EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 67

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
орындағанда , нота қаңқалық нобайдан алыстап , шығармаға жан бере , өзіндік образ , ой бере тарту . Күй табиғатына тән өрнеген , болмыс - бояуын айқындау .
Бұл кезеңдерді Сәкен былай деп еске түсіреді : " Кезекті бір сабақта Тәттімбеттің " Сары жайлау " күйін айна қатесіз нотамен барлық ремарктерін сақтай ойнап бердім . Өзімше , өте жақсы ойнаған сияқты едім . Алайда , күй тыңдалып болғаннан кейін , ұстазым келелі бір әңгіменің ұшағын сабақтады . Секен , айналайын , күйдің нотасын толық жаттап келіпсің . Бірақ , қолың домбыраның пернесінде еркін жүгіргенімен , ойың еркін жүгірмей отыр . Байқайсың ба , күйдің өмір қойнауындағы қаншама көркемдік - эстетикалық қасиеттері ағылмай қалды . Жалпы , қазақ күйлерін тастап қатқан ноталық қалыпқа салып ойнауға болмайды . Ол импровизациялық негізде дамып қалыптасқан . Сондықтан , оны үнемі құбылтып , мәнерлеп ойнауың керек . Бүгін сен бізді нота - нобаймен ғана таныстырдың . Енді сен ары қарай алыстан көз жауын алатын , жүрек қозғайтын , көңіл толқытатын сәулет сарайының өзін салуын керек . Мұндай сән сайысының классикалық үлгілерін дарынды күйшілер Әбікең Хасенов пен Мағауия Хамзиндер салған . Осы майталмандарға еліктейсің бе , әлде , өз соқпағыңды табасың ба ерікті өзіңе берем - деп сөзін аяқтады . Ұстазының осы кеңесі Секеннің үнемі ойында жүріп , оның күй әлемін кеңейтуіне зор ықпал етті . Бұдан былай қарай ол әуелі тартылатын күйдің мазмұны мен ерекшеліктеріне , орындау тәсілі мен тарихына ерекше көңіл аударып отырды . Орынды айтылған тәлімдік дәріс ойдан шыға ма ? Ұстазының осы кеңесі Секеннің үнемі ойында жүріп , оның күй әлемін кеңейтуіне зор ықпал етті . Бұдан былай қарай ол әуелі тартылатын күйдің мазмұны мен ерекшеліктеріне , орындау тәсілі мен шығу тарихына ерекше көңіл аударып отырды . Орында айтылған тәлімдік дәріс ойдан шыға ма ? Ұстазының тағы бір тағылымы әлі күнге дейін Секеннің есінен кетпейді : " Әрбір күйдің сазы мен әуенін , екпіні мен сарының , өлшемі мен өрнегін хас зерттегендей нәзік суреткелдікпен мүсіндеп шығаруың керек ".
Осындай методологиялық тұғырнамаға негізделген әр сабақ академиялық орындау шеңберінен асып , Секенге кең шығармашылық мүмкіндіктер туғызып отырды . Лирикалық әсемдікке , сырлы сазға , ойлы мұңға жаңы құмар шәкіртін білікті ұстаз осылай әр күйді ізденіспен орындауға , әуен сұлулығына тәрбиелейді .
Осындай педагогикалық принцип негізінде сіңірілген тәлім - тәрбие көп ұзамай өз жемісін бере бастады . Сол жылдары Секен республикалық " Жігер " және Москвадағы өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік XII - ші фестивалінің лауреаты атанды . Осылай жаңы лирикалық әсемдікке , сырлы сазға , мұңға , күй құштарлығына толы жас шәкіртін сезімтал ұстаз шығарманы творчестволық тұрғыда орындай білу шеберлігіне , әуен суреткерлеріне тәрбиеледі . Консерваторияны сәтті тәмамдап , осындай орындаушылық мектебінен өткен Секен келесі жылы республикамыздың белгілі майталман композиторы , профессор Еркеғали Рахмадиевтің класына түсіп , композициядан дәріс ала бастады .
Секеннің домбыра тартуындағы өзіндік ерекшелігі мен өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасы неде ? Алдымен , айтарымыз , домбыра тартқандағы қақпақ үстіндегі оң қол қойылымының өзгешелігі . Онда буын қоспасы томағасын сыпырып тастаған ұшуға қомдалған қыран секілді . Күй мазмұнын , оның көркемдік құралдарын ашу процессін осы оң қолдың буын қоспалары сан алуан қимылдар жасап , ал бес саусақ екі ішекте алма - кезек шертіліп , ілмелі ,
¹ 5 ( 12 ) 2016
құбылмалы сан түрлі ырғақтар беріледі , тембрлық бояулар қоюланып , сан түрлі өрнектер тоқылды .
