¹ 5( 12) 2016
МЕКТЕП БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ БІЛІМ САПАСЫ
МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ МЕН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ Оқушылар 39 қалалық, облыстық, Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары. Мұғалімдер ұжымының жетістіктері " Ұшқыр ізденіспен шығармашылық шабыт- 2015 " педогогикалық жобалар байқауының: облыстық кезеңі- 1 орын; Республикалық кезеңі- 2 орын орыс тілі пәні мұғалімі Жанаспаева Мейрамгуль Зарлыккановна. Технология пәні мұғалімі Ахметбаева Арайлым Каматаевнаның озық іс-тәжірибесі " Білім шыңы- білікті ұстаз еңбегі " ҚР жинақ кітабына енгізіліп, медальмен марапатталды.
І орын Республикалық байқау " ҮЗДІК әдістемелік жұмыс " мектеп директоры, тарих және география пәні мұғалімі Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич иеленді.
" Ақпаратты-компьютерлік технологияларды пайдалану " әдістемелік құралдарының қалалық байқау нәтижесі:
1 орын- Сейтханова Г. К., Мақсұтова А. Б., 2 орын- Камбарова А. К., Мұқатаева Қ. С. Сертификаттар иегерлері: Толеутаева Э. Т., Багдатова А. Б., Камбарова А. К., Ахметкалиев Н. Н., Ахметбаева А. К. Республикалық педагогикалық оқулардың қалалық кезеңінде Программа " Воспитания и социализации личности учащихся в контакте национальной идеи " Мәңгілік ел ""- 2 орын Ахметкалиев Н. Н., Оспанова С. С., Жанаспаева М. З. Педагогикалық жоба " Математика сабағында " БжС " технологиясын қолдану арқылы оқушының білім сапасын басқару ", қалалық кезеңі- 3 орын, облыстық кезеңі- 3 орын Курмашева А. А., Смагулова А. М.
МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: " Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау " Мектепте " Жас жұлдыз ", " Жастар шығармашылық сарайы ", биологиялық орталық, № 6 кітапханамен, Затон полиция бөлімімен, " МАИ ", " АҚТҚ / ЖҚТБ- ға қарсы күрес орталығы ", " Салауатты өмір салты " орталықтарымен бірлескен жоспарлар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Педагогикалық ұжымның шығармашылық бойынша жұмысы педагогикалық кеңесте, директор жанындағы отырыста, сынып жетекшілер бірлестік отырысында, әдістемелік кеңесте қаралып отырады. Тәрбие жұмысының ақпараттық- әдістемелік қамтылуы түрлі семинарлар, конференциялар, оқулар, әдістемелік ұсыныс, БАҚ көздеріне жариялау арқылы жүзеге асады. Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ретінде шығарылған: " Тәрбие жұмыстарының бағыттарына қатысты мемлекеттік нормативтік- құқықтық құжаттар мен ережелер ", " Білім беру жүйесінде бала құқығын қамтамасыз ету және қылмыс жасаудың алдын алу ", " Қазіргі білім беру мекемелерінде рухани- адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие үдерісін жүзеге асыру ", " Білім беру ұйымдарында әлеуметтік- тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу ", " Рухани- адамгершілікті тәрбие- баланың үйлесімді дамуының негізі ", " Білім беру ұйымының тәрбие үдерісін басқару ", " Төтенше жағдайлардағы оқушылардың қауіпсіз мінез- құлық дағдылары мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру ", " Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру ", " Бейәлеуметтік мінез- құлықты оқушылармен алдын алу жұмыстарын басқару негіздері ", " Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері " құрал, нұсқауларды сынып жетекшілер негізге ала жұмыс жасайды. Тәрбие үдерісінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа технологиялар тиімді қолданылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жеке жоспар құрылып, соның негізінде түрлі іс- шаралар өткізілуде. Мектепте ата- аналармен тығыз байланыста жұмыс істеу жақсы жолға қойылып, ата- аналар кеңесі жоспар бойынша жұмыс атқарады. Жылына үш рет жалпы ата- аналар жиналысы, тоқсанына бір рет сыныптарда ата- аналар жиналысы өтеді. Мектептегі барлық іс- шараларға мектеп ата- аналары белсене қатысады. Атап айтқанда " Алтын күз " мерекесі, " Тәуелсіздік- тұғырым ", " Кел, жаңа жыл ", " Ұлыстың Ұлы күні!" мерекесі т. б. іс- шаралар. Мектеп ұстаздары ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойып, ата- ананың сенімінен шығуға тырысуда. Оның бір айқын дәлелі мектепте 2011- 2012 оқу жылынан бастап қыздар клубы " Қызғалдақтар " және ұлдар клубы " Сарбаздар " құрылып, клуб жетекшілерінің басқаруымен жұмыс істеуде. Осы клуб мүшесіндегі оқушыларды, қыз бала мен ұл бала бойына тән қасиеттерді сіңіре отырып төмендегідей тақырыптарда " Сегіз қырлы, бір сырлы ", " Сайыпқыран сарбаздар ", " Қыз өссе елдің көркі ", " Инабаттылық,
5