Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
¹ 5( 12) 2016
Мақала өскелең ұрпаққа адамгершілік тәлім-тәрбие беру мәселесіне арналған. Мақалада адамгершілік тәрбие берудегі негізгі мәселелер мен тәрбие үрдісін заман талабына сай жетілдірудің жолдары қарастырылған.
Статья посвящена вопросу нравственного воспитания подрастающего поколения. В статье выражены основные вопросы и пути совершенствования нравственного воспитания на современном этапе.
БЕРКУТОВА АЛИЯ МЕЙРАМГАЛИЕВНА
өзін-өзі тану мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
The article deals with necessity improving of moral education in children and teenagers. The article is given the main problems and ways to realize perfection of moral education.
ОҚУШЫ БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ДАРЫТУ ЖОЛДАРЫ
Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген, мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлімтәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз- мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол- ұзақ жылдың жемісі. Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық( қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т. б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады. Оқу мен тәрбие тығыз байланысты.
Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам- ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдің негізгі міндеті- адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл- Фараби, Ыбырай, Абай, т. б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби " Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады " деген. Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы- мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамасаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. Абайдың қоятын екінші талабы- тұрақтылық, " Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын " дейді. Үшінші талабы- әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті- дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді( төртінші қара сөзі). Қазақ халқы- мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі
57