EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 73

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
газетіне Міржақып Дулатов. [ 13 ] Г. Н. Потанин: " 1913жылғы Қарқаралы уезіне сапар " жолжазба есебін 1914 жылы Ресей географиялық қоғамының Батыс Сібір бөліміне жариялаған. Онда " Тоқырауынан қайтып келе жатып, бір ауылға қондым. Бұл ауылда Семейдегі семинарияның қазақша тіл мұғалімі Нәзипа әдебиет кешін жасады. Ойнаушылар Нәзипа ханым, гимназист, 11 жасар қыз, һәм бір қыз-бәрі де нағыз қазақ, Некрасов өлеңдерін оқыды " Бұдан Нәзипа 1914-1915 жылдары Семей қаласында ұйымдастырған екі ірі кешті ойланып, толғанып, іштей дайындық жасап, бастамасын қазақ ауылында өткізгенге ұқсайды. Тоқырауын өзенінің бойында өткен кештегі артистер Нәзипа дем алып жатқан ауылдың иесі Ыбырай Ақбаевтің балалары, гимназия шәкірттері, өз үйінде тұрып оқып жатқан сияқты. Семей қаласынан еліне апарып, қазақтың этнографиялық сазды кешін өткізуге дайындықты сол шәкірттердің күшімен, тікелей араласуымен жүзеге асырған. [ 4 ]
Қазақ сахарасында мәдени-этнографиялық кеш өткізу дәстүрін қалыптастырған Нәзипа есімі Семей қаласы тарихында ғана емес, бүкіл қазақ мәдени- ағарту өміріндегі ірі оқиға болды. Кештің мазмұндылығын насихаттаған " Қазақ " газеті, " Айқап " журналы. Кештің лайықты бағасын ел- жұртқа мән- мағынасын егежейтегежей баяндап, түсіндірген мақалалар жазды.
" Айқап " журналында ММ деп қол қойған мақалада " Семейдегі географический подотдел пайдасына жасалған кеш. Бұл кеш атына қарағанда орысша болса да кеште ойналған, тамаша қойылған нәрселер бәрі де қазақша еді. Біз өзіміз істеуге тиісті болған істі бізге орыстар істеп берді. Алашқа аты мәлім атақты ақын һәм философ Ибраһим Құнанабаевтың өлгеніне 10 жыл толды. ілгері басқан жұрт мұндай қадірлі болған адамның атағын шығару үшін талай белгілі істер істеген болар еді " деп жазды Мұстақым Малдыбаев. Ол- қазақ тарихында белгілі адам. 1880-1927 жылдар аралығында өмір сүрген, газеттерге үнемі мақала жазған зиялылар санатында. [ 1 ] Кештің 1-ші бөлімі Абайдың өмірімен қызметіне арналған " Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбаев және қазақ поэзиясы " деген тақырыпта баяндаманы орыс тілінде жасаған. Қазақ қызының баяндама жасауы тыңдаушылардың жан дүниесін босатып, көздерін жасқа бұлап. ғажап әсер еткен екен. Орыс көрермендері Нәзипаның таза орыс тілінде сөйлеуіне таң қалған. Абайдың өмірбаяны, мұрасы хақында тартымды әңгіме өрбіп, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша сөйлетіп, Татьяна мен Онегиннің сипатын тарамдап баяндаған. Әлмағанбет Қапсәләмов " Татьянаның сөзі " " Көзімнің қарасы " әнін орындап, ерекше әсер қалдырған. " Өлсем орным қара жер сыз бола ма? өлеңін Семей география бөлімшесінің мүшелері оқиды. [ 8 ] 2-бөлімде орыс ақындары мен композиторларының шығармалары орындалған. 3-ші бөлімде Г. И. Павловтың " Шамандық туралы " баяндамасымен бақсының ойыны көрсетіледі.( 91-бет) Нәзипа бақсының арбау өлеңдерін оқиды. 80 жастағы Берікбай Сәтиев бақсы қобызбен өнер көрсеткен. Берікбай бақсы жынын шақырып, қобызына қосылып ащы, мұңды әуенге салып, сахнаның бір басынан екінші басына секіріп айбаттана ақырғанда орыс ханымдары үрейленіп қалады. Әсерге бөленген жұрт риза болып тарасады. Географиялық қоғамның Семей бөлімшесінің 1914 жылғы 28 январдағы мәжілісінің № 2 хаттамасында кештен 520 сом 30 тиын ақша түскен. Жұмсалған шығындарды алып тастағанда 400 сом таза пайда кіріске алынып, 300 сом мұқтаждарға бөлініп, 100 сом бөлімшенің болашақ мұражайын салуға бөлінген. [ 6 ]
