Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí
¹5 (12) 2016
Мақала Нәзипа Құлжанованың өмірі мен қоғамдық қызметін баяндайды,
сондай-ақ тарихи тұлғаның өмір тәжірибесін тарих сабақтарында оқыту
мәселелерін қозғайды. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге,
мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
Статья посвящена жизни и деятельности Назипы Кулжановой, а также
вопросам преподавания ее жизненного опыта на уроках истории в средней
школе. Статья будет интересна учителям, методистам, а также
студентам и магистрантам педагогических специальностей.
КАРМЕНОВА ГАЛИНА
НУРАЖДАРОВНА
Семей қаласы "№3 жалпы орта
білім беретін мектеп -кешені"
КММ мұғалімі
The article is devoted to the life and work Nazipа Kulzhanova, as well as the
teaching of her life experiences in history lessons in high school. The article will be
of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical
specialties.
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ҚАЛАМГЕР
(Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) Құлжановаға
арналған ғылыми-танымдық мақала)
Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында ерен еңбектің үлгісін
көрсеткен ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына
шыққан қоғам қайраткерлерін зерттеген тарихшы-
ғалымдар М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков: "Тарихтан
қажетті тәлім алу- болашақты көркейту, өркениетті елге
айналу үшін қажет" деген ойын құптай отырып, оның
ішінде қазақ қыздарының болғандығын айғақтайтын тың
деректің авторы Г.А.Кәрібжанованың еңбегін оқыдым.
[5]
Семейдегі алғашқы кештің негізі 1915 жылдан бастау
алған. Оған дәлел Абайдың дүниеден өткеніне 10 жыл
толуына орай Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар ұйтқы
болып ұйымдастырған Семейдегі іс шара кезінде ерекше
өткен. Бұл оқиға ұлы Абайдың ұлы мұрасын халқымен
қауыштыруға арналған игілікті іс болып, тарих бетіне
жазылды. Семейдегі алғашқы қазақ кеші бүгінге дейін
маңызын жойған жоқ.
Қазақтың тұңғыш басылымдары "Айқап" және
"Қазақта" театрландырылған кон-церттік қойылымдарды,
спектакль ді сипаттап жазған арнайы мақалалар
басылып шықты, ал осы кешті ұйымдасты