¹5 (12) 2016
зиялылары мүше болған. "Қазақ" "Сарыарқа" және
"Алаш" газеттеріне әйел мәселесіне байланысты
мақалалар жариялады. 1917 жылы Семей облысы қазақ
съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енді. 1920
жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық
комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар
шығарумен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия
құрамының мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа
қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі ОК-нің құрамына
мүшелікке енген. "Мектептен бұрынғы тәрбие" (Орынбор,
1923), "Ана мен бала тәрбиесі" (Қызылорда, 1927)
әдістемелік кітаптарын шығарды. [2]
1915 жылы "Сибирьский студент" журналында Семей
оқытушылары
семинариясының
оқытушысы
В.Белоседов: "Орысшаға Алтынсарин өлеңдерінен маған
белгілісі "Көктем". Бұл өлеңді орыс тіліне аударған қазақ
қызы Нәзипа Құлжанова" - деп жазды. Абайдың "Желсіз
түнде жарық ай" ("Безветеренная ночная луна") өлеңін
орысшаға аударады. 1915 жылы "Сибирский студент"
журналында басып шығарған болатын. В.Г.Короленко
мен Б.А.Лавреневтің шығармаларын қазақшаға
аударады.
Торғай зиялыларының өткен ғасыр басындағы жарық
жұлдыздарының бірі Н. Құлжанова туралы көрнекті
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí
ақын-жазушылар
М.Кәкімжанова,
С.Бегалин,
Т.Жұртпаев, Р.Сыздықова, С.Кенжеахметов т.б. еңбектер
жазды
Абайдың позтикалық шығармаларын қазақ, орыс
халқы арасында алғаш насихаттаушы, туған халқы үшін
ауқымды шығармашылық мұралар, мақалалар, кітаптар
мен аудармалар қалдырған Нәзипа Құлжанова 1934
жылы 46 жасында дүниеден өтеді
1992 жылдың 30 желтоқсан күнгі №1335 Семей
қалалық әкімшілігінің басшысының шешімімен 1898-1924
жылдары Митрофанов, 1924-1992 жылдары париж
Коммунасы атындағы көшені Нұрғали мен Назипа
Құлжановтардың атымен атауға шешім шығарды. Бұл
көше Құлжановтар жұмыс істеген М.Әуезов атындағы
педагогикалық колледжінің маңы.
Белгілі жазушы Сапарғали Бегалин "Құлжановтар
семинариядан қолы бос уақытта түрлі қоғамдық
жұмыстармен айналыса жүріп те, бір-екі сағат үйдегі
біздерге сабақ беріп үлгеруші еді" -деп еске алады. [5]
Семейде әдебиет және мәдениет саласындағы істерге
жетекші болып, ел ертеңі үшін қызмет етті. Сол
кезеңдердегі ақындар шығармаларына жан - жақты
талдау жасады. Ол - алғашқы абайтанушылардың бірі
еді.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Әбжаппарова Б.Ж. "Н.Құлжанованың мәдени ағартушылық қызметі" // Арқалық, 2001 ж. 19-21 бет
2. Ерсәлімов Б. "Орысша оқыған алғашқы қазақ қызы" // дидар.-2012.-27 желтоқсан.
3. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: Екінші том.(ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) /
Құраст.:Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. - Алматы:Рауан, 2008. -Б.106-112
4. Нұғманбекова Р "Қазақша бастапқы ойын" Абай.-1992.-№2.-Б. 9
5. Кәрібжанова Г.А. Нәзипа Құлжанова туралы Семей 2012 жыл,
6. Құндақбаев Б "Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері" (А.Ясауи университеті хабаршысы, №2-3, 2010
72