EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 6

¹ 5( 12) 2016
" ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ " ММ "№ 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-КЕШЕНІ " КММ
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені " коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ол заңды мәртебесі бар, ұйымдық- құқықтық нысаны бар мемлекеттік мекеме. Білім беру функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған. Мектебіміздің орналасқан жері Семей қаласы. Пархоменко көшесі 76. Ол үш қабатты ғимарат. Мектеп 940 оқушыларға арналған, 1977 жылы мектеп қабырғасы тұрғызылған. Оқу орнын растайтын құжаттар: Білім беру қызметі құқығын жүргізу мерзімі шексіз мемлекеттік лицензия(№ 13014441 берілген күні 13.09.2013 жыл Өскемен қаласы) Мектептің бірінші қабатында 9 сыныптық музыкалық мектеп орналасқан. Сонымен қатар, мектепте 2 спорт зал бар. Оның бірі үлкен, екіншісі кіші. Қыздарға арналған 1 еңбек кабинеті де, ұлдарға 2 кабинет берілген. Ол ағаш және металл өңдеп үйрену кабинеті. Мектептегі екі кабинет мектепке дейінгі білім беру даярлық тобына арналған болса, енді бір кабинет толық күнді емес топқа бөлінетін шағын орталыққа арналған. Екі кабинет және рекреацияның жарты бөлігі бірінші қабатта, топқа бөлінген толық күнді шағын орталық орналасқан, ойын бөлмесі мен тамақтану бөлмесімен жабдықталған. Мектеп 2012 жылдың қаңтар айында білім сапасын бақылау мақсатында білім бөлімінің мемлекеттік аттестациясынан өтті. Кезекті аттестация 2017 жылы.
Мектептің жалпы алаңы 5458,3 м 2, жұмыс алаңы-2986 м 2, жалпы сыныптардың кабинеті 24, олардың ішінен: 2-уі информатика кабинеті, 1 кабинет химия, 1 кабинет биология, 1 кабинет физика, 1-уі өзін- өзі тану пәніне арналған кабинет. Әр кабинет интернетке қосылған моноблокпен жабдықталған. Мектеп асханасы 300 орынға есептелген. Оқушыларды буфеттік және ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Мектеп кітапханасының кітап қоры да, жалпы оқулықтары мен оқырмандары да аз емес. Акт залы интернетке қосылған микрофоны бар электрондық подиум мен интерактивті тақта, проектор және жұмсақ креслолармен жабдықталған. Мектепте оқу процесі екі тілде, мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқыту нысаны күндізгі. Оқушылар 2 ауысымда оқытылады.
МЕКТЕПТІҢ ТЕГІН ЖАЛПЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТІ
2015-2016 оқу жылының басында мектепте 38 шағын сынып топтамасы жинақталды, білім алушылар саны-814, 4 топ мектеп алды даярлықта- 91 тәрбиеленуші, 2 топ шағын орталықта- 53 тәрбиеленуші, 1 топ толық күнді шағын орталық-25 тәрбиеленуші. 1-11 сынып оқушыларының құрамының және шағын сыныптардың санының кемуі орыс тілінде оқитын сыныптардың қысқаруына байланысты болды.
Оқушыларды жалпы білім берумен қамтамасыз ету. Мектеп бойынша аз қамтылған отбасыларының саны- 63. Көпбалалы отбасыларының( 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп балалы) саны- 36. Жетімдердің және қамқоршылардың қамқорындағы балалардың саны- 4. Мүгедек балалардың саны- 3. Толық емес отбасыларының саны-119. Мектептің мөлтекауданындағы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны-1005.
КАДРЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР Мектепте оқу үрдісін 80 педагог, 4 мектепалды даярлықтың тәрбиешілері, 4 шағын орталықтың тәрбиешілері, 2 педагог психолог жүргізеді. Әрбір педагогтың лауазымы диплом бойынша мамандықтарына сәйкес келеді. Педагогикалық ұжымның еңбек қызметі ішкі тәртіптің және еңбек шартының ережелеріне бағынады. Мектептегі педагогтардың 83-і( 92 %) жоғары білімді, 7( 8 %) арнаулы орта білімді ұстаздар. Біліктілік санатты жоғарылатудың нәтижелерінің салыстырмалы талдамасы үш жылда жоғары санатты педагогтардың пайызы 7 %-ға артқандығын, бірінші санатты педагогтардың 11 %-ға төмендегенін, екінші санатты педагогтардың 1 %-ға, бейсанат педагогтардың 3 %-ға жоғарлағанын көрсетеді. Жоғары және бірінші біліктілік санатты педагогтар жалпы педагогикалық ұжымның 54 % құрайды. Педагогикалық ұжымның орташа жас мөлшері 37,6 жас. Деңгейлік курстан өткен ұстаздар 8( 10 %) мұғалім.
4