендеген жер аймағының өте кең болуына байланысты, домбыра әр аймақта әр түрлі қалыпта жасалынып, бірнеше түрде бұралып, күнге келтіріледі. Музыка тілімен айтқанда бірі кварта( оң бұрау) бұрауымен бұралса, ал екінші квинта( теріс бұрау) үшінші терция( қалыс бұрау) төртінші секунда( шалыс бұрау) бұрауында күйге келтіріліп ойналады. Осы кезге дейін халық арасында унисон және октава бұрауында ойналатын күйлерді кездестіріп жүргенімізді айтсақ, домбыра аспабының мүмкіндігінің өте жоғары екендігін соған байланысты бұл аспапта орындалатын шығармалардың күйлердің молдылығын көреміз. Әйткенмен де домбыра мамандары осы бірнеше бұраулардың ішінде кварта( оң бұрау) және квинта( теріс бұрау) бұрауларында ойнағанды жөн көрген. Бұған бірден- бір себап басқа бұрауда айналатын шығармалардың сирек кездесуі. Музыка оқу
орындарында қай халықтың музыка аспабы болса да, негізінен осы екі бұрау қолданылады. Домбыра- музыка аспаптары ішндегі халқымызға ең көп тараған аспап болғандықтан, оны тартып үйренсем деушілер де көп. Сондай үлкен сұранысты ескере отырып. талапты үйренушіге өз бетінше аспапта ойнап, меңгеріп кетуі үшін талапты үйренушінің нота сауатын ашып, домбыраны нота белгілерімен үйренуім де баса назар аударылды. Домбыра үш бөлімнен тұрады: шанақ, мойын және бас бөлім.
Шанақ жеке- жеке қалақшалардан құралады. Қалақшалардың саны 7 ден 9- ға дейін кейде 13- ке дейін барады. Қалақшалар неғұрлым көп болса, шынақтың қырлары соғұрлым аз болады- да, домбыра ұстауға ыңғайлы болады. Шанақтың беті ортасында дыбыс ойығы бар қақпақпен жабылады. Қақпақтың негізгі міндеті- аспапта ойнаған кезде ішектердің тербелісін негізгі тиек арқылы өзіне қабылдап және оны молайтып дыбыс ойығының көмегімен дұрыс жеткізу. Шанақтың түп жағына ішек байланатын ілгек( кейде " түйме " деп те аталады) орналасқан. Ал қақпақтың ойығы мен ілгектің ортасына тиек қойылады. Мойын. Домбыра мойны шанақтан домбыра басына қарай сүйірленіп келіп, сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасына сиятындай жіңішке болып жасалынады. Домбыра мойынының сол қолдың әрлі- берлі еркін қозғалысына лайықталып ыңғайлы болуы, дыбыстың таза, анық шығуын қамтамассыз етеді. Мойынның ұзындығы жалпы аспаптың дыбыстық көлеміне, сондай- ақ дыбыс табиғатына орай, орындаушының құлашы еркін жететіндей етіп жасалынады. Балаларға арналған домбыраның көлемі кіші болғанымен дыбыстың көлемі сол қалпында сақталады. Пернелер. Музыкалық дыбыстардың әрі тұрақты, әрі таза шығуы үшін домбыраның мойнына пернелер байланады. Олардың өзара қашықтығы музыкалық дыбыстардың биіктік өлшемінің жарты тонына тура келеді. Пернелерді домбыра ішегінен сәл жіңішкелеу болып, келетін ішектермен болмайды. Бұрын халық күйшілері өз домбыраларына " 9 " немесе 14 перне тағып ойнаған. Бар қызығы, олар әуеннің жетпей жатқан дыбыстарын алу үшін, арнаулы жылжымалы пернелерді пайдаланған. Қазіргі уақытта домбыра пернелері жарты топ аралықтарында тұрақтандырылып " 19 " жерден байланады. Кейбір көлемі кең шығармаларды орындау үшін домбыра мойынының төменгі жағынан тағы да қосымша пернелер тағылады.
79