EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 68

¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Мақала орта мектепте информатика пәнін оқыту мәселелеріне арналған. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
В статье рассматриваются вопросы преподавания информатики в средней школе. Статья будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
КАМБАРОВА АЛЬФИЯ КУАНДЫКОВНА
МҰҚАТАЕВА ҚҰНДЫЗ СЕРІКҚАНҚЫЗЫ
информатика пәні мұғалімдері
The article deals with questions of teaching of computer science in secondary school. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.

ЖОБАЛАР ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ПРОГРАММАЛАУДЫ ҮЙРЕТУ

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мектеп информатика курсының мақсаттарын және міндеттерін қоюға әсер тигізеді, " Информатика " пәнінің мазмұнына өзгертулер енгізуге қажеттілік туғызады, сонымен қатар оқушыларды дайындау деңгейіне үлкен ісер тигізеді.
" Информатика " курсы бойынша оқушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастыру үрдісін сипаттайтын негізгі белгілерді ерекшелейік: оқушылардың кәсіби білімге, біліктілікке және дағдыларға ие болуға мотивациясын қалыптастыру; кәсіби білімдерін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастыру үрдісінің нақтылығын анықтау; кәсіби білімдерін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастыру үрдісінің мазмұны мен құрылымын анықтау; оқушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастыру тиімділігіне әсер тигізетін фактордар мен шарттардың жиынтығын анықтау [ 1, 176-б. ].
Оқушылардың өздігінен кәсіби тәрбие алуды қалыптастыру үрдісінде ең үлкен рөлді атқаратын ол жобалар әдісі болып табылады.
Жобалар әдісі педагогикада жаңашыл әдіс емес. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл әдіс жеке кәсіби бағдар беру технологиясының бірі. Мұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады. Жобалар әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар: 1. мәселенің шешімін талап ететін, зерттеу және шығармашылық жоспардағы маңызды мәселенің( есептің) бар болуы; 2. болжамды нәтижелердің тәжірибелік, теориялық және танымдық маңыздылығы; 3. оқушылардың өздігінен( жеке, топтық) жұмыс жасауы; 4. жобаның мазмұңды бөлігін құрылымдау( нәтижелердің кезең түрінде көрсету). Есептің шешімін оқу-жобалық қызмет арқылы ұйымдастыруға болады. Оқу жобасы деп аяқталған оқу бөлімін оқытуға бағытталған және стандартты оқу курсынын немесе бірнеше курстың бөлігін құрайтын жұмыстың ұйымдастыру формасын айтуға болады. Жобалар әдісін компьютерлік технологиялардың жеке элементтерін меңгеруде де пайдалануға болады. Жобаның көлеміне байланысты оның бағалауы да ерекшеленеді: жобаға қатысушылардың жұмысын салыстыру, жекешелендіру дәрежесін сынып, топ ішінде іске асыруға болады, егер жоба кішігірім және ықшам тақырыпта болса [ 2, 87-б. ].
Оқушы мен мұғалімнің алдына әртүрлі міндеттер және әртүрлі мақсаттар қойылады. Оқушы жұмысты тапсырмаға сәйкес орындау қажет, ол мұғалімге оқушы осы жқмыстың нәтижесінде анқыталған білім мен біліктілікке ие болуы өте маңызды.
Жоғарғы сыныптарда пәнаралас жобаларды қарастыру жөн, олар оқушылардың ғылымы білімдерін, жалпыланған танымдық біліктіліктерінің жүйесін қалыптастыруға көмектеседі. Информатиканы оқыту әдістемесінде мұғалімнің жұмысы нақты мақсатқа бағытталған- ол программаға сәйкес мектеп информатика курсынын әрбір тақырыбы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыру.
Жоба әдісін пайдаланып программалау негіздерін оқытуды әрбір технологиялық кезеңде бақыланып отыратын талаптарды сақтау жағдайында жаңғырту қасиетіне ие қандай да бір педагогикалық үрдістік жүйе ретінде қарастыруға, сонымен қатар жоба әдісі оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілетін жоғарлатып, олардың танымдық белсенділігі арттып, ұжымдық қарым қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіруге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің және поэтикалық табиғаты: Докт. дисс. Алматы, 1997.- 260 б. 2. Айтбаев Ә. Ө. " Аудармадағы фразеологиялық құбылыс "- Алматы: Ғылым, 1975.-14 б.
66