Кеште жиналған қауым, оның ішінде орыс көрермендері осыдан басқа, қазақтың салт-дәстүрі, әдетғұрпымен танысады. Яғни, бүркіт, қаршығалар көрсетіліп, қазақтың аңшы- саятшылық өнері әңгімеленеді. Қазақ әйелдерінің қымыз сапырып, қонақ сыйлау дәстүрінен көріністер қойылады. Қысқасы, бұл кеште көрсетілген
¹ 5( 12) 2016
тамашаның барлығы да қазақ тұрмысынан алынған. " Абайдың өлеңі оқылады талай қазақтың әні айтылады, бақсы ойнайды деген хабарды естіп, қаладағы, қырдағы жиылған қазақтың көбіне билет жетпей қалады. Абайдың қадірі халыққа зор екен. Абайдың өлеңі оқылғанда талай қазақтың көзінен жас мөлдіреді "-деп аяқталады " Айқап " журналындағы ММ деп қол қойған мақала( Мұхаметжан Сералин)
" Қазақ " газеті " Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне жасалған бірінші әдебиет кеші болып Һәм бірінші қазақ әйелінің Нәзипа ханым Құлжанов жамағаты майданға түсіп берген өнері еді. [ 4 ]
Біз бүгін ардақты ақынымыз, марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындаймыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күнен- күнге артылар. " Бірінші ақынымыз " деп қабіріне халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезінер, қуанар " Міржақып Дулатов [ 4 ]
Құлжанованың ұйымдастырып өткізген 2- кеші 1915 жыл 13 февралінде кештен түскен қаржы Петроградтағы мұсылман соғыс ауруханасы( лазарет) тұрмысы нашар қазақ шәкірттеріне мұқтажын өтеуге тең бөлінгені хабарланған. 2- ші кентте сауық өтпекші, приказчиктер клубның ауласына сыймай кетуі ойынға жастар ғана емес, ақсақал, қажылардың да келуі туралы мақала жазған Мұстақым Малдыбаев
Қазақтың ұлттық ойындарының кешін өткізуге әскери губернатордан рұқсат сұрап, 1915 жылдың 13 ақпанында Петроградтағы Жылжымалы мұсылмандар лазереті және мұқтаж білім алушы қырғыздарға пайдасын тең бөлумен арналған әдеби-сазды қайырымдылық кеш- Нәзипа ұйымдастырған екінші ірі мәдени шара деп саналады. Нәзипаның әдеби-сазды қайырымдылық кештерін ұйымдастыру тәжірибесі ұлттық театр өнерінің басы еді. Өзі атқарған істеріне Нәзипа үнемі жастарды тәрбиелеумен халықты мәдени сауаттандыру тақырыптарын қозғап отырды. [ 5 ]
" Ойын-сауықты ұйымдастырушы Нәзипаның ондағы мақсаты-қазақ әйелдерінің бетін ашып, мәдени- ағарту жұмыстарына қатыстыру бастамасы еді "- дейді Мұхтар Әуезов. Мақтаса мақтауға тұрарлық Нәзипаның игі істерінің бірі жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткені еді. Құлжановтардың тәрбиесін көрген Сапарғали Бегалин " Замана белестері " кітабында былай деп жазады. " Қазақ ойын кешінің тұңғыш шымылдырығын ашқан ерлі-зайыптылар Семей жұртшылығына бұрынғыдан да абыройлы көріне бастады. Ойынның артынан сол кешке жиналған 918 сом ақша қазақтың мұқтаж оқушыларына таратылды. Мысалы: Петебургта, Томда, Орынборда, Қазанда т. б жерлерде оқитын мұқтаж оқушылардың тізімі жасалып, соларға жіберілді. Түнек заманның түнерген бұлтынан жалт еткен сәулесіндей Семей оқушылар даярлайтын мектептің оқытушысы Нұрғали Құлжанов, оның жары қазақтың сол кездегі аса мәдениетті оқыған қызы Нәзипа Құлжанова осындай бір игілікті істі бастаған еді ". [ 5 ] Нәзипа екі тілге бірдей жүйріктігімен көзге түсті. Нәзипаның орыс тіліне жетіктігінің арқасында Абай, Ыбырай, Ғабиттердің шығармалары тұңғыш рет орыс тіліне аударылған болатын. Ы. Алтынсариннің " Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық..." деген өлеңін мақсат етіп алған Нәзипа Құлжанованың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесінің зор екенін жазған мақалалары мен шығарған кітаптарынан байқаймын.
1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, " Азамат серіктігі " ұйымына қазақ
71