¹ 5 ( 12 ) 2016
тәрбие , әдіс-тәсілдері бар халық . Қазақ топырағында туып , білім алған , кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар : Әбу Насыр әл-Фараби , Жүсіп Баласағұн , Махмұт Қашқари , Ш . Уәлиханов , Ы . Алтынсарин , А . Құнанбаев , А . Байтұрсынов , С . Торайғыров , М . Сералин , М . Әуезов , С . Мұқанов , С . Көбеев , Б . Момышұлы , М . Ғабдуллин , тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің , мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады . Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық , халқы үшін адал қызмет ету . Ұлтжандылықтың , елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары , ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті , көп көңіл бөліп , халықты елі үшін жанын пида етуге , жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді . Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу Профессор М . Ғабдуллин өзінің " Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес " еңбегінде " Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ . Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес . Халықты сүй , халық үшін ерлік еңбек ет , ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес , қайта мағыналы , мәнді сөздер . Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып , орнымен пайдалана білсек , нұр үстіне нұр болар еді " дейді . Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып , оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы . Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы , тәлімгер педагог Б . Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік , ұлтжандылық , Отанын , елін , жерін сүю , ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті . Ол ұлттың дәстүрді , елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақалмәтелдердің , батырлар жырларының , терметолғаулардың мәніне тоқталады .
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары .
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен , төрт саласына тоқталсаң .
Халқымыз баланың жақсы , жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді . Шындығында бала әке , шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы , ана құрсағында ортаның , үлкендердің , қоғамның ықпалында дамып жетілуі , ана бауырында уызына тойып , ана сөзінің үніне бағынып өсуі ,
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
жаратылысының дұрыстығы . - Баланың ата-анасымен , өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі .
- Бала өзінің әке-шешесі , ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі , туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін , табиғат сырын терең ұғынып , болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі , өз өлкесінің суын , нуын қастерлей білуі , ұғынуы .
- Баланың туған халқының елдік , ұлттық тарихын білуі , оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі .
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше .
Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана , төрт құндылық , төрт негізді ұсынамыз . " Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала Әр адамнан өз анасынан басқа жебеп тұрар , демеп тұрар арқада Болу керек құдіретті төрт ана : Туған жері - түп қазығы айбыны , Туған тілі - сатылмайтын байлығы . Туған дәстүр , салт-санасы-тірегі , Қадамына , шуақ шашар үнемі Және туған тарихы еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да Төрт анаға жағдай жасай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған . Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы , Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы . Ұлттың қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып , біздің заманымызға дейін жетіп отыр .
Халқымыздық рухани бейнесін әдебиет , өнер , ғылым , мінез-құлық , ұлттық сезім , әдет-ғұрыптар , т . б . бейнелейді . Әдептілік , имандылық , мейірімділік , қайырымдылық , ізеттілік , қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл , абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін , әрбір тәрбиелі ұстаз , халық педагогикасын , салт-дәстүрлерді , әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет . Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің - жүректің , ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі . Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе , жүрегінің айтқанын істейтін болса , өмірден өз орнын табады . Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған . Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрыннан қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады .
ӘДЕБИЕТТЕР .
1 . Жарықбаев Қ . Аталар сөзі , ақылдық-көзі . - А ., 1980 2 . Құнанбаев А . шығармаларының толық жинағы . - Алматы , 1954 3 . Құдайбердиев Ш . шығармалары . - Алматы , 1988 4 . Алтынсарин Ы . Таңдамалы шығармалары 5 . Ыбырай тағылымы . - Алматы , 1955 6 . Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы / Қазақстан мұғалімі . 5 ақпан , 1993 .
58