EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 8

¹5 (12) 2016 сыпайылық, әдептілік бір қазақ қызының бойында" атты іс - шаралар өтуде. Мектепте "Жас Ұлан, Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің өзін - өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды. Ұйымның оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілген. Биылғы оқу жылында мектеп президенті болып 9 "В" сынып оқушысы Жакупов Расул сайланды. Президентке "Оқу" , "Тәртіп" , "Денсаулық" , "Мәдениет" , "Заңгер" министрліктері көмекшілік етеді. "Жас Ұлан, Жас Қыран" ұйымына барлығы 2-10 сыныптар (330 оқушы) кіреді. Ұйымның өз ұрандары, заңдары, ұстанымдары жыл басынан қабылданған. Олар мектеп кезекшілігін ұйымдастыру және қадағалау, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, мерекелік іс-шараларға қабырға газеттерінің жарыққа шығуын қадағалайды. Мектепте I-II ауысым бойынша сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың басшылары: Г.Т. Құдайберген, Г.Д. Исбаева. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің отырыс жоспарлары құрылып, соның негізінде жылына төрт отырыс өткізіледі. Сынып жетекшілері "Үздік сынып жетекші папкасы", "Үздік сынып портфолиосы" "Екі жұлдыз", "Ашық есік күні", "Әдістемелік күн" т.б. әр түрлі іс - шаралар өткізді. Мектепте 19 тәрбиелік үйірме мен 7 спорттық секция жұмыс жасайды. Әр үйірме, секциялардың оқу жылына жұмыс жоспарлары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық, спорттық жарыстар мен конкурстарға қатысу көрсеткіші. Қалалық Облыстық Республикалық Халықаралық 2014-2015 2015-2016 2014-2015 2015-2016 2014-2015 2015-2016 2014-2015 2015-2016 35 42 22 25 8 13 3 7 Мектепте тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі, балалар мен жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық, қылмыскерлік және қадағалаусыздықтың алдын алу жөніндегі жұмыс болып табылады. Ата - аналар комитеті мүшелерімен бірлесіп айына 1 рет рейд ұйымдастырылады. Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті бақылауға алынған. Оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосушы - мектеп инспекторы Жұлдыз Тоқтарқызы ата - аналар, оқушылар, сынып жетекшілерімен үнемі тығыз байланыста болып, туындап жатқан мәселелерді дер кезінде шешіп отырады. Сонымен қатар, мектеп психологы да ата - аналармен, сынып жетекшілерімен үнемі байланыста болып, оқушылармен әңгімелер, тренинг, тест, сауалнамалар өткізіп отырады. Мектепте салауатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбиелік іс - шаралар "Денсаулық" бағдарламасына, жалпы мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтау қажеттігі, жеке денсаулық жағдайымен ерекшелігі туралы білімдерін, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында "Сенің өмірге құқығың", "Барлық әлем сен үшін", "Адам саулығы, қоғам саулығы" тақырыптары бойынша әңгімелер, ашық тәрбие сабағаттары, әртүрлі спорттық сайыстар өткізіледі. ЖҚТҚ - АҚТЖ - ға қарсы іс - шаралар өткізу мектептің дәстүріне айналған. Нашақорлық және психотроптық қолданумен күрес жүргізу шараларына ерекше көңіл бөлінеді.Денсаулықтағы ахуалдарды анықтауға байланысты жұмыстар үнемі өткізіліп отырады, осыған байланысты дәрігер мамандармен кездесу ұйымдастырылады. Жылына бір рет денсаулық күні өткізіледі. Ата - аналардың қатысуыме