¹ 5 ( 12 ) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Мақала белгілі қазақ композиторы , домбыра өнерінің майталманы Сәкен Тұрысбековтің шығармашылығы мен оның туындыларын балалар саз мектебінде оқыту мәселелеріне арналған .
Статья посвящена творчеству известного казахского композитора , домбриста Сакена Турысбекова и вопросам преподавания его произведений в детской музыкальной школе
КАЛИЕВА ГҮЛЖАНАТ НАСИМОЛЛАҚЫЗЫ
Семей қаласы "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп кешені " КММ құрамындағы балалар музыкалық мектебінің домбыра мұғалімі
The article is devoted to the works of the famous Kazakh composer , dombra player Saken Turysbekova and the teaching of his works in the children ' s music school
СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ
Дәуіріміздің сексенінші жылдарының орта шенінде қазақтың рухани киелі өнерінің өлкесіне жан-жүйеңді егілте тебіренткен қоңыр сазға бұраулы Секеннің сырлы әуені келіп қосылады . Көркем , лирикалық пафостарға Секен саусағынан төгілген бұл қоңыржай әуендер тыңдаушыларының алпыс екі тамырын иілтіп , өзегін өртеп , жан-жүйесін шымырлатып , тыңдаған үстіне тыңдай түссем деп ынтықтырады . Ал осы бір әсем күй аяқталғанда адам бойы бір аққу арман , құштар сезімге бөлінеді . Тылсым мәйек әуен құшағында көпке дейін делсал болып өз-өзіңе келе алмай қала беретінсің . Еуропалық үлгідегі мазмұн-жүйеге жақындап құлақ шымырлатар қатаң да қасаңсыған саздан көптен мезі болған қауым бір сәт жанды жылытар дала сахарасының қоңыр әуенін тыңдап іңкәр жүректің ынтығын басқандай болады . Домбыра шанағынан төгілген , көркем де қою бояулармен нашықтала өрілген ғаламат саздар мен кәусар әуездерге тәнті болған талантты ақын Есенқұл Жақыпбеков бұл күй өрімдерінің ішкі тыныстарын бірде жаңбыр мен арманға , бірде қасіретпен шыңырауға терең келіп , соңында тіпті сөзге , балама теңеулерге сыймайтындығын айтып , мына өлең жолдарын арнаған да : Наз жаңбыр домбыраның үні жауған , Тұншығып үзіледі үздік арман . Өмірдің жапырағын жапырасың , Өзіңді өзің іздеп шыңыраудан . Өмірдің саған салса құны жалған ! Түңіліп қабағың мен қарлы қасың , Қамығып қасіретпен қан жұтасың . Тып-тыныш өмір сүріп жүрген көппен , Адамды айдалаға қаңғыртасың . Мен сені мақтан етем , сүйем сені , Сыймайды сөзге бірақ , күй өлшемі . Иә , шынында да Секен күйлерінің баламасын тауып , бір қауызға сыйғызу мүмкін емес . Оның күйлерінің танымдық - тағылымдық дәрежесі өте кең , көркемдік - философиялық өрісі жан - жақты , кейде өз арна - кенерінен асып төгіліп те жатады . Ал тіпті , анығын айтсақ , Секен күйлері әр жүректің айтылмаған , аяқталмаған әні , тартылмаған күйі , таусылмас алыстаған арманы , орны толмас өмір өксегі , әлеумет тартысы , көңіл толқындарындағы мұң шалған күрсінісі , рауандап атқан ақ таң , өмірге құштарлық , жалпы сөзбен айтқанда , адам рухындағы қисапсыз оюлар мен кестеленген көркемдік таным - сезім толғауларының сұңғат мұрасы деп білеміз . Секен алғаш қолына домбыра алған сәтін былайша еске алады : " Бірде қатты ауырып , жағдайым болмай , жаным құлазып жатқанымда қолыма домбыра алып ,
64
пернесіне қол ұрып көріп ем өзімнің ішкі толғаныс толкуымның да пернесін дәл басқан бір ырғақты сезіндім . Кеудемде өртеген нала мен өкінішке үндесіп , өзімнің жүрек қылын шертіп , ішкі ойымды ағыл - тегіл ақтарғандаймын . Осыдан былай қолыма домбыраны жиі алатын болдым . Ие , бұл Секен жүрегінің нәзік тебіреністерінің домбыра пернесімен алғашқы тілдесуі еді . Ал ғылыми педагогика - психологиялық тұрғыдан алып қарағанда детерменизм принципінің (" сыртқы дүниемен адамның ішкі жан дүниесінің өзара үндесуі " немесе " сыртқы дүниені қабылдау алдымен адамның ішкі сезім дәрежесіне тура байланысты ") іске асуы еді .
Секеннің бұл екінші сыныпта оқып жүрген кезі болатын . Анасы Рәтай да осы кезеңді былай деп еске алады : " Сол жылы Секенге бір нәрсе көрінді . Бойында бір түрлі мінез бітті ". Түн ортасында " Апа ! Апа !" деп , апасын жұлқып оятып " Жол таптым " деп Құрманғазының " Балбырауын " күйін ойнап беруі ұлы күйшінің балаға аян беріп , оған күй аруағының қонып , үлкен өнер жолына біржолата бет бұрғаны деп білеміз . Осы мектеп қабарғасындағы жылдарда көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі болды . Халық композиторлары Тәттімбет , Сүгір , Тоқа күйлерін тартып , Сәкен Сейфуллиннің " Тау ішінде " әнін айтып аудан , облыс көлеміндегі талай байқауларға қатынасып , жүлделі орындарға ие болып жүрді . 1976 жылы мектеп бітірісімен Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесіне түсіп , талантты да білгір ұстаз Қадір Досымжановтан дәріс алды . Ауылдан келген домбырашыны ұстаз бір қалыпқа салып тәрбиелемеді , керісінше , алдымен оның жүрегінің соғысын , аспапта ойнап икемін , бала психологиясының өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін бағамдап алып , содан кейін ғана оны кәсіптік домбыра тарту өнеріне баули бастады . Бұл Сәкеннің рухани музыкалық танымының дұрыс арнамен қалыптасуына , домбыра тарту шеберлігінің шыңдалуына зор мүмкіндіктер туғызды . Әсіресе , Арқа - Шығыс күйлерін орындауда өзінің алуан қырлылығын таныта білді . Бұдан кейінгі Алматыда Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясындағы оқу жылдары Секеннің өмір жолындағы елеулі белестерінің бірі . Ол композитор , профессор МәлғаждарӘубәкіровтың қаласында дәріс алды . Ұлағатты ұстаз Секенмен өткен алғашқы сабақтарында - ақ жас шәкірттің бойындағы мұңға толы нәзіктікті , әжептәуір қалыптасып қалған орындаушылықты , шығармашылық дарын мен қабілетті аңдады . Әр сабақ сайын рухани зерде қабілеттерін дамытуда ұстаз әртүрлі методикалық әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдаланып отырды . Ұстаз әдістемесінің бір элементі - музыкалық шығарманы