¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Мақала тарих сабақтарында 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс оқиғаларын оқыту мәселелеріне арналған. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
КАПАСОВА ГУЛДАНА РАШИДОВНА
тарих пәні мұғалімдері
СЕКЕЙ ЖАНБОЛАТ
Статья посвящена освещению событий Освободительного восстания 1916 года на уроках истории. Статья будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
The article is devoted to coverage of events Liberation uprising of 1916 in history lessons. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.
ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында( Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға( қазақ, өзбек, қырғыз, және т. б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлықзомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3- 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарамақарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат
68
СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖЕТЕКШІЛЕРІ
алды
1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің " Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже " қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түлік екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.
Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан- 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын " қара тізімге қосты ", ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25- 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым- салық қағаздарын т. б. жойып жіберу секілді ашу- ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетуі жиілей түсті.
Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт- азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал- байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды.
Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда-Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында-