Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
ӘділбекМайкөтев, Жетісуда-Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқарды. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас- көз болып, кейін аман- есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары серіктерімен бірге майданға( реквизицияланғандармен) аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге оралуы екі талай еді.
Биыл бүкіл қазақ даласын дүр сілкіндірген 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына 100 жыл толмақ. Бұл тарих табалдырығын енді аттап отырған 2016 жылдың басты оқиғасының бірі десек, қателеспеген болар едік. Күні өтіп бара жатқан Ресей патшасы II Николайдың бұл жарлығы қазақ тарихында " Зілді бұйрық " деген атпен қалды.
Шығыс Қазақстан өңірінде патша жарлығына қарсылық білдірген ереуілдің ең ірісі Зайсан уезіне қарасты Баспан- Базар болысында болды. Оны ұйымдастырған осы өңірдің көзі ашық, көкірегі ояу болысы болған Мүрсәлім Бектенұлы еді. Бұл ереуілдің Амангелді батыр көтерілісі секілді кеңес үкіметі басшыларының тарапынан лайықты бағасын ала алмауының бір себебі де осы- көтеріліс басшысының Амангелді батыр секілді кедей емес, үстем тап өкілі болуында. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, Мүрсәлім Бектенұлы( 1859- 1922)- 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыс қайраткерлерінің бірі, ақын. Өз бетімен білім алған. 1895 жылы Зайсан уезіне қарасты Қарғыба- Базар өңіріне болыс болып сайланып, 20 жылдан аса ел басқарды. Жасы ұлғайған шағында болыстықты баласы Заманбек атқарған. Мүрсәлім XIX ғасырдың екінші жартысынан бері қазақ даласына тарай бастаған қазақ тіліндегі прогресшіл-демократиялық бағыттағы әдебиеттер мен газет-журналдарды үзбей алдырып отырған. Сол арқылы Ресейдің ішінде және халықтар өмірінде болып жатқан әр түрлі әлеуметтік-саяси жағдайлардан жақсы хабардар болған. Патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты маусым айының аяғында Көкпекті- Тарбағатай өңіріндегі найман тайпасының 12 болысының өкілдері шұғыл шақырылды. Қыр қазақтары басқармасы ауласына жиналған болыстардың бәрімен Мүрсәлім оңаша сөйлесіп, естуі бойынша патшаның жарлығы бар екенін айтып: " Біз алғаш бодан болғанда жасалған шарт бойынша қазақтан солдат алуға тиіс емес, соны дәлел етіп, келісім бермейік ",- дейді. Мүрсәлімнің ұсынысын болыстар қостады.
" Біз қатын патшаға( тегі, Екатериналардың бірін айтса
¹ 5( 12) 2016
керек) бодан болғанда соғысқа адам береміз дегеніміз жоқ. Жер боданы, мал боданы боламыз деп келіскен секілді едік. Бұл жайында қағаз бетіне түсірілген келісімшартта болуға тиіс. Оның үстіне біз қазір халықпен ақылдасып отырған жоқпыз. Бүкіл боздақтардың тағдыры шешілетін мәселені біз халықсыз қалай шешпекпіз. Мен өз болысымнан жас жігіт түгіл қаусаған шал да бере алмаймын ", дейді.
Мүрсәлім Бектенұлының өзі тұстас болыстардан басты ерекшелігі- саяси сауаттылығында. Оның бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себебін дәл басып сипаттаған ұзақ өлеңі болған. Мүрсәлім ең алғашқы шара- әкімшілік орталық Көкпектіден Қытаймен шекараға қарай жедел көшу деп шешеді. Мүрсәлімнің тапсырмасы бойынша әр болыстан қарулы жігіттер көшті қорғай отырып, жергілікті шенеуніктерді жоғары органдармен байланыстырмау үшін жолдарындағы телеграф бағаналарын қиратып, сымдарын үзіп отырады. Мемлекеттік архивтің Семей бөлімшесінде ереуілшілер Көкпекті маңынан қазынаның 800 жылқысын айдап әкеткені жөнінде құжат сақталған. Баспан тауының биігіндеі қамал үңгірге бекінген көтерілісшілер патша әскерлеріне алдырмады. Мүрсәлім жігіттерді солдаттан алып қалу үшін ауыл-аймағымен Қытай жеріне, Тарбағатай асып кетеді. Қытай жеріндежүргенде 1916 жылғы оқиғаға арнап 664 жолдан тұратын дастан жазған. Патша тақтан түскеннен кейін елге оралды. 1919 жылы ақ әскерлерді қуып, Көкпектіге келген партизан отрядының командирі Бабенко Мүрсәлімге елді патшаға қарсы көтеріліске жұмылдырғаны үшін сыйлыққа қылыш пен қымбат жүзік тапсырды.
Мүрсәлім болыс бастаған толқу бір ғана Баспан-Базар болысы ғана емес, Найманның Қаракерей табындағы аса ірі Назар руы толық қамтылған секілді. Себебі, бүкіл Назарлардың жайлауы осы күні Көкпекті ауданына қарасты Қалба тауында болатын. Толқу басталғанда қалың Назар сол жерде жазғы жайлауда екен. Атақты ақын Кәрібай Таңатарұлының осы оқиғаға арналған көлемді жыры болған. Онда мынандай жолдар бар:- Шығарды " зілді бұйрық " ақыл-есті, Қалбадан жұма күні халық көшті. Түйенің өркешіне қом батқан соң, Шалдығып Базарға кеп бір-ақ шешті. Қалба жайлауы мен Базар өзенінің арасы кем дегенде 200 шақырым жер. Жайшылықта 3-4 қонып көшетін жер. Ал, патшаның зілді бұйрығынан шошып үдере көшкен ел бұл қашықтықты бір қонып қана алады. Мүрсәлім Бектенұлы шамамен 1924 жылдары өз елінде дүние салады. Сүйегі өз атымен аталатын Мүрсәлім деген жерде.
Осындай қысылтаяң шақтарда ел қорғаны бола білген санаулы ғана ерлеріміздің есіміне құрмет көрсету ұрпақ парызы екені даусыз.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995 2. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991 3. Назарбаев Н. Ә. Тарихтолқынында. " Атамұра ", 1999 4. Оралов М. Егемен Қазақстан. 2016 жыл. Июнь жарлығына қарсы шыққан Мүрсәлім болыс жайлы не білеміз?
69