Секеннің күй мазмұның берудегі айшықты суреткерлік шеберлігінің өзі бір ерекше дүние . Ол , алдымен , орындалатын күйдің ішкі тылсым - тіршілігіне баса мән береді . Міне , осындай терең көркемдік философиялық түсініс негізінде ол күйді хас шеберлерше мүсіндеп , тек өз қолтаңбасына ғана тән қайталанбас образды сомдап шығарады .
Тыңдаушыларын тәнті қалдыруының да , мойындатып , мүлгітіп жіберуінің де мәні , міне , осындай күйдің мән - мағынасын , көркемдік кестесін келістіруінде , жан сұлулығымен әрлеп , айшықтауында жатыр .
Секен Кәрімұлы күн санап осындай шеберлік шыңына көтеріле түскенімен де , оның жүрегінің түпкірінде бала күнгі қонған беймағұлым жұмбақ тылсым әуенге деген құштарлық әркез қайта оралып маза бермейтін . Домбыраны қолға алған сәттерде - ақ саусақ астынан төгілген әлқисса бір әуен иірімдері пайда болып көңіл , шіркінді , тылсым дүние құшағына жетелей жөнелетін . Бірде , сол сағыныш тәрізді сырлы саз көліне қайтқан аққудай ойда жоқта орала кеткені . Жүрегі шымыр етіп қайталай түсті . Содан бастап күйші көңілінен маза кетті . Бұл жаңа туған әуенді айлар бойы ойнап қайталап жүргенмен , оған күй жүйелігінің сипатын беретін ырғақ желісінің табылмай - ақ қойғаны . Осы бір дүниеге келген әсем де үздік күй толқындары Секеннің сырлы әлеміне көп айлар бойы өз арасын таба алмай , шиыршық атып , буырқанып , бұлқынып жатты . Алайда , өнер туындысының өмірге келуі қызық қой . Осы бір әуездік нашықтарға ырғақтық өлшемнің қалай келгенін өзі былайша баяндайды : " Осы күйді шығару (" Көңіл толқыны " Ө . С .) маған оңайға соқпады . Екі жыл бойы шығара алмай жүрген күнімде , бір оқиғаның әсерінен аз - ақ мезетте жазып шықтым . Москвада 1985 жылы жазда Дүниежүзілік XII Жастар мен студенттер фестивалінің өтіп жатқан кезі . Бірде қатты жаңбыр жауып , бір қалқаның астын паналадық . Бақыласам , жаңбырдың шалшық суға тамған тамшылары біртүрлі нотаның ырғағындай құбылады екен . Содан бір сәтте жел тұрып , жаңбыр тамшылары үйдің қабырғаларына келіп соғылады . Неге екенін білмейтін осы бір көрініс маған қатты әсер етті . Ұмытып қалмау үшін көңіліме ұялаған күйдің ырғағымен тез - тез нотаға түсіре бастадым . Міне , " Көңіл толқыны " осылай туды .
Секеннің шығармашылық шеберлік деңгейінің артқандығын жаңадан дүниеге келген " Ақ жауын ", " Боздақ ", " Өкініш ", " Балауса ", " Шығыс жұлдызы " күйлерінен байқаймыз . Бұл күйлер тың ырғақтармен , нәзік те сыршыл әуендермен көмкерілген . Сойтіп , Секен үрдісті , ұлағатты күй әлеміне өз үнімен осылай келіп қосылды .
Сонымен қатар , Секен ән - толғау жанрында да еңбек ету үстінде . Оның " Аққу сазы ", " Сәкеннің сәлемі ", " Қос жұлдызым " тағы басқа да әндері халқымызға кеңінен танымал .
Соңғы жылдары Секен тағы бір шығармашылық қырынан көрініп жүр . Ол кинофильмдерге музыка жазу . Күймен өрнектеле сүйемелденген " Батыр Баян ", " Заманақыр " және Мұқағали Мақатаевқа арналған төрт бөлімді телефильмге музыка жазады .
Секен Кәрімұлы Тұрысбеков кезінде республикамызға танымал " Сазген ", " Мирас " сияқты фольклорлық - этнографиялық ансамбльдердің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған . Қзақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының лауреаты , Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртісі .
ӘДЕБИЕТТЕР .
1 . Әбуғазы М . " Шығыстың шыңырау күйлері " 2 . Жубанов А . " Ғасырлар пернесі "